Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты


Мәтінге қатысы бар қатарды көрсетіңіз



бет2/12
Дата27.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#40842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Мәтінге қатысы бар қатарды көрсетіңіз.

А) Адам өз өмірін оқумен жақсарта алмайды.

В) Бай, кедейді теңеумен түзеледі.

С) Уақыт адам баласының емшісі.

Д) Шәкәрім – суреткер жазушы, атақты ақын.

Е) Ер жігіт екі сөйлегені – өлгені.

3. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

А) Адам өз өмірін оқумен толықтырады.

В) Бай, кедейді теңеумен түзеледі.

С) Өмір – талас.

Д) Шәкәрім – суреткер жазушы, атақты ақын.

Е) Адам таласып, бірін-бірі қыруға жаралған.

4. Шәкәрімнің идеялары адамды өзгерте алама, анықтаңыз.

А) Адам өз өмірін құрастырады.

В) Өмірін түзейді.

С) Өмір бойы таласады.

Д) Өзгерте алмайтынына сенеді.

Е) Өзгерте алмайтынына сенбейді.

5. Мәтіндешығармашылық жолы сирек кездесер таланттың бірін, анықтаңыз.

А) Абай

В) Мұхтар

С) Шәкәрім

Д) Мағжан

Е) Мағауия


Темекіқұмарлар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне зер салсақ, Жер шарында темекі шегетін 1,2 миллиард адам бар екен.Жыл сайын соның зардабынан 5 миллион адам қайтыс болады.Осы салиқалы ұйымның деректеріне сүйенер болсақ, жер бетінде темекі шегуден күніне 13 мың адам көз жұмады. Бұл әрбір 6 секунд сайын бір адам о дүниелік болады деген сөз.Әлемде темекінің зияндылығы туралы 50 мыңнан астам басылым жарық көреді. Демек, осы әңгімеге қосылмаған ел жоқ.
Темекіқұмарлардың көбеюі кесірінен тыныс жолдары ауруларының да саны өсіп барады. Оның 27%-ы еркектер мен 46%-ы балалар екенін ескерсек, жуық жылдары тыныс аурулары жаппай белең алу қаупі бар. Қатерлі өкпе рагының 90%-ы, жүрек миокарда инфарктысының 30-ы темекіден болатыны дәлелденген.
Тағы да айта кетуіміз керек, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтіндердің 34%-ы темекі тартады, ал АҚШ-та олардың саны бар болғаны 3% ғана.
Темекі тартатын адам отбасылық қаражаттың 15%-ын және жұмыс уақытының 40 күнін сол «түтін жұту қызметіне» жұмысайды екен. Республика көлемінде шамамен 73 млрд. Теңге темекі сатып алуға кетеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының деректеріне сүйенсек, жастайынан темекі тартқан әрбір екі адамның бірі сол темекіден өледі екен. Ал, екіншісінің өмірі жүрек-қан тамырлады ауруынан 20-25 жылға қысқарады.Темекі түтінінің құрамындағы улы заттың бірі –никотин қышқылы. Салмағы 20 келі итке 1 тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе,1 минуттың ішінде сеспей қалатынын ғаламдар дәлелдеп отыр.
Темекі шегу-тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян.Олардың шеккен әрбір темекісі, нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10%-ға көбейтіп, жатырдағы нәресте ағзасына қажетті керекті отегінің мөлшерін 10%-ға көбейтіп, жатырдағы нәресте ағзасына қажетті керекті оттегінің мөлшерін 10% кемітеді екен. Ол, әсіресе, әлі дамып жетілмеген нәрестенің бауырына кері әсер етіп, бауыр клеткаларының улы заттарды залалсыздандыру қабілетін бұзады.


(209сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Жер шарында темекі шегетін адамдардың көрсеткіштері.

А) 1,5 миллиардВ) 1,1 миллиардС) 1,2 миллиардД) 1,3 миллиардЕ) 1,4 миллиард

2. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

А) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын құру

В) Темекі тартатын адам

С) Темекіқұмарлардың көбеюі

Д) Тәнді қоздырар темекі

Е) Әлемде темекінің зияндылығы
3. «Темекіқұмарлар» деген сөздің аудармасын көрсетіңіз.

А) Любитель куренияВ) НикатинС) КурильщикД) ЗависимостьЕ) Табақ

4. Темеі шегу басты кімге зиянды, табыңыз.

А) Адамдарға

В) Қыз балаларына

С) Ерлерге

Д) Болашақ аналарға

Е) Ересектерге

5. Болашақ нәрестенің ағзасына қандай әсер етеді, анықтаңыз.

А) Уландырады

В) Оттегінің мөлшерін көбейтеді

С) Нәрестенің бауырына кері әсер етіп

Д) Залалсыздандыру қабілетін бұзбайды Е) Улы заттардың мөлшерін азайтады

Ақселеу
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.

- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды! - деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді. Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,- деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу. Ақселеу бала да болса, азамат екен! - деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал.

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтінге қатысы бар қатарды табыңыз.

А) Біз әңгімелесіп келе жатты

В) Ісік ауруларына шалдыққан

С) Демікпе сырқаты болмаған

Д) Қауіпсіздік шараларын сақтау керек

Е) Ақселеудің азаматтылығы, адалдығы

2.Әңгіменің басындағы екі достың көңіл-күйін белгілеңіз

А) нашар

В) көтеріңкі

С) үрейлі

Д) сабырлы

Е) тамаша

3. Ақселеудің қашпауына не себеп болды?

А) Сені қорғап қалу үшін

В) Сенің денсаулығын нашар

С) Сенімен әңгімелесу үшін

Д) Қорыққанымнан

Е) Бірге тұтылу үшін

4. Мәтімен байланысты денсаулыққа қатысы бар қағиданы анықтаңыз.

А) Денсаулық — зор байлық.

В) Жақсыны жолдасынан таниды
С) Жаман жолдастан таяғым артық
Д) Сақтанғанды құдай да сақтайды.


Е) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

5. Достық тақырыбымен байланысты мақалды көрсетіңіз

А)Жақсыны жолдасынан таниды

В) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса, жан тәтті.
С) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
Д) Сақтанғанды құдай да сақтайды.


Е) Сегіз қырлы, бір сырлы.

Түркістан
Түркістан – Қазақстанның оңтүстігіне қарай орналасқан тарихи қала, діни туризм орталығы. Ол өзінің 1500-жылдық көне тарихымен танымал. 
Бұл қала түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, Қазақ хандығының саяси астанасы болған. Қаланың тарихы Қожа Ахмет Йасауи атымен байланысты. Қала осы Қожа
Ахмет Йасауиға арнап тұрғызылған кесенесімен әйгілі. Жыл сайын осында бүкіл Қазақстаннан, Орта Азиядан келетін мыңдаған туристер баршалық. Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы Арыстан баб кесенесін де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың бірі. Бұл кесенелер киелі орынға айналды. Түркістан кесенесі – дүниежүзілік мәдени мұралар қатарына жататын аса үлкен ескерткіш.Қаланың Ұлы жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географилық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуәп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті.

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Түркістан қаласының ежелгі заманғы және орта ғасырлардағы атауы

А) Отырар

В) Арыстанбаб

С) Фараб

Д) Йасы

Е) Шымкент

2. Мәтіннің толық негізгі ойын беретін сөйлемді анықтаңыз.

А) Түркістан қаласы туралы

В) Ғұлама ғалымдар дүниеге келген қала

С) Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы

Д) Ұлы Жібек жолының қаласы

Е) Тарихи, киелі, қазақ хандығының орталығы болған қала

3. Арыстан баб кімнің ұстазы, анықтаңыз

А) Ақсақ Темір Қожаның

В) Тәуке ханның

С) Қожа Ахмет Йасауидің

Д) Абылай ханның

Е) Әбілқайырдың

4. Түркістан қаласы туралы өлең жазған ақынды анықтаңыз

А) Ж.Аймауытов

В) М.Жұмабаев

С) С.Торайғыров

Д) Абай Құнанбаев

Е) М. Дулатов

5. Сабақты етістікті табыңыз.

А) жерленген

В) орналасқан

С) қойды

Д) бар

Е) болған

Отырар

Отырар - арғы тарихы екі мың жылдан асқан қазақ халқының еңкөне қалаларының бірі. Бұрынғы Отырар, кейін Фараб деп аталған үлкен қала болды.«Фараб» түркі тілінен«сулы қоныс» деп аударылады, себебі Отырар – Арыс пен Сырдарияның қосылған жерінде орналасқан әдемі жер еді. Отырар қаласы - өз тарихында сұрапыл соғыстан үш рет қирап, үш рет қайта тірілген орын. Отырарда бай кітапханалар мен көп мешіттер, медреселер болды. Отырар орнында бұл күндері басы бүтін жалғыз құрылыс - Арыстанбаб ғимараты. Арыстанбаб - әрі ақын, әрі жұлдызға қарап адам тағдырын болжайтын сәуегей, Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы.

ХI ғасырда өмір сүрген филолог, ғалым, саяхатшы Махмұт Қашқари Отырардың аты Фараб болған деп жазады. Біздің дәуірімізге дейінгі 328 жылдың жазында Адександр Македонскийдің қарулы қолы Отырар қорғанының ішіне таңба ізін түсіре алмады.
1219 жылғы қыркүйек айында монғол әміршісі Шыңғысхан 6 ай Отырар әміршісі Қадырхан бастаған қолмен қақтығысып, жеңіске жетті.Отырарды Шыңғысхан баласы Жошы, Жошының баласы Берке, онан соң Ақорда иеленді. Ақорданы Ақсақ Темір қиратып,Отырарды ата-бабаларымыз қайта иеленді. Темір 1395 жылы Түркістанда Ахмет Йасауи ғимаратын салуға бұйрық берді.Отырар қаласы ұлы Жібек жолының достық дәнекеріне айналды. Жібек жолы батыс пен шығыс елдердің екі мың жылдай ұзақ уақыт ішінде үзбей жалғастырып жатты. Саяхатшы Марко Поло: «Отырар қаласының көз сүріндірген үш базарында жер жүзі саудагерлерін түгел ұшыратуға болатын еді», - деп тамсана жазды. Бұл қалаларда ойшылдар, ғалымдар дүниеге келді.Жент қаласында әйгілі қобызшы, күйші, сөз зергері Қорқыт баба өмір сүрді.Отырар қаласында белгілі ғұлама философ Әбу Насыр әл-Фараби дуниеге келді.


Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Мәтіннің толық негізгі ойын беретін сөйлемді анықтаңыз.

А) Отырар қаласы туралы

В) ғұлама ғалымдар дүниеге келген қала

С) Фараб атты қала

Д) ұлы Жібек жолының қаласы

Е) ең көне, екі мың жылдай жалғасып жатқан ғұламалар отаны.

2. Арыстанбаб кімнің ұстазы, табыңыз

А) Әбу Насыр әл-Фарабидің

В) ғұлама ғалымдардың

С) Қожа Ахмет Йасауидің

Д) Қорқыт бабаның

Е) Махмұт Қашқаридің

3. «Тірілген орын» сөз тіркесінің синонимін табыңыз

А) қираған

В) бұзылған

С) салынбады

Д) орналасты

Е) тұрғызылды

4. Қорқыт баба өмір сүрген қаланы белгілеңіз.
А) Отырар қаласы


В) ғұлама ғалымдар дүниеге келген қала

С) Фараб атты қала

Д) Жент қаласы

Е) ұлы Жібек жолының қаласы

5. Ақорданы қиратып, Отырарды қайтарған кім, табыңыз
А) Жошы ханВ) Қорқыт баба

С) Берке

Д) Ақсақ Темір

Е) Шыңғысхан
Көкөністер
Көкөністер татымды ғана емес, сонымен қатар өте пайдалы. Қазіргі кезде 30 шақты дәрумендер белгілі. Дәрумендер тек науқастарға ғана қажет болып қоймайды. Дені сау адам ағзасы да дәрумендер өте қажет.

Бұдан 300 жыл бұрын дәрігерлердің өзі қырқұлақтың (цинганың) С дәруменінің жетімсіздігінен басталатынын білген жоқ.

Көкөністерде кальцийдің, магнийдің, натрийдың, темірдің, фосфордың, әсіресе калийдің адамға қажетті минералды тұздары бар.

Салат пен қияр кісінің тәбетін ашып, татымдық бұрыштар тағамға ерекше дәм береді.

Ет жеген адамның күшіне күш қосылады, өйткені етте белок көп. Үрме бұршақ, ас бұршақ, жалпы бұршақтар белокка бай.

Көкіністер адамның денсаулығын сақтап қана қоймай, сонымен қатар сырқаттардың тезірек сауығуына да көмектеседі.

Пияз аршығанда көзімізден жас шығады, оның себебі – кесілген пияздан өсімдіктің өзін қорғайтын эфир майы ұшып шығады.

Сарымсақ, пияз, желкек фитоциттері зиянды бактерияларды өлтіреді.

Организмге белок, май, углевод, минаралды тұздар мен судан басқа дәрумендер де қажет.

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1) Пияз аршыған адамның көзінен неге жас шығады, анықтаңыз.

А) фитоциттер әсер етеді

В) зиянды бактериялар әсер етеді

С) углеводтар көзді ашытады

Д) эфир майы ұшып шығады

Е) пияз суы көзді ашытады

2) Дәрумендер адам ағзасына қажеттілігі неліктен?

А) тек науқастарға ғана қажет

В) тек калий адамға қажетті

С) тезірек сауығуына көмектеседі

Д) дені сау адам ағзасына өте қажет.

Е) белок, май, углевод, минаралды тұздар ғана қажет

3) Неліктен ет жеген адамға күш қосылады, анықтаңыз.

А) углевод көп

В) белок көп

С) минаралды тұздар көп

Д) калий көп

Е) эфир майы көп

4) Неге «сарымсақ» денсаулық кепілі, анықтаңыз.

А) зиянды бактерияларды өлтірмейді

В) дәрумендері көп

С) зиянды бактерияларды өлтіреді

Д) денсаулыққа пайдалы

Е) сырқаттардың тезірек сауығуына көмектеседі

5) Адам ағзасына сүйекті нығайтатын дәрумендер қатарын белгілеңіз.

А) С тобы

В) В тобы

С) С тобы

Д) А тобы

Е) Д тобы


Ерекше кітапхана
Кітапхана- оқырман үшін, жалпы ілім іздеген адам үшін сан мыңдаған жауһарлар тұрған киелі орда , тәрбие мен білім мектебі. Рухани әлемін байытқысы келген адам керекті дүниесін осы жерден табады. Өткен жылдың көктемінде Мичиган Университеті (АҚШ) кітапханасы ішінен қысқа уақыт көз шырымын алуға арналған жиналмалы , кереуеті бар студенттік бөлме ашылған болатын. Кітапхана үзіліссіз жұмыс істейді және үстелде отырып кітап оқығанда ұйқысы келетін студенттер ыңғайлы кереуетте жатып оқуына немесе ғылыми жұмысын ары қарай жалғастыруына болады.Мұндай «ерекше» кітапхана студенттер қауымын таңғалдырып қана қоймай, катты қуантқан. Кітапханадағы кітап қорын әлі де толықтыру керек. Олардың айтуынша, кітапхана ішінде қысқа уақыт мызғып алу жұмысқа деген құлшынысты арттырады екен. ( 103 сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтін желісін бұзып тұрған сөйлемді анықтаңыз.

А) 3

В) 4

С) 6

D) 2

E) 5

2 .Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.

А) Рухани әлемнің байлығы

В) Тәрбие мен білімнің ұштасуы

С) Мичиган университетінің артықшылығы

D) Ұйқының нормасы

E)Ұйықтап алуға болатын кітапхана.

3. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.

А) Кітапхананың білім мектебі екндігі

В)Кітапханадағы қолайлы кереует

С)Қуанған студенттенр

D)Кітапханадағы кітап қоры

E) Кітапхананың ерекшелегі

4.Жетінші сөйлемде «олардың айтуынша» деп кімді айтып тұрғанын табыңыз.

А) Университет мұғалімдерін

В) Жалдамалы жұмысшыларды

С) Университет студенттерін

D) Құлшыныспен жүргендерді

E) Кітапхана қызметкерлерін

5.Мәтінде берілген кітапхананың ең негізгі ерекшелігін анықтаңыз.

А) Кітапхананың АҚШөта орналасқандығы

В) Кітапханадағы адамдрдың білімділігі

С) Кітапханадағы мызғып алуға болатын бөлменің болғандығы

D) Кітапханадағы кітаптардың көптігі

E) Кітапхананың құлшынысты арттыратындығы

Отан – елдің анасы
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол: ата, әке, бала. Аталар мен әжелер – ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау – көрегенділік. Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немере- шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Қазақтаң ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан, балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған әке- шешесін тек қана өскеннен кейін танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жайт кездеседі.(120 сөз)
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Қазақ отбасы негізінен неше ұрпақтан тұратынын анықтаңыз.

А)2

В) 5

С) 1

Д) 3

Е) 7

2.Мәтінде ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін кімдер тәрбиелегенін көрсетіңіз.

А) Ата-ана

В) Аға,женге

С) Ата-әже

Д) Әпке,сінілі

Е) Нағашы,жезде

3.Мәтінге тақырыбын ашатын мақал-мәтелді табыңыз.

А) Отан оттан да ыстық.

В) Білім кілті-тіл.
С) Денсаулық — зор байлық.
Д) Қағазға тіл бітірген - қалам, Жансызға жан бітірген - адам.


Е) Ата- бәйтерек,бала-жапырақ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет