Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі Физика және астрономия пәнінен


Физика пәнінен бақылау жұмысын критерий арқылы бағалау



бет5/35
Дата14.05.2022
өлшемі4,97 Mb.
#143332
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
0003fb31-f50f0eb6

Физика пәнінен бақылау жұмысын критерий арқылы бағалау


Критерий

Білім жетістігінің деңгейі




Дескриптор

А

0-5


0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаса

2

Оқушы формуланы жаза алмай қателессе

5

Оқушы есепті толықтай дұрыс шығарса

В

0-5


0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаса

2

Оқушы есепті шешуде қателіктер жіберсе

5

Оқушы есепті толықтай, дұрыс шешсе

С

0-5


0

Оқушы есепті шешуге ешқандай жұмыстанбаса







2

Оқушы формуланы жаза алмай қателессе







5

Оқушы есепті толықтай дұрыс шығарса

Физика және астрономия 7-сынып.


I-тоқсандық бақылау жұмысы.


I тарау. Физика – табиғат туралы ғылым. II тарау. Заттың құрылысы.
III тарау.Қозғалыс.
Жалпы тарауға шолу.

Табиғат құбылыстары-табиғаттағы кез келген өзгерістер. Физика-табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым және оқу пәні. Астрономия-аспан денелерінде және олардың жүйелерінде өтетін құбылысты зеттейтін ғылым және оқу пәні.Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері:


1) бақылау;
2) эксперимент (тәжірибе);
3) теориялық әдіс;
Физикалық шама-физикалық нысанды немесе құбылысты сипаттайтын өлшем бірлігі бар сан мәні.Атом-химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтайтын оның ең кіші бөлшегі.
Молекула-заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтайтын оның ең кіші бөлшегі.
Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары:
1) барлық денелер молекулалардан (атомдардан) тұрады;
2) молекулалар үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады;
3) молекулалардың (атомдардың) арасында тартылыс күші және тебу күші әрекет етеді.
Диффузия-бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық бос орындарына өзара өтуі.Заттың күйлері-газ тәрізді, сұйық және қатты түрлері.
Механикалық қозғалыс-дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі.Орын ауыстыру-қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді. Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі, яғни бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығын есептегендегі амал қолданылады.

Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр м/с алынады.


Қозғалыс теңдеуі: х=x0+υt. Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің координатасы уақыттың сызықтық функциясы болып табылады.
Дене координатасының уақытқа тәуелділігі графигін дененің қозғалыс траекториясымен шатастыруға болмайды.
Тақырыптар:
Физика- табиғат туралы ғылым. Физикалық ұғымдар. Физикалық шама. Атомдар мен молекулалар. Молекулалар қозғалысы. Диффузия. Заттың күйлері. Механикалық қозғалыс.
Мақсаты:
Оқушылардың молекула және олардың қозғалысы, заттың үш күйде болуы және механикалық қозғалыстар туралы білімдерін тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет