Ж.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
(11 сынып негізінде)
2 - НҰСҚА
Назар аударыңыз!
Сұрақ кітапшасы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика тестілерінен тұрады.
Тест сынағына берілетін уақыт – 135 минут (2 сағат 15 минут).
Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.
Жауап парағында көрсетілген сұрақтар бойынша:
өзің туралы мәліметті толтыр;
емтихан тапсыру тілін таңдап,сәйкес дөңгелекшені боя;
парақшаның оң жақ жоғары бөлігіне қол таңбаңды түсір;
тапсырма вариантына сәйкес дөңгелекшені боя;
жауап беретін пәндеріңнің атын жаз;
жауап беруді кез келген пәннен бастауға болады;
тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.
таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіле.
Сұрақ кітапшасын бояп, жазуға болмайды;
Тест сынағы біткен соң, сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.
Емтихан кезінде
Тыйым салынады:
аудиториядан рұқсатсыз шығуға;
орын ауыстыруға;
емтихан материалдарын ауыстыруға, көшіруге;
ақпараттық мәліметтер, калькуляторлар, ұялы телефондар және басқа да байланыс құралдарын қолдануға;
сұрақ кітапшасын бояуға, сызуға.
Ескерту:
Тестілеу уақытында талапкерден ұялы телефон, шпаргалка және мүмкін болатын дұрыс жауаптар коды табылған жағдайда, колледж әкімшілігі, қабылдау комиссиясының төрағасы, аудитория кезекшісімен біріге отырып, талапкердің қатысуымен тәркілеу актісін жасайды. Қабылдау комиссиясы шешімімен талапкер аудиториядан шығарылып, тест нәтижесі жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |