Ұйқы безі ішкі және сыртқы секрецияға қатысады. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметі 12 елі ішекке сөл бөле отырып ас қорыту жүйесінде маңызды роль атқарады. Ұйқы безі күніне сілтілі(рН 8. 3–8. 9)1500–2000 мл панкереатикалық сөл бөліп шығарады. Сөлдің құрамына келесі ферментер кіреді:трипсиноген, амилаза, липаза мальтаза, лактаза, инвертаза, ренин, сычужный фермент және өте аз мөлшерде эрепсин. Үйқы безінің ішкі секрециялық қызметі төрт гормон өндірумен сипатталады: инсулин, липокаин, глюкагон және каллнкреин(падутина). Лангерганс аралшықтары глюкагон өндіретін 20–25% А жасушаларынан, инсулин өндіретін және депода сақтайтын 75–80%В жасушаларынан тұрады. D–жасушалары самостатин, ал С жасушалары гастрин өндіреді. Сұрақтар - Ұйқы безінің пішіні қандай?
- Ұйқы безі неше беткейден тұрады?
- Ұйқы безінің ұзындығы қанша?
- Ұйқы безі қандай секрецияларға қатысады?
- Ұйқы безі күніне қанша сілтілі панкереатикалық сөл бөліп шығарады?
- Ұйқы безінің салмағы қанша?
- Ұйқы безінің құрылысы альвеолярлы ацинусты және бір бірінен қандай қабатпен бөлінген?
- Ұйқы безі қандай бөліктерден тұрады?
- Ұйқы безі қай жерде орналасқан?
- Үйқы безінің ішкі секрециялық қызметі төрт гормон өндірумен сипатталады. Олар қандай гормондар?
Назарларыңызға рахмет! Орындаған: Казезов Е.Б
Достарыңызбен бөлісу: |