Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты


Ата-әжелер қалай тәрбиелегенін аңықтаңыз



бет3/12
Дата27.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#40842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
4. Ата-әжелер қалай тәрбиелегенін аңықтаңыз.

А) Жыр, дастан, ертегілер

В) Өлең,ән

С) Тақпақ,аңыз

Д) Жаңылтпашпен

Е) Жұмбақпен

5. Мәтінде аталар мен әжелер – ауыл-аймақ, ағайын арасында кімдер болғанын белгілеңіз.

А) Туысы, ақылшысы

В) Берекесі, ақылшысы

С) Құрдастары

Д) Армандастары

Е) Қамқоршысы


Мамандық деген не?
Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді. Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Маман – ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б. Мамандардың негізгі міндеті – өздеріндегі арнаулы кәсіби даярлық негізінде жекелеген өндірістік, әлеуметтік немесе басқарушылық мәселелер бойынша шешімдердің нұсқаларын, ұсыныстар әзірлеу, қорытынды жасау және орындау. Қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкерді де, белгілі бір мамандықтың өкілін де маман деп атайды. (134 сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Мәтінде не туралы айтылған анықтаңыз.

А) Экономика

В) Әлем

С) Отбасы

Д) Мамандық

Е) Спорт

2. Білім қандай болатынын анықтаңыз.

А) Жақсы,жаман

В) Техникалық

С) жоғары , арнаулы орта

Д) Экономикалық

Е) Қызықты

3. «Мамандық» сөзіне синоним белгілеңіз.

А) Әлем

В) Мақсат

С) Мүсін

Д) Нашар

Е) Кәсіп

4. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты көрсетіңіз.

А) Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды.

В) Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады.

С) Қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкерді де, белгілі бір мамандықтың өкілін де маман деп атайды.

Д) Агроном,инженер,математик, механик, мұғалім, дәрігер.

Е) Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты.

5.«Лауазым» сөзінің орысша баламасын табыңыз

А) екция

В) Рработа

С) Должность

Д) Сила

Е) Проект

Байлық пен Кедейлік
Күндердің бір күнінде Байлық пен Кедейлік «Кім сұлу?» деп сөз таластырыпты. Алайда, бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер-азаматқа:
– Біздің сұрағымызға сен жауап бере алатын сияқтысың. Айтшы, екеуміздің қайсымыз әдеміміз, сұлумыз? – деп сұрапты.
– Қап, қалай жауап берсем екен?» – деп, жаяу жүргіншінің басы қатады, – Кедейлікті сұлу десем, Байлық ренжіп, менен кетіп қалар. Байлық сұлу десем, Кедейлік маған ызаланып, бас сала төнуі мүмкін. Қайтсем екен, ә?
Ары ойланып, бері ойланып: «Бірден бұл сауалға жауап беру қиын екен. Сендер ары-бері жүріп көріңдер, мен қарап көрейін», – дейді.
Байлық пен Кедейлік ары да өтеді, бері де өтеді. Әрқайсысы барынша бар сұлулығын көрсетуге тырысып бағады.
– Иә? Енді айтшы, қайсымыз сұлу екенбіз? – дейді екеуі жарыса.
Сонда әлгі ер адам жымиып:
– Сен, Кедейлік, кетіп бара жатқанда, яғни артыңнан қарағанда сондай сұлу әрі тартымды көрінесің. Ал сен, Байлық, керісінше жүзіңмен бері қарап, адамға қарай жүргенде сұлулана түсесің, – деген екен. ( 143 сөз)


Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Кедейлік қандай жағдайда сұлу екен, табыңыз.

А) Келе жатқанда

В) Кетіп бара жатқанда

С) Артына бұрылғанда

D) Алдынан қарағанда

E) Кетіп,қайта келгенде

2 .Мәтінен кездеспейтін ақпаратты табыңыз.

А) Жүргіншінің сөзден тосылуы

В) Байлық пен кедейліктің сөз таласы

С) Жүргіншінің жауап беруі

D) Екеуінің ымыраға келе алмауы

E)Ер азаматтың ойлануы

3. Мәтіннен қандай қорытынды шығаруға болатынын табыңыз.

А) Дүние бар кезінде жинап қалу керек.

В)Кез келген адам өзін сұлумын деп қабылдау керек.

С)Барға шүкір етіп ,жоққа сабыр қылу керек.

D)Ер азаматтың тапқырлығын дәріптеу керек.

E) Байлықты да,кедейлікті де қабылдамау керек.

4.Мәтіннің жанрын табыңыз.

А) Әңгіме

В)Шешендік сөз

С)Аңыз

D)Өсиетнама

E) Эссе

5.Мәтінге мазмұнын ашатын сөз тіркесін белгілеңіз.

А) Реніш пен ыза

В) Табылған жауап

С) Орынсыз сұрақ

D) Байлық пен кедейлік

E) Жүргіншінің жауабы

Домбыра
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.

Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды. Әртүрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. (147 сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Мәтінде не туралы айтылған анықтаңыз.

А) Экономика

В) Әлем

С) Отбасы

Д) Домбыра

Е) Спорт

2. Домбыра қай халқының музыкалық аспабы көрсетіңіз.

А) Қытай

В) Орыс

С) Қазақ

Д) Өзбек

Е) Татар

3. Нешінші ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатынын анықтаңыз.

А)XXғ.

В) XIX ғ.

С) XXI ғ.

Д) XVIII ғ.

Е) XVII ғ

4. Домбыра неше ішекті аспап екенін көрсетіңіз.

А) 2

В) 3

С) 5

Д) 6

Е) 1

5.Мәтінде әл-Хусейнидің не туралы айтқанын көрсетіңіз.

А) «Тарих»

В) «Музыкалық канон»

С) «Жүрек»

Д) «Абай жолы»

Е) «Домбыра»


«Астана-Бәйтерек» сәулет кешені
2002 жылы Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын жеті қабат жер астына жіберген мәуелі бәйтеректей тарихы тереңде жатқан ел екендігінің дәлелі іспеттес. Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі 97 метр, XX ғасырда дәл осы жылы қазақтың елордасы Ақмолада шаңырақ көтерді. Бәйтеректің сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады: -Бірінші бөлік – жер асты бөлігі, ол 4-5 метр тереңге кеткен. Осы бөлікте балықтар жүзіп жүр, 7 метрлік аквариум су патшалығының кіші моделіндей. -Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкциялары.Осы жарты шар арқылы жоғарыға, Бәйтеректің ұшар басына көтеріліссіз. Әуелі 93 метр биіктігі қаланы тамашалу алаңына аялдайсыз. Бұл жерден жаңа әкімшілік орталығы алақанға салғандай анық көрінеді. -Үшінші бөлік – диаметрі 22 метр алып шар – Самұрықтың алтын жұмыртқасы. Бәйтеректің ең биік тұсы – 97 метрдегі «Аялы алақан» композициясына асықпайтын жан кем де кем, осында келгендердің бәрі оны көргенше құмартады. Онда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің алақаны таңбаланған. Соған саусағың тисе «Менің елім» әуені шалқи жөнеледі, бүкіл Қазақстан ән салып жатқандай. (157 сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Астананың төрінде «Астана-Бәйтерек» монументі салынған жылын анықтаңыз.

А) 1991

В) 1996

С)2006

Д) 2002

Е) 1998

2. Бәйтеректің сәулеткерлік шешімі неше буыннан тұратынын анықтаңыз.

А) 2

В) 5

С) 3

Д) 7

Е) 25

3. Самұрықтың алтын жұмыртқасы қай бөлікте орналасқанын табыңыз.

А) Төртінші бөлік

В) Екінші бөлік
С) Бірінші бөлік
Д). Бесінші бөлік


Е) Үшінші бөлік

4. Қай ғасырда қазақтың елордасы шанырақ көтергенін көрсетіңіз.

А) XXғ.

В) XIX ғ.

С) XXI ғ.

Д) XVIII ғ.

Е) XVII ғ.

5.Онда кімнің алақаны таңбаланғанын белгілеңіз.

А) Ресей Президентінің

В) Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің

С) Жапон Президентінің

Д) Қытай Президентінің

Е) Өзбек Президентінің

Біздің Қазақстан
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әртүрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әртүрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған 18 жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әртүрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі керек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.( 166 сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Мәтін мазмұны бойынша Қазақстан қандай мемлекет екенін көрсетіңіз.

А) Бір

В) Аз

С) Биік

Д) Көп

Е) Сақ

2. Қазақстандықтардың қалауы неде белгілеңіз.

А) Бірлік және саяси тұрақтылық

В) Білім, татулық келісім және экологикалық тұрақтылық

С) Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық

Д) Білім, достық келісім және экономикалық тұрақтылық

Е) Бостандық, достық келісім және экономикалық тұрақтылық

3. Мәтінге байланысты мақал- мәтелді табыңыз.

А)Ағадан – ақыл, Атадан – нақыл.

В) Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
С) Денсаулық — зор байлық.
Д) Қағазға тіл бітірген - қалам, Жансызға жан бітірген - адам.


Е) Ұлтың жамандаған у ішер.

4. Мәтінде өмірдің қиын кездерінде,қандай пікірлер қалыптасқанын анықтаңыз.

А) ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әртүрлі ұлт өкілдерінің пікірлері қалыптасқан

В) ауыр жұмыстарда пікірлері қалыптасқан

С) әр түрлі жұмыстарда пікірлері қалыптасқан

Д) жеңіл жұмыстарда,келіп жатқан күндер пікірлері қалыптасқан

Е) осы жұмыстарда,келіп жатқан күндер пікірлері қалыптасқан

5.Мәтінде әр Қазақстан азаматы не білуі керек екенін белгілеңіз.

А) Біріккен ұлттар ұйымы

В) Халқын , ойын мен мінезін

С) Тілін, тарихы мен салт-дәстүрін

Д) Киімін ,үй жануарларын мен көліктерін

Е) Халықаралық валюта қорын
Алтын бесік
Менiң туған жерiм – Көкшетау, шыңын мұз басып қатқан биiк таулар емес, төбесiне оп-оңай шыға беруге болатын аласа таулар... Мiне, сондай таулардың бiрiнiң етегiндегi көл жағасында менiң туып- өскен ауылым қоныстанған. Таудың аты – «Салпық». Ал оның iргесiндегi 17 айдынның аты – «Шұңқыр көл» деп аталады. Ауылдың аты сол есiмiне қойылған. Бiз бала кезiмiзде жазда Салпық тауының бауырына шие, бүлдiрген теруге баратын едiк... Ал көл жағасы қандай тамаша едi. Ыстық күндерi Қасынан шықпайтынбыз. Арқаны күнге қақтап-қақтап алып, жүгiрiп келiп суға қайта- қайта күмп-күмп берiп құлайтынбыз. Бiзден әрiректе тереңдеу жерде мойындары жiп-жiңiшке шүрегей үйректер жүзiп бара жатады. Жақындасаң тереңге қарай ұзай бередi. Дауылды, желдi күндерi көл бетi бұйраланып, дөңбекшiген толқындары жағаны ұрып, көбiк шашып жатады. Әлденеге ашуланған сияқты мiнез танытады. Туған жер – алтын бесiк. Әлдилейдi, тербетедi. Қиялыңды ұштайды. Мен бесiншi класта оқитын едiм. Туған жерге деген сезiмiмдi дауыстай айтқым келдi. Өзiмiздiң Салпық тауы туралы, оның iргесiндегi кiшкене көл туралы өлең жаздым. Әлемде Салпықтан асқан биiк тау жоқ, әлемде Шұңқыр көлдей үлкен көл жоқ деп ойпаттадым. Олар маған, шынында да, солай көрiнген. Ауылдан алысқа ұзап шықпаған кезiм, басқа тауды да, басқа көлдi де көрмеген едiм.(120сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1 Мәтінде қай қала туралы айтылғанын көрсетіңіз.

А)Астана

В) Алматы

С) Көкшетау

D)Павлодар

E) Қызылорда

2. Мәтінде берілген аудың атын анықтаңыз.

А) Салпық

В) Шұңқыр көл

С) Сарыарка

D) Тибет

E)Тянь-Шань

3.Мәтінге сәйкес мақал - мәтелді табыңыз.

А) Ағадан – ақыл, Атадан – нақыл.

В) Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
С) Денсаулық — зор байлық.
Д) Қағазға тіл бітірген - қалам, Жансызға жан бітірген - адам


Е) Туған жердің жуасы да тәтті.

4. Сөйлемнің жалғасын табыңыз «Туған жер-.....»

А) Отан

В) Ана тілі

С) Алтын жер

D) Алтын қалам

E) Алтын бесік

5. Мәтіндегі көлдің атын көрсетіңіз.

А)Балқаш

В)Шұңқыр

С)Арал

D)Обь

E) Каспий


ЭКСПО-2017 – Қазақстан белесі
ЭКСПО-2017» – Қазақстан үшін маңызы зор, мақсаты биік жоба. Жалпақ жұртшылықтың назарын өзіне аударатын бұл бірегей көрме экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістеріне жол салары хақ. Қазақстан осынау тарихы ғасырлар асуында жатқан Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесін өткізуге шешім қабылдаған бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасындағы алғашқы ел. Осы арқылы еліміз дөңгеленген дүниеге ортақ стратегиялық міндеттерді талқылайтын талай жаһандық жиындардың ұйымдастырушысы ғана емес, өңірдегі көшбасшы мемлекет екендігін де көрсетіп отыр. Бүгінде әлемде орын алған күрделі ахуалға, қаражаттың қаттығына қарамастан, еліміз көрмені лайықты өткізуге бел буды. «Шешінген судан тайынбас» дегендей, қолға алған істі табыспен аяқтауға кез келген ел мүдделі. Ендеше күллі әлем көз тігетін ауқымды шараға дайындықтың өзі айрықша жауапкершіліктен, ширақтықтан ауытқымай жүруі шарт. Көрмеге дүние жүзінің 100-ден астам елінен 2 миллиондай турист келеді деп жоспарлануда. Уақыт жақын. Алайда, шетелді былай қойғанда, еліміздің өзінен қанша турист келетіні беймәлім. Келушілерге қандай жағдай жасалатыны, көрмені өткізуден қандай пайда күтуге болатыны, қанша демеуші тартылатыны, қандай мәдени-көпшілік шаралар өтетіні туралы нақты мәлімет жоқ. Турасын айтқанда, құрылыстан өзге жұмыстың бәрі баяу. Көрмеге дайындық барысы талқыланған кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесіне сапалы дайындықты қамтамасыз ету мен өткізудің бүкіл Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті. Өйткені, бұл еліміздің әлеуетін бүкіл әлемге әйгілеудің теңдессіз мүмкіндігі. Түптеп келгенде, көрменің табыстылығы – баршаның жұмыла атқарған іс-қимылының нәтижесі болмақ. (205сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Бұл мәтінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.

А) Елбасы туралы

В) Табиғат туралы

С) ЭКСПО-2017» туралы

Д) Қазақстан туралы

Е) Достық туралы

2.ЭКСПО-2017» – Қазақстан үшін маңызы зор, мақсаты биік жоба туралы нешінші сөйлемде айтылғанын табыңыз.

А) БесіншіВ) БіріншіС) Екінші Д) ҮшіншіЕ) Төртінші

3. Бұл қандай көрме екенін көрсетіңіз.

А) Мектеп көрмесі.

В) Қалалық көрмесі.
С) Облыстық көрмесі.
Д) Әлеуметтік көрмесі


Е) Бүкіләлемдік көрме

4. Көрмеге дүние жүзінің неше еліден келетінін анықтаңыз.

А)100-ден

В) 25-тен

С) 1-ден

Д) 28-ден

Е) 43-тен

5.Мәтінде ЭКСПО-2017» не екенін көрсетіңіз.

А) Дәріс

В) Конференция

С) Жоба

Д) Кездесу

Е) Жиналыс
Наурыз –ұлыстың ұлы күні
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жаткан мейрамның бірі-Наурыз күні. Наурыз –парсы сөзі, қазақша айтқанда «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Күн –жыл сайын наурыз айының 22-де мерекеленетін болған. Яғни бұл күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтың кезі. Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген. Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы – «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл аралап, бірін-бірі жаңа жыл – Наурызбен кұттықтап, сағынышты көрісулер, ыстық құшақ қауышулар үстінде бір-біріне игі тілек тілесіп, адал ниетпен, ақ бата беріскен. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы білдіріскен. «Аманба! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса, жол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле –жала жерге енсін!- деп, немесе; «Ұлыс күні» кәрі-жас, құшақтасып көріскен. Шалдар бата беріскен, Сақтай гөр деп теріс істен!» Кел, таза бақ, кел десіп, Ием тілек бер десіп!» - деген тәрізді 98 тілек айтысқан. Бұл өлең-жырларда, біріншіден, ерте кездегі шаруа адамдарының арман тілегі айтылса, екіншіден, «әр нәрсенің жаратушы иесі бар, соған жалбарынсақ, жаманшылықтан сақтайды» деген сияқты діни наным- сенім де байқалады. Наурыз мейрамында қазақ халқы «Наурыз көже» ішіп, ән шырқап, күй шертісіп, балуан күрестіріп, ойын-сауықпен өткізген. Наурыз мейрамын қазақтармен бірге көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. жұрттар да осылай тойлайтын болған. Орта Азия әкімдері кейбір зындандарға салынған тұтқындардың қол-аяғын босатып кешірім берген. Қарапайым халықтың «Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді» дейтіні сондықтан болса керек. Наурыз – діни мейрам емес, халық мейрамы, «Аурулар сауығамыз деп, аштар тойынамыз деп, жалаңаштар киінеміз де күн көреміз» дегендей жұрттың бәрінде келешектен үлкен үміт, жылы шырай сезіліп, «бәріміз де табиғаттың перзентіміз, оның бергеніне риза болайық» дегендей ой-пікір өзекті орын алған. Наурыз мейрамын атап өту соңғы елу жыл ішінде аяқсыз қалып келген еді. Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап, бүкіл республика жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтетін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет