Бауыржан Момышұлы – аты аңызға айналған адам 1910 жылы - 1910 жылы
- 24 желтоқсанда туған
- 1982 жылы қайтыс болған
- Халық қаһарманы
- Панфиловшы
- Даңқты қолбасшы
- Жазушы
Өмірбаяны - Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. 1929 жылы ”Әулие Ата” тоғыз жылдық мектебін бітіріп, ауылға (Бетпақдала) мұғалім болып барады.
- Коллективтендіру кезеңінде кеңестік мекемелерде қызмет етеді. 1932 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында мансапты қызмет атқарады. Кейін әскерге шақырту алады.
- Әскери міндетін өтеп,командир атағын алады.
Әскери өмір мен соғыс жылдары - 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен,генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады Соғыста батальон, полк командиры қызметін атқарып,гвардиялық дивизияны да басқарады.
- Ержүрек сардардың батырлығын танытқан майдандар аз емес. Солардың ең ерекшесі 1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасы болатын. Ол кезде ол 19-шы гвардиялық атқыштар полкына командир болады. Оның полкы жұдырықтай жұмылып, фашистерді Мәскеуге қарай жібермейді. Жасаған ерлігі мен батырлығы үшін, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғаны үшін, шешуші кездерде жылдам түрде нақты шешім қабылдай білгені үшін ол Ленин Орденімен марапатталады. 1942 жылдың тамызынан бастап Панфиловшылар дивизиясында командир болады. Мәскеуді қорғау майданының Клюкова шайқастарында жарақат алып, біраз уақыт госпитальда жатады.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Бауыржан Момышұлы - Ұлы Отан Соғысы аяқталып, Кеңес үкіметі жеңіске жетіп, фашистік Германия тізе бүкеннен соң Б.Момышұлы Қазақ КСР-нің Қарулы Күштерінде әскери қызметтерді атқарады. 1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап ”Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету” әскери академиясында аға оқытушы болып қызмет етті. 1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник. Б.Момышұлы Қазақ КСР Жазушылар одағының мүшесі болды.
- 1982 жылы 10-маусымда Алматыда батыр Бауыржан дүниеден өтті.
Кеңес Одағының Батыры атағын алуы - 1990 жылы 11-желтоқсанда Кеңес Одағы құламай
- тұрып ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
- ұсынысымен ”Бауыржан Момышұлына Ұлы Отан Соғысында атқарған орасан зор еңбегі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағын тағайындау туралы” жарлық шықты. Негізінде, Бауыржан Момышұлына бұл атақты беру жайлы 1942 жылы Мәскеу түбіндегі ұрыстардан кейін ұсыныс жасалынған болатын. Алайда, ол ұсыныс ол кезде көздеген мақсатына жете алмады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш
- Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен
- оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
Марапаттары Шығармашылығы - «Қанды күндер оқиғасы»
- «Артымызда Москва»
- «Біздің генерал»
- «Біздің отбасы»
- «Москва үшін шайқас »
- «Ұшқан ұя »
Есте сақтау - Қазақстанда Батыр атында
- Алматы, Тараз, Астана, Атырау (Гурьев), Семей қалаларында, Жамбыл облысының Асы ауылындағы бұрынғы Горький көшелері;
- Жамбыл облысының аудан орталығында спорт кешені;
- Алмытыда (№ 131), Таразда (№ 44), Шымкентте (№ 42)орта мектептер; Алматыда әскери мектеп- интернат;
- Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы совхоз
- Жамбыл облысының аудан орталығы
Бауыржан Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда Ұлы Жеңістік 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды. - Авторлар ұжымы: мүсіншілер:
- М. Рүстемов, Д. Әлдеков.
- Сәулетшілер: С. Дамбай,
- Н. Баекеев.
- Биік ірге тасты қолында қылышы бар ұлы тұлға айбынды жауынгер, философ интернационалист, жазушы. Екінші шешуші дүние жүзілік соғыстың батырының ескерткішінен халық көптеген ұрпақтың айбында батырларының бейнесін көреді.
Фильмдер - 2010 — ”Қазақтың Бауыржаны” Легендарный Бауыржан (Документалдық фильм) “Казахфильм” - режиссер Қалила Омаров
- 1967 —”Артымызда Мәскеу” - ”За нами Москва”
- “Казахфильм”- режиссер Мәжит Бегалин
Бауыржан туралы - Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген екен. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың автор ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектың «Волоколамск тас жолы» («Волоколамское шоссе») повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, Мәскеуді қорғауға қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы – болатын. А.Бек бұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын.
Алматыда 28 гвардиялықтар – панфиловшылар атындағы саябақта Бауыржан Момышұлының жүз жылдығы құрметіне Кеңес Одағы Батырының ескерткіші ашылды. - Монументтің жалпы биіктігі 6 метрді құрайды. Бауыржан Момышұлының бейнесі түгелімен қоладан құйылған, астындағы тіреуі граниттен жасалған.
- Монумент авторлары – Қазақстанның атақты мүсіншілері Нұрлан Далбай мен Расул Сатыбалдиев.
Туған жеріндегі батыр атындағы мектептің әнұраны - Атақ-даңқы бүгінде ,
- Аузында жүр халықтың.
- Москваның түбінде,
- Ерлігіңді таныттың.
- Асыл затым,ерлік атың-
- Панфиловшы атанған.
- Туған жерім,туған елім,
- Ұмытпайды ешқашан.
- Арыстандай жүректі,
- Алатаудай асқарсың,
- Ұрпағыңды өзіңдей,
- Батырлыққа бастадың.
-
Қолданылған әдебиет: - Қазақ әдебиеті Орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердің 5 сыныбына арналған оқулық.– Астана , 2010.
- Бауыржан Момышұлы (Энциклопедиялық жинақ). – Алматы, 1999.
- Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған Бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары.
- Өткеннен –мұрағат,өркенге ұлағат – Шымкент, 2010
- “Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде” журналының жиынтығы
- Сайт материалдары: http://web1.kaztube.kz /Video/
- http://kk.wikipedia.org/wiki/
Достарыңызбен бөлісу: |