Күні :
Сабақ №
Сынып: 9 А.
Пәні: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» концентрациялық лагерлер.
Сабақтың мақсаты :
XX ғасырда біздің қазақтай көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер
Оқушыларға халқының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету. Оқушылардың Отанға, елге, туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.
Сабақтың көрнекілігі:
Техникалық құралдар – компьютер, бейнетаспалар, әдеби шығармалар, деректер.
Пәнаралық байланыс : Қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы.
Сабақтың түрі: Конференция.
Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа әзірлеу. Сынып оқушыларын үш ғылыми орталыққа бөлу бойынша жұмыс жүргізу.
Үй жұмысын сұрау:
Сатылай кешенді талдау:
«Өлкетану» ғылыми орталығы :
1. «Әскери коммунизм» саясатының енгізілу мәні және салдары.
Экономикалық әдістерге жатпайтын, күштеуге, тонаушылық мәжбүрлеуге негізделген
төтенше экономикалық саясат.
1919 жылғы қаңтар. Азық – түлік салғырты енгізілді.
Барлық артық өнімдер тартып алынды.
Жеке саудаға тыйым салынды.
Ұсақ,орта, ірі кәсіпорындар мемлекет меншігіне өтті.
Астық саудасына мемлекеттік монополия енгізілді.
Жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілді, еңбек армиялары құрылды.
Ақшалай жалақы жойылды, орнына карточкалық «паек берілді».
«Тарих» ғылыми орталығы :
2. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
РКП(б) – ның 10 сьезі 1921 жыл. наурыз.
Азық – түлік салығы енгізілді.
Жеке саудаға, жеке меншік кәсіпорындар құруға рұқсат берілді.
Еңбек міндеткерлігі жойылды, ебек армиялары таратылды.
Жерді жалға алуға, жалға беруге, жалдамалы еңбекті қолдануға рұқсат етілді.
Кәсіпорындар шаруашылық есепке көшті.
«Ақиқат» ғылыми орталығы :
3. «Әскер коммунизм» саясатының салдары мен ЖЭС – тің табыстарын саралай отырып кесте толтыру.
«Әскери коммунизм»саясатының салдары
|
ЖЭС саясатының табыстары.
|
Басқарудың шамадан тыс орталықтан-дырылуы,бюрократизмге жол ашты, төтенше шаралар қолданды.
|
Елді дағдарыстан, аштық жағдайынан алып шықты
|
Ауыл шаруашылығының аса ауыр жағдайы, егістік жер көлемі азайды.
|
Нарықтық қатынастарға көшу, ақша айна- лысын ретке келтіру басталды.
|
Мал басы кеміді ( малдың барлық түрлерінің
саны 10,5 млн – ға кеміді )
|
1922 – 1924 ж.ж. ақша реформасы жүргізілді.
|
Аштықтың етек алуы, халықтың жаппай пана іздеп кетуі. 1 млн адам аштықтан, суықтан өлді.
|
1925 ж. 92 млн пұт астық жиналды.
|
Жер – жерде бүліктер мен көтерілістердің шығуы.
|
Өнеркәсіп орындарының 60 % іске қосылды.
|
Өндірісті анархия жайлады.
|
Сауда кең құлаш жайды, 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс жасады.
|
|
Темір жолдардың жаңа тармақтары іске қосылды.
|
Үй жұмысын бекіту: «Әскери коммунизм» саясатының орынын ЖЭС ығыстыруы шаруашылықты жүргізудің еркін экономикалық тәсілі болғанымен, басқарудың әміршіл – әкімшіл тәсілін одан әрі үдетіп, өзі және оның жақтастары шектеусіз жеңіске жеткен шақта, ЖЭС-тің соңғы сәті туды.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспары:
1. Сталинизмнің орнығуы. Жазалау шараларының күшеюі.
2. Қазақстандағы тоталитаризмнің көріністері.
3.Қазақстан лагерлер өлкесі.
4. Зұлматты жылдар сұмдықтары.
Ендеше жоғарыдағы ғылыми орталықтар жұмыс жасайтын болады.
«Ғылыми зерттеулерге жол ашық». Әр ғылыми орталық алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өз зерттеулерін талдап, қорытындылайды.
Шарты – тақырыптың айқындылығы, нақтылығы ескеріледі.Сөз байлығы, тіл шеберлігі,тірек – сызбалар арқылы қорғау.
«Өлкетану» ғылыми орталығының зерттеушілері.
Тапсырмасы: Қазақстандағы тотолитаризмнің көрінісіне сипаттама беру.
«Тарих» ғылыми орталығының зерттеушілері.
Тапсырмасы : Қазақстандағы 1930 жылдың бас кезіндегі лагерлер жүйесіне сипаттама беру.
«Ақиқат» ғылыми орталығының зерттеушілері.
Тапсырмасы: 1937-1938 жылдардағы сталиндік қуғын – сүргіннің ақиқат зардаптарына сипаттама беру.
20-40 ж.КСРО-да сталинизмнің орнығуы, социализмнің тоталитарлық сипаты
Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс құрал-жабдықта-на қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді
Бюрократиялық орталық нығай-тып, республикалар іс – жүзінде толық егемендік алмады.
Республикалар- дың заң шығару бастамасы болмады.
нәтижесінде
Жазалау органдарының қызметі күшейтілді.
Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі
Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары ісжүзіне асырылды.
«Өлкетану» ғылыми орталығы зерттеушілері :
Әкімшіл – әміршілдік басқару жүйесінде жаппай қуғындау саясатын жүргізген саяси тұлғалар еді.КСРО халқына қарсы қанды террорды мемлекет саясатына айналдырғандарға тоқталайық. И.В.Сталин, Ф.И.Голощекин.
«Ақиқат» ғылыми орталығы зерттеушілері Сталиндік қуғын – сүргін – «геноцид саясаты» басталуына түсінік.Сталиндік қуғын – сүргін – кезеңдерін топтастыру :
1 – кезең – 1929 – 1933 ж.ж.
2 – кезең – 1937 – 1938 ж.ж.
3 – кезең – 1947 – 1953 ж.ж.
«Тарих» ғылыми орталығының зерттеушілері:Қанды террордың соңы немен аяқталды деген сауал қойсақ .. Назар аударайық бейне таспа
«Алжир», «Қарлаг» лерлеріне тоқталу.
Зұлматты жылдар сұмдықтары:
1938 ж.25 ақпан мен 13 наурызға дейінгі аралықты 631 адам тек Алматыда ғана атылған, оның 70-75% қазақ зиялысы. Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 адамды атып отырған
Қызыл терроршылардың қазақтарға қарсы қолданылған жазалау тәсілдері
-адамды жалаңаш тастап, денеге ыстық май құю;
- бас пендененіңтерісінсыпырту;
-тырнақтың астына шеге қағу;
-қызған көмірдің үстімен жүгірту;
-бірнеше күн бойына түрегеп тұрған күйде ұйқысыз қалдыру;
- жалаңаш күйде сым қамшымен сабау;
-елін,жерін қорғаған аға – апаларымызға осы тектес
125 түрлі жазаны қолданған
1989 ж. Академик М.Қозыбаевтың төрағалық етуімен «Әділет қоғамы»қазақтың маңдай алды азаматтарының жерленген жерін тапты.Алматыдан 35 км жердегі Талғар ауданында 2500 адам қайтыс болған.Солардың 499-ның есімдері анықталған.
-1938ж.25 ақпан Алматыдағы НКВД түрмесінде 19 азаматты атып, жасырын түрде Боралдайдағы Қандысайға жерлеген.
Жаңа сабақты бекіту :
Әр ғылыми орталыққа үлестірмелі топтамалар арқылы шығармашылық тапсырмалар таратылып жауаптары талқыланады.
«Өлкетану» ғылыми орталығы : «Жазықты ма ағалар ? » өлең шумағын оқу.
«Тарих» ғылыми орталығы: 10 баламалы тест сұрағымен жұмыс.
1. 1930 ж. 4 сәуірде кімді атуға үкім шығарылды ?
А) Ж.Аймауытов ә) М.Жұмабаев б) А.Байтұрсынов в) М.Дулатов.
2.Сталиндік жендеттердің қолынан қаза болған, қазақтың тарих мектебінің негін салушы
А) Е.Бекмаханов ә) Ә.Марғұлан б) М.Шоқай. в) С.Асфендияров
3. Қазақстаннан қанша адам ГУЛАГ түрмелеріне жабылып, атылды ?
А) 22 мың. ә)25 мың б) 27 мың в) 39 мың.
4. XX ғ. 30 жылдары тоталитарлық казармалық жүйені енгізген қайраткер кім ?
А) Ф.И.Голощекин ә) И.В.Сталин. б)Н.С. Хрущев. в) Н.И. Ежов
5. «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теорияның салдары:
А) жазалау шараларын енгізді.
ә) «Халық жауларын» жаппай жазалау басталды.
б) жеке адам құқығы аяққа тапталды.
в) барлығы дұрыс.
«Ақиқат» ғылыми орталығы :ГУЛАГ пен КСРО түрмелеріндегі қамауда отырғандар жайлы
статистикалық дерекпен жұмыс.
Қорытындылау :
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,
Сталиндік тозақтарда жанғандар.
Ахметтер,Жүсіпбектер,Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбеттер Мағжандар
1920-1940 ж.ж. халқымыздың бастан кештен қаралы тарихының бір кезеңі. Ол тарихта мәңгі қалып, ұрпақ есінде ешқашан ұмытылмайды.
1997 ж. қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31 – мамыр
қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.
Оқушы білімін бағалау :Күнделікке баға қою
Үйге тапсырма: 21 – 22 тақырыпты оқу, мазмұндау, 2 проблемалық сұрақ дайындау.
М.П.Русаков атындағы мектеп – интернат
Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзету» концентрациялық лагерлер.
( ашық сабақ )
Сынып : 9А
Пәні: Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі: Нукербекова Қ.И
19 қараша 2014 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |