Барысы:
Негізгі бөлім: – құрметті тәрбиеленушілер! Тәрбие сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмыз: “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.
Биыл 2017 жыл айтулы күндерге толы жыл, атап айтар болсақ, Қазақстан тәуелсіздігіне 26 жыл, Конституциямыздың қабылдануына 22 жыл, Семей полигонының жабылуына 26 жыл.
Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Ой шақыру.
Мұғалімнің сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан-бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
– Отан туралы Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жазғанын тыңдаңдар:
Отансыз адам – қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отанына, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек. (Нұрсұлтан Назарбаев)
Отан деген не?
(Балалардың пікірлері)
– Отан – бұл біз тұрып жатқан жер. Біздің туып, өскен ауыл. Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.
– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады. Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.
Достарыңызбен бөлісу: |