4.Вирусты циррозға қарағанда портальдік гипертензияның, асциттің ертелеу болуы және спленомегалияның болмауы немесе кеш дамуы. Қанда IGА мен ү-глютамилтранспептидазаның калыптыдан 1,5-2 есе биіктеуі. ү-ГТП көбеюі алкоголизм маркерінің бірі. Бүдаң басқа қанда ацетальдегидтің және ацетальдегид пен дофаминнің қосындысы — сальсолиннің көбеюі тән. Бауыр биоптатында болатын белгілер: бауыр бөлшегінің ортасында "Маллори денешіктері" аталатын алкогольдік гиалиннің жинақтары; гепатоциттердің майлы дистрофиясы; гепатоциттердің нейтрофилдік лейкоциттермен қоршалуы; портальдік тракттардың оншалықты бұзылмауы. - 4.Вирусты циррозға қарағанда портальдік гипертензияның, асциттің ертелеу болуы және спленомегалияның болмауы немесе кеш дамуы. Қанда IGА мен ү-глютамилтранспептидазаның калыптыдан 1,5-2 есе биіктеуі. ү-ГТП көбеюі алкоголизм маркерінің бірі. Бүдаң басқа қанда ацетальдегидтің және ацетальдегид пен дофаминнің қосындысы — сальсолиннің көбеюі тән. Бауыр биоптатында болатын белгілер: бауыр бөлшегінің ортасында "Маллори денешіктері" аталатын алкогольдік гиалиннің жинақтары; гепатоциттердің майлы дистрофиясы; гепатоциттердің нейтрофилдік лейкоциттермен қоршалуы; портальдік тракттардың оншалықты бұзылмауы.
- 7.Ішімдікті тоқтатқанда патологиялық процестің беті біршама қайтуы және содан кейін бір күйде сақталуы. Алкогольді тоқтатпаса — бауыр циррозының үнемі өрбуі.
- Бауырдың кардиальдік циррозы (фиброзы). Оның дамуы үлкен шеңбердегі веналық іркілістен болады. Патогенездік тізбектің негізгі буындары:
- • орталық веналардың, бөліктің орталық аймақтарының қанға аса толуы;
- іркіліске байланысты бауыр бөліктерінің ортаңғы аймақтарының алокальді гипоксиясы;
- гипоксиядан гепатоциттердің атрофияға, дистрофия мен некрозға ұшырауы;
- некроз бен гипоксияға үшыраған аймақтарда коллагеннің, фиброздың дамуы.
- Ұзақтан келе жатқан жүрек шамасыздығында бауырдың іркіліске байланысты үлғаюын кардиальдік фиброздан айыру қажет, өсіресе асцитті ісіну синдромы болғанда.
- Екіншілік биллиарлық цирроз. Оның дамуына алып келетін себептер:
- холелитиаз;
- бауырдан тыс өт түтіктерінің туа кемістіктері (атрезия, гипоплазия);
- өт жолдарының операцияға байланысты тарылуы;
- өт түтіктерін қысатын қатерлі немесе қатерсіз ісіктер (Фатер емізігінің, ұйқыбездің);
- өрлеуші ірінді холангит; біріншілік склероздаушы холангит.
- Біріншілік склероздаушы холангиттің клиникалық көрінісінің жетекші синдромы - холестаздық. Оның ББЦ-дан айырмашылықтары: холангитке байланысты дене қызуының оқта-текте 39-40°С көтерілуі, сол кездерде науқастың қалтырап, ағыл-тегіл терлеуі;
Достарыңызбен бөлісу: |