Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Управление культуры



бет31/86
Дата06.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41874
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
16 желтоқсан
Х. БӨКЕЕВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ
ашылғанына 25 жыл (1993)

Театр 1993 жылы 16 желтоқсан күні Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз» трагедиясымен өз шымылдығын ашты. Сол кездегі артистердің басым құралы, театрдың тарихындағы алғашқы қойылымды сахналаған бас режиссер Жамбылбек Есенбековтың, осы театрмен бірге туып, бірге жасап келе жатқан «Шойын қатын» қойылымымен өшпес қолтаңбасын қалдырған режиссер Ескен Жылқышиевтің есімдерін атау парыз.


1998 жылы театрға бес жыл толды. Бұл кезде театр өз басынан өтпелі кезеңнің өзек талдырар кемшін күндерін де, тәй-тәй басқан сәбидің алғашқы аяқ алысының әрлім-берлім жылдарын да өткізіп үлгерген еді. Бұл жыл театр өміріндегі ерекше жыл болып тарихта қалмақ. Себебі, осы жылы театр ұжымы алғаш рет VI республикалық театрлар фестиваліне қатысуға тәуекел етіп, Тараз қаласына сапар шегіп, қайтарда бас жүлде арқаланып қайтатынын білген жоқ еді.
Театр бұл жылдары ересек көрермендермен бірге жас жеткіншектер тәрбиелеуге де тұрақты мән бере бастады. Театр балалар үшін жылына 2-3 жаңа ертегі қойды.
2003 жылы ЮНЕСКО шеңберінде қас батыр, дәулескер күйші, адуынды ақын ұлы Махамбеттің 200 жылдық мерейтойы тойланып, осы қасиетті есімге арналған ХІ республикалық театрлар фестивалі өткізілді. Аталмыш өнер додасына екінші рет қатысқан ұжым І жүлдені жеңіп алды.
Театр 2008 жылы Ақтау қаласында өткен XVI Республикалық Қазақстан театрлары фестиваліне режиссер Мұқан Томановтың «Калигула» қойылымын апарды. Бұл дүбірлі додада «Калигула» трагедиясы «Ең үздік дебют» аталымын жеңіп алды.
Күні бүгінге дейін театрда 10-ға жуық қойылым сахналанды. Оның 30-дан астамы репертуарда жүреді.
2008 жылы театрда балаларға арналған кіші зал ашылды. Қазір театр қоржынында кішкентай көрермендерге арналған жиырмаға жуық ертегі бар.
Театрда өзінің мұражайы, жаттығу, биллиард, теннис залдары жабдықталған.
2017 жылы 24 сәуірде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімімен театрға Хадиша Бөкееваның есімі берілді.

ӘДЕБИЕТТЕР


Байғалиева К, Театр тарланына құрмет /К. Байғалиева //Жайық үні.- 2017.- 12 қаңтар (№2).- 6 б.


Бәймен Ғ, Театр қайраткерінің тойы /Ғ. Бәймен //Орал өңірі.- 2017.- 10 қаңтар (№2).- 6 б.
Елекенова А, Көрерменнің театрға деген махаббаты сейілмесе болғаны... /А. Елекенова //Театр.kz.- 2014.- №5.- 46-50 б.
Есалиева Б, Тағдыр бәрібір айналдырып, театрға алып келді: Сұхбат /Б.Есалиева //Жайык үні.- 2014.-9 қаңтар (№1).- 14 б.
Жамет С, Табиғи дарын иесі /С. Жамет //Жастар жанары.- 2014.-12 ақпан (№3).- 6-7 б.
Қабошқызы Ұ, Сойы бөлек сахна шебері /Ұ. Қабошқызы //Орал өңірі.- 2014.- 28 тамыз (№97).- 16 б.
Қабошқызы Ұ, Ұлы мәртебелі театр: жетістіктер мен мәселелер /Ұ.Қабошқызы //Орал өңірі.- 2013.- 14 қараша (№139).- 4-5 б.
Нұрғожаева Ж., Шарлаған жолым жатыр жер бетінде /Ж. Нұрғожаева //Парасат жолы.- Алматы: "Фирма Орнак", 2014.- 83-84 б.
Нықмұқанова А, Тәуелсіздік таңын тудырған театр /А. Нықмұқанова //Дана.- 2013.-№9.- 34-35 б.
Төлеуішев Қ, Артист деген халық та бір бала секілді /Қ. Төлеуішев //Театр.kz.- 2014.-шілде (№7).- 32-41 б.
Төлеуішев Қ, Батыс театрға актер шеберлігін көруге, біз қызық үшін барамыз /Қ.Төлеуішев //Қазақ әдебиеті.- 2011.- 25 ақпан (№8).
Тылахметова А, Батыс Қазақстан аймағындағы театрлардың форум-фестивалі /А.Тылахметова //Театр.kz.- 2013.- қараша (№11).- 6-12 б.
Шүйіншәлиева М, Македониядан мерейлі оралды /М. Шүйіншәлиева //Жайық үні Жизнь города.- 2016.- 29 қыркүйек (№39).- 11 б.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет