Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Хамза Есенжанов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасы Управление культуры



бет39/86
Дата06.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41874
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86
ГАГАРИН АТЫНДАҒЫ КИНОТЕАТР
Гагарин есімі берілгеніне 50 жыл (1968)

Ғимарат 1893 жылы салынған. Ғимараттың бірінші қабатында 1905 жылы «Знание и сила» дүкені ашылған. Бұл Орал қаласындағы алғашқы кітап дүкені болды. Кітаптан басқа дүкенде кеңсе тауарлары да сатылды. ХХ ғасырдың бірінші онжылдығында бірінші қабатта Орал қаласында алғаш рет кинотеатр ашылды. Бұл кинотеатр қазіргі кезде де жұмыс жасап тұр, қазір ол Гагарин атындағы кинотеатр ретінде белгілі. Ғимараттың 2-ші қабатында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы орналасқан.


Ғимарат екі қабаттан тұрады, сырты кірпішпен қаланған.
Ғимарат жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорғауға алынған, тарихи және архитектуралық ескерткіш болып саналады.
Гагарин кинотеатры Орал қаласындағы мәдени орындардың бірі болып саналады. Ол 1893 жылы генерал-лейтенант Л.Л. Аничхин салдырған көне үйге орналасқан. 1968 жылдан бастап ғарышкер Ю. Гагариннің есімі берілді.
1999 жылдың 16 қарашасынан бастап Гагарин атындағы кинотеатр мәдени-ағарту бірлестігіне беріліп, №7 мәдени-ағарту бірлестігінің филиалы деп аталып келеді.
Филиалдың негізгі атқаратын қызметі тек кино көрсету емес, сонымен қатар үйірмелік жұмыстар да жүргізіледі.
ӘДЕБИЕТТЕР

Гагарин кинотеатры. Энциклопедия .-Алматы: Арыс, 2002.- 216 б






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет