4.Вирусты циррозға қарағанда портальдік гипертензияның, асциттің ертелеу болуы және спленомегалияның болмауы немесе кеш дамуы. Қанда IGА мен ү-глютамилтранспептидазаның калыптыдан 1,5-2 есе биіктеуі. ү-ГТП көбеюі алкоголизм маркерінің бірі. Бүдаң басқа қанда ацетальдегидтің және ацетальдегид пен дофаминнің қосындысы — сальсолиннің көбеюі тән. Бауыр биоптатында болатын белгілер: бауыр бөлшегінің ортасында "Маллори денешіктері" аталатын алкогольдік гиалиннің жинақтары; гепатоциттердің майлы дистрофиясы; гепатоциттердің нейтрофилдік лейкоциттермен қоршалуы; портальдік тракттардың оншалықты бұзылмауы.

7.Ішімдікті тоқтатқанда патологиялық процестің беті біршама қайтуы және содан кейін бір күйде сақталуы. Алкогольді тоқтатпаса — бауыр циррозының үнемі өрбуі.
Бауырдың кардиальдік циррозы (фиброзы).Оның дамуы үлкен шеңбердегі веналық іркілістен болады. Патогенездік тізбектің негізгі буындары:
• орталық веналардың, бөліктің орталық аймақтарының қанға аса толуы;
іркіліске байланысты бауыр бөліктерінің ортаңғы аймақтарының алокальді гипоксиясы;
гипоксиядан гепатоциттердің атрофияға, дистрофия мен некрозға ұшырауы;
некроз бен гипоксияға үшыраған аймақтарда коллагеннің, фиброздың дамуы.
Ұзақтан келе жатқан жүрек шамасыздығында бауырдың іркіліске байланысты үлғаюын кардиальдік фиброздан айыру қажет, өсіресе асцитті ісіну синдромы болғанда.
Екіншілік биллиарлық цирроз. Оның дамуына алып келетін себептер:
холелитиаз;
бауырдан тыс өт түтіктерінің туа кемістіктері (атрезия, гипоплазия);
өт жолдарының операцияға байланысты тарылуы;
өт түтіктерін қысатын қатерлі немесе қатерсіз ісіктер (Фатер емізігінің, ұйқыбездің);
өрлеуші ірінді холангит; біріншілік склероздаушы холангит.
Біріншілік склероздаушы холангиттің клиникалық көрінісінің жетекші синдромы - холестаздық. Оның ББЦ-дан айырмашылықтары: холангитке байланысты дене қызуының оқта-текте 39-40°С көтерілуі, сол кездерде науқастың қалтырап, ағыл-тегіл терлеуі;