Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жобб мектеп Экология оқу- әдістемелік құрал



бет1/3
Дата09.01.2022
өлшемі35,88 Kb.
#110437
  1   2   3
Байланысты:
00068020-3fb6ab5c
537069.pptx, 537069.pptx, "Театр" үйірмесінің күнтізбелік жоспары

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектеп


Экология

оқу- әдістемелік құрал

(жоғары санатты география пәні мұғалімі

Абдрахманова К.С. іс- тәжірибесінен)




2015-2016 оқу жылы

Құрастырған: Абдрахманова К. С. Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектептің география пәнінің мұғалімі.

Пікір жазған: Бирниязова А.А . Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектептің биология пәнінің мұғалімі.

Оқу - әдістемелік құралға экология курсы бойынша тест тапсырмаларының 10 нұсқасы енгізілген. Оқу әдістемелік құрал оқушылардың география, биология, эколкгия пәндерінен алған білімдерін тексеру мен бағалауға және экологиялық олимпиадаға дайындалуына көмек ретінде ұсынылады. Мектеп мұғалімдері тест жинағын оқу барысында оқушы білімін бақылауға пайдалана алады.



Түсінік хат

Экологиялық жағдай бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін күрделі мәселелердің бірі. Экологиялық проблемалары қазіргі әлемде аумақты орын алып отыр. Жер шарында экологиялық жағдай қатты шиеленіскен қалыпта көптеген аймақтарда тұрғындардың әсіресе балалардың денсаулығына қауіп төніп отыр, ерекше экологиялық қолайсыз зоналардың аумағы кеңейіп барады.

Мектеп түлектерінің жалпы географиялық және экологиялық біліктілігі- адам-табиғат- шаруашылық-қоршаған орта жүйесіндегі байланыстар мен әрекеттерді танып, білуге негіз болып табылады. Осыған орай, оқушылардың география, биология, химия және экология пәндері сабақтарында экологиялық тақырыптағы білімді игеру дәрежесін тексеру мен бағалау мақсатында экологиядан тест тапсырмаларының жинағы құрастырылды.
Тест тапсырмаларының жинағын құрастырудың мақсаты оқушыларға « адам- қоғам- табиғат» арасындағы күрделі қатынастар негізінде экологиялық білім беру.

Экологиядан тест тапсырмаларының жинағы жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы экологиялық мәселелерді шешуге деген қызығушылықты арттыру мақсатында жыл сайын өткізіліп отырған экологиялық олимпиадаға  дайындалуға көмекке келеді.

Тест тапсырмаларының жинағының міндеті:

оқушылардың бойында жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықтарын дамыту,

ғылыми- зерттеу қызметі дағдысын қалыптастыру;

экологиялық білімді насихаттау;

табиғатты сақтау қарым - қатынасына негізделген патриоттық сезімге тәрбиелеу;

оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту;

болашақта эколог мамандығын таңдауға бағыт беру;

оқушыларды өз беттерінше ізденуге баулу, есте сақтау, салыстыра ойлау және көз алдына елестету қабілетін дамыту;

Экология пәні бойынша ұсынылып отырған тест тапсырмаларының мазмұны оқушылардың жер ғаламшары, биосферасы, жер бетіндегі адамзат және табиғат туралы білімдерін, табиғи бірлестіктер мен экожүйелер, адамзаттың ғаламдық проблемалары туралы білімдерін тексереді. Оқу әдістемелік құралдың тест тапсырмаларының 10 нұсқасынан тұрады. Тест тапсырмалары 5 жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауды ұсынады.

Экологиядан тест тапсырмалары үш қиындық деңгейдегі сұрақтардан тұрады. Жауаптын дұрыстығын тексеру үшін оқу-әдістемелік құралдың соңында берілген дұрыс жауап кілттерін пайдалануға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет