Егер патологиялық процеске ұшыраған ошақтардың көлемі ұсақ, микроскопиялық болса, тыртықтар да ұсақ болады. Мұндайда бауырдың беті сипағанда тегіс. Егерде некроздалған ошақтар ірілеу болса, бауырдың беті бұдырланып, жүзімнің сағына ұқсайды.

Фиброздың және аномальді түйіндердің даму жылдамдығы негізгі аурудың түріне тәуелді. Вирусты, алкогольді гепатиттерде бұл процесс тез жүреді, ал гемохроматозда, өт жолдарының обструкциясында паренхиманың қүрылымы оншалықты өзгермейді, түйіндер кеш дамиды.
Сонымен бауыр циррозында келесі тізбекті процесс қалыптасады: некроз -> регенерация -> тамыр жүйесінің бұрыс түрде қайта ңұрыяуы -> паренхиманың ишемиясы, некрозы -> портальдік гипертензия, бауыр шамасыздығы.

Бауырдағы түйіндердің көлеміне қарай бауыр циррозының микронодулярлық, макронодулярлық, аралас және толық емес септалық түрлерін айырады.
Микронодулярлық циррозда бауырдың бетінде ұсақ, диаметрі 1-3 мм біркелкі тегіс жайылған түйіндер болады. Түйіндер, қалыңдығы 2 мм шамасындағы фиброздық қалқалармен қоршалып қапталған.
Фиброздық қалқалар бауыр бөлшектерін ұсақ, көлемі шамамен тең, псевдобөлшекгерге бөліп тастаған. Әр псевдобөлшек бір бөлшектің бөлігі болып табылады.
Цирроздың бұл түрінде бауыр ұлғаймайды немесе болмашы ұлғаяды, беті тегіс. Микронодулярлық вариант бауыр циррозының ертелеу сатысы деген де пікір бар. Микронодулярлық цирроз алкоголизмге, гемохроматозға төн.
Макронодулярлық циррозда бауыр бетіндегі түйіндер ірі, диаметрі 3 мм артық, кейде 5 см болады. Бауырдың беті бұдыр, оның көрінісін кейде жүзімнің сағына ұқсатады.