I- нұсқа А.Газдың көлемі 0,3 м³-тен 650 л-ге дейін ұлғайғанда 450 Дж жұмыс жасалған. Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы қандай?
В.ПӘК-і 40 % жылу қозғалтқышы газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алған. Қозғалтқыштың жасаған жұмысы неге тең? Қанша жылу мөлшері жоғалған?
С. Сұйық диэлектриктегі 4 нКл зарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің кернеулігі 20 кВ/м. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?
II- нұсқа А. Көлемі 20 л, қысымы 80 кПа-ға тең газ ұлғайғанда, 496 Дж жұмыс жасалған. Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.
В. ПӘК-і 35 % жылу қозғалтқышы 1 с ішінде 12 кДж энергияны босқа жоғалтқан. Оның қыздырғыштан алған жылу мөлшерін анықтаңдар.
С. 1мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен біріне-бірі қандай қашықтықтан әсер етеді?