Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Өркен» қосымша білім беру орталығы


Қазақстан Республикасы Президенті атынан Жаңа жылдық шыршасы



бет15/18
Дата15.09.2017
өлшемі4,7 Mb.
#32458
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Қазақстан Республикасы Президенті атынан Жаңа жылдық шыршасы

25-26 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президенті атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша шеңберінде жоспарланған шаралар өтті. Шыршаға оқуда, шығармашылықта, спортта және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен оқушылар қатарынан 9 бен 13 жас аралығындағы 180 бала қатысты. Жаңа жылдық шыршаға қатысушылардың басым бөлігі аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, қалғаны жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндігі шектеулі соның ішінде мүгедек балалар санатынан. Оқушылардың жалпы санынан 126-сы ауылдық жерлердің балалары, олар облыс орталығына 25 желтоқсанда келді. Балалар «Айдана» қонақ үйіне орналастырылды. Сол күннің кешінде «Довольный слон» агенттігінің «Аппақ қарлар» қағазды шоу, ойын – сауық бағдарламасы өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шырша әрбір облыс орталығында бір мезгілде 26 желтоқсан күні «Экспо-ның Жаңа жылдық алауы!» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Шырша облыстық қазақ драма театрында өтті. Оқушыларды мерекелік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейне құттықтауын тыңдады. Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шыршаға облыс әкімі А.С.Көлгінов қатысып, Елбасының атынан оқушыларға сыйлықтар  табыстады. 26 желтоқсан күні шыршаға қатысушылар үшін «Айдана» мейрамханасында мерекелік түскі ас, «Funky Town» орталығына аттракциондарға бару және облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығымен сауықтыру бағдарламасы және би кеші ұйымдастырылды.

Шараны өткізуге облыстық бюджеттен 15 700 000 теңге қаражат бөлінді. Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шыршаға қатысушының әрқайсысына сыйлық берілді, соның ішінде қысқы сырт киім, қысқы аяқ киім, бас киім, шарф, спорттық костюм, спорттық аяқ киім, қолғап, тәтті сыйлық. Сыйлықтың жалпы құны 80 000 теңге құрады.

Шара жоғары деңгейде өтті, қатысушы балалар жақсы әсер алды. Шыршаны ұйымдастыруда «Өркен» қосымша білім беру орталығының жас көшбасшылары белсенді атсалысты.



Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет