Компенсация фазасының көрінісі. Портальдік гипертензияда, тамырлар аса керілген кезде іш жайылма ауырады. Қысым биіктеген сайын ауырсыну да күшейе түседі, ал портальдік гипертензияның криздері кезінде іш едәуір өтпелі ауырады.
Компенсация фазасында, кризден тыс кезде, портальды гипертензияның белгілері байқалмайды. Оқта-текте, криз кезінде ғана, метеоризм, газдың ішекте сіңбеуінен іштің керілу сезімі, жүрек айнуы, іштің өтуі, эпигастрий аймағының жайылма ауырсынуы байқалады. Криз кезінде жасаған УДЗ-де қақпа венасының қалыптының жоғарғы деңгейіне дейін немесе одан 1-2 мм артық кеңуі жөне талақтың сәл ұлғаюы анықталады. Кризден тыс уақытта бұл белгілер жойылады.
Декомпенсация фазасының көрінісі. Аталған белгілермен бірге спленомегалия, гиперспленизм, асцит, ісіну - асциттік синдром, "медуза басы" пайда болады. Бірқатар науқастарда кіндік венасының қайта ашылуынан кіндіктің тұсында және эпигастрий аймағында "дию" шуы естіледі, яғни Крювелье-Баумгартен синдромы пайда болады. Эндоскопиялық зерттеуде өңеш веналарының варикозды кеңеюі анықталады.
Портальдік гипертензияның асқынулары.
Портальдік гипертензияның асқынулары.
Портальдік криз — қақпа венасында қан қысымының күрт жоғарылауы. Бұл іш қуысы қысымының әр түрлі себептерден биіктеуінен болады: қақпа венасының асцитпен басылуы, жүкті көтеру, құрсақ қабырғасына күш салатын дене жаттығулары, ұзақ жөтелу, катехоламиндердің бөлінуі, мөселен, толқыған кезде.
Өңеш веналарынан қан кету. Қанның бірінші кетуінен-ақ науқастардың 60% қаза табады. Қан кетудің мөлшері әр түрлі. Кеткен қан құсықпен неғұрлым көп бөлінсе, соғұрлым қанның ішекте шіруінен болатын интоксикация жеңілдеу болады. Веналық қысым төмендегенде қан кету өз-өзінен тоқтауы көдік. Өңештен басқа қан ішектен (мезентериялық веналардың кеңуінен) немесе геморроидальдік веналардан кетуі мүмкін.
3. Гепатореналъдік синдром (бүйрек ишемиясының және гиповолемияның салдарынан болатын). Керінісіне олигурия, азотемия тән. Қан кетудің ауыр түрінде бүйректің қайтымсыз шамасыздығына әкелетін кортикальдік некроз дамуы мүмкін.