4. Спонтанды бактериялық асцит-перитонит. Оның көрінісінде дене қызуының кенет көтерілуі, іштің ауыруы, асциттің тез үлғаюы, пальпацияда іш қабырғасының ауырсынуы мен қаттылығы, энцефалопатияның күшеюі байқалады.
5. Кақпа венасының тромбозы. Бұл кезде науқастың іші аса қатты ауырады, жүрегі айниды, қан құсады, асцит тез ұлғаяды және тахикардия мен гипотония пайда болады.
6. Биалиарлық циррозда өт қабында және өт түтіктерінде тас түзілуі.
Бауыр циррозында науқастың тағдырын шешетін синдромның бірі — портальдік гипертензия, екіншісі — бауыр жасушаларының шамасыздығы.