Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебі бастығының



бет9/9
Дата28.05.2020
өлшемі69,5 Kb.
#71408
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
кл час патриот

Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен

  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

  8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

  10. Конституция күні? – (30 тамыз)

  11. Облысымыздан шығатын газет? –

  12. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

– Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы  қандай  ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабы

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар. Еліміздің патриот азаматтары туралы пікір бөлісу: (Б. Момышұлы мысалында): Мәскеу үшін шайқаста панфиловшы атқыштар полкі мен аға лейтенант Бауыржан Момышұлы иның басқарған батальон жауынгерлері асқан ерлік көрсетті.Жауынгерлер батырлықтың, достықтың, тәртіптіктің, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, өздерінен күшті төрт есе басым жаумен бір ай бойы күресіп, дұшпанды ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осылайша 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады. Өмірбаянының ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алды. 1941 жылы қазанның он бесі күні таң атар-атпастан панфиловшылардың И.В.Карпов басқарған 1073 - полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді. Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қомылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды басқара білді.Осы күндердегі арпалыс кезеңдерінде жауға қайсарлықпен қарсы тұрып,майдан даласында ерлік көрсеткендердің ішінде Қ.Шәріпов, Р.Жанғозин, Б.Жетпісбаев, М.Әлімжанов, Д.Снегин, Е.Таймасов, Т.Ахтановтардың ерлігі бір төбе.
Жақсылық –рефлексия

Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.


Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.
Сынып жетекшісі: Н. Өмірова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет