БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕСШІ
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
ашылғанына 25 жыл (1993)
1993 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Батыс Қазақстан кеңесші диагностикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК–еліміздің медициналық диагностика саласындағы озық мекемелер қатарында.
Аталмыш диагностикалық орталық 1994 жылы наурыз айында ашылды. Орталықтың негізгі қызметі - әр түрлі ауруларға қарсы көпбейінді диагностика жасау. Мұнда облыс және қала халқына медициналық қызметтің кең түрі көрсетіліп, кеңес беріледі. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда орталық қызметкерлері аянбай қызмет етуде.
Орталық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып отырады, сонымен қатар орталық мамандарының біліктілігін арттыруға да әрдайым көңіл бөлініп отырады. Басқарманың жолдамасы бойынша орталықтың бірнеше маманы алыс-жақын шетелден дайындықтан өтіп келді.
Басқарма басшыларының көмегі арқылы орталықтағы УЗИ дәрігері Н. Саморока Израильдің Тель-Авив қаласына барып, акушерлік және гинекологиядағы ультрадыбыстық диагностика мамандығы бойынша біліктілігін арттырып қайтты. Ә.Ташкенбаева Барнаулдағы Алтай университетінде қан тамырларын ультрадыбыстық зерттеу бойынша 3 апталық дайындықтан өтіп келді. Н. Ермолина көршілес Самара қаласынан жүректі эхокардиография жасау мәселесінде білімін жетілдіру курсында оқып жатыр. Ал, орта буынды медицина мамандары Орал медколледжінде білім жетілдіру курсынан өтуде. Мұның барлығы облыстағы денсаулық саласы басшыларының оң көзқарасының айғағы деп білген жөн.
2012 жылдан бастап орталықта күндізгі стационар ашылып, ақылы қызмет аясында науқастарға, ересектер мен балаларға медициналық көмектің барлық түрі көрсетіледі.
Диагностикалық орталықта халықаралық қарттар күніне, Халықаралық балалар күніне орай «ашық есік» күндері өткізіледі. Қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, орталыққа келушілермен арада тығыз қарым-қатынас, сенімділік орнату үшін ай сайын қаралушылар арасында сауалнама өткізіліп, науқастардың пікірі ескеріледі. Орталық жанынан құрылған медициналық көмек сапасын басқару қызметі науқастардың арыз-шағымын мұқият тексеріп, тиісті шара қолданып отырады.
ӘДЕБИЕТТЕР
Құттымұратұлы, Қ. Оралдағы озық орталық /Қ. Құттымұратұлы //Заң газеті.-2012.-5 маусым (№80).- Б.4.
Өтебәлі А, Аймақтағы айрықша орталық /А. Өтебәлі //Орал өңірі.- 2012.-23 тамыз.-(№99).- 12 б.
Ықылас, М. Алғыс арқалаған орталық /М. Ықылас //Орал өңірі.- 2008.-20 қыркүйек (№108).
Достарыңызбен бөлісу: |