Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары



Дата15.03.2022
өлшемі17,26 Kb.
#135492
Байланысты:
Биосфера


Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера  шекаралары. Биосфера — тірі организмдердің осы уақыттағы немесе өткен уақыттағы әрекетінен пайда болған Жер қабықшасы. Қазіргі уақытта тірі организмдер кездесетін биосфераның бөлігі қазіргі заман биосферасы деп аталады.
Биосфера термині алғаш рет 1875 жылы аустриялық геолог Э. Зюсс өз еңбегінде, жер бетін қаптайтын жұқа қабықты сипаттау үшін қолданылған. Кейінірек орыс ғалымы В.И. Вернад­ский біздің планетаның ғаламдық жүйесін сипаттау үшін қолданған болатын. Ол өз еңбегінде, «Тірі зат», бүкіл биосфераның ішіне өтіп, оны қайта құрады», — деп жазған. Биосфе­ра үш фазада: сұйық, қатты және газ заттар арқылы бөлімдердің беткейлері арасында өтеді, күн сәулесінің күшті радиациясы салдарынан зат пен энергия арасындағы белсенді зат алмасу жүреді, ол тіршіліктің пайда болуына және ары қарай дамуына бастама береді. Биосфера литосфераның жоғары қабатын, гидросфера,тропосфера және стратосфераның төменгі қабаттарынан тұрады.
Биосфера шекаралары организмдер тіршілігі үшін қажетті жағдайлармен сипатталады. Биосфераның жоғары шекарасы 20-25 км биіктікте орналасатын озон қабатынан пай­да болады. Озон қабатынан жоғары күннің қатал ультракүлгін сәулелері — барлық тіршілікке қолайсыз орта.
Биосфераның төменгі литосфера бөлігі 3 км-ге дейінгі тереңдікті қамтиды. Тіршіліктің одан әрі тереңдікке енуіне жер қабаттарының қатты қабаттары кедергі болады.
Тірі заттың биосферадағы қызметі
Тірі зат (тірі организмдер жиынтығы) биосферадағы барлық заттың 0,01-0,02%-ын құрайды. Бірақ ферменттермен катализдейтін химиялық реакциялардың жоғарғы жылдамдығына байланысты тірі зат географиялық процестер мен жер қыртысын құруда үлкен роль атқарады. Қоршаған ортадан энергияны қозу арқылы тірі организмдер маңызды био- геохимиялық функцияларды атқа­рады: энергетикалық, концентрациялық, газдық, тотығу-тотықсыздану және т.б.
Энергетикалық функция — күн сәулесін сіңіруші өсімдіктердің, органикалық қосылыстардың есебінен химиялық энергияға айналуы салдарынан жүреді.
Концентрациялық функция қоршаған ортада таралған химиялық элементтерді тірі организмдердің денесінде жинақталуы. Осының салдарынан кейбір элементтер клетка құрамында бірнеше жүздеген мөл- шерге артуы мүмкін. Мысалы, микроорганизмдер клеткаларында





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет