Баянауыл ауданы білім бөлімі, Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі



Дата04.07.2018
өлшемі28,37 Kb.
#47087
Сабданбекова Гульмира Темиртасовна,

"Баянауыл ауданы білім бөлімі,

Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі" КММ,

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,

Павлодар облысы
Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарлау
Қазіргі уақытта білім беруді дамытуда қоғамдастықтың маңызы өте зор болып отыр. Желілік қауымдастық сәтті ұйымдастырылуы үшін төмендегі факторлар ескерілуі керек, олар:

- Сәтті қоғамдастық құру үшін директордың қолдауы қажет;

- Қоғамдастық қызметін қадағалайтын жетекшісі болуы шарт;

- Әріптестер қоғамдастықтың тиімділігіне сеніп, жұмысты жоспарлауға қатысулары керек;

- Қоғамдастықтың кез келген ісі нәтижелі жоспарлануы керек;

- Қойылған мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін тұрақты бақылау болып тұруы керек.

Желілік қоғамдастықты жоспарлағанда осы факторларға көңіл аударған жөн. Біздің мақсатымыз: қарқынды дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге қабілетті, өз ойын жетік, еркін жеткізе алатын, білімді, кез келген жағдайға төзімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру, яғни жаңа бағдарламамен, жаңа технологияларды енгізу арқылы білім беру үдерісінде "жаңа бағытта" жылжу – заман талабы. Желілік қоғамдастықтың мақсаты: әріптестер арасында өзара тәжірибе алмасу, проблемаларды ортаға салып, шешу жолдарын бірлесіп шешу және тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау, салыстыру. Сонымен қатар бір-бірлеріне қолдау көрсету болып табылады.

Мектеп директорының қолдауымен қоғамдастыққа мүше болуға үміткер мұғалімдерді анықтап, олардың басын біріктіріп, деңгейлік курстарды тәмамдаған мұғалімдермен топ құрып, мектепте қоғамдастық құрудың маңызы, ол арқылы қандай жетістіктерге жетуге болатыны туралы таныстырған дұрыс. Қоғамдастықтың жұмысы сәтті болу үшін мүшелердің арасынан басқарушы, үйлестіруші және дамытушы топтарының құрамын анықтап алып, мақсатын айқындап, міндеттерін бөліп алған жөн. Басқарушы топтағы ұстаздар кәсіби қоғамдастықты жақсарту бойынша жоспар құру үшін жауапты болады. Сонымен қоса, басқарады және бақылау жүргізеді. Үйлестіруші топ мүшелері қоғамдастықтың әртүрлі топтар арасындағы қызметін реттеп, қоғамдастықтың ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайтын болады. Ал дамытушы топтағы әріптестер оқу бағдарламасын әзірлеп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне қолдау көрсетіп, кәсіби қоғамдастықтың дамуына өз тарапынан үлестерін қосатын болады. Әр топ өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, мұқият өз міндеттерін орындаулары керек. Топтарды анықтап алғаннан кейін, қоғамдастық жоспарын құрып, оған талдау жасап, қажет болса өзгерістер де енгізуге болады.

Оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында қоғамдастық мүшелерімен семинарларда бағдарламаның жеті модулін сабаққа ықпалдастыра отырып, орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құруға бағыт-бағдар беріп, бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдерін (қалыптастырушы және жиынтық бағалау) оқуда пайдалану жолдары қарастырылатын болады. Жаңа форматтағы сабақ үлгісін саралау мақсатында тәлім алушы мен тәлімгер және басқарушы топтың қатысуымен сабақ өткізуді жоспарлау және сабақта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізіп, оқытудағы қалыптастырушы бағалау түрін қолдануды бақылау арқылы оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал етуге болады. Ол үшін жоспарға Lesson Study-ді енгізген дұрыс. Lesson Study зерттеу тәсілі тиімді, себебі, ол ұстаздарға:

- оқушылардың білім алғандығын анағұрлым анық әртүрлі қырларынан егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді;

- оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттілігін ескеріп сабақты қалай жоспарлау керек екендігін түсінуге;

- кәсіби жетілуіне көмектеседі.

«Lesson Study» зерттеу сабағы арқылы оқушылардың білім деңгейі бұрынғыдан қарағанда өзгеретіндігін бірнеше циклдер бойынша жүргізілген сабақтардағы нақты дәлелдермен көруге мүмкіндік туады. «Lesson Study» жұмысы жыл бойы жүргізіліп, қорытындысын, нәтижелерін педкеңесте таныстырылым арқылы көрсетіп, баспа беттеріне беруді де жоспарлауға болады. Бұл зерттеу арқылы мұғалімдер сабақтарын зерттеуді үйренетін болады. Интернет желісінде сайт немесе чат ашудың мақсаты – желі бойынша қоғамдастық мүшелерінің емін-еркін қарым-қатынас жасауына жол ашады, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға, жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік болады. Мектептер арасында желілік қоғамдастық құру мұғалімнің үздіксіз дамуына ықпал етеді. Құрылған веб сайттар арқылы орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ жоспарларының нұсқаларын, өткізген сабақтарында қолданған жаңа әдіс-тәсілдерді басқа әріптестері көріп, өз тәжірибелеріне қолдана алады. Бұл желілік жүйеде тек мұғалімдер ғана емес, оқушылар да байланысқа шыға алады.  

Желілік қоғамдастық арқылы он-лайн сабақтар өткізуге болады. Сонымен қоса Skype бағдарламасы арқылы тәжірибе алмасу мақсатында он-лайн сабақтар өткізуді жоспарлайтын боламыз. Он-лайн режиміндегі желілік қоғамдастықтың жұмысы ауқымды түрде кеңінен таратылады. Қоғамдастық мүшелерінің қолдауымен мүмкіндік болып жатса, он-лайн коучингтерді де өткізуге болады деп ойлаймын. Мектепішілік, желілік қоғамдастық аясын кеңейту мақсатында қоғамдастық мүшелерімен бірге мектепішілік, өңіраралық мектептер арасында қоғамдастық мүшелерімен біріге әртүрлі тақырыптарда мектепішілік семинарлар өткізу жоспарда болу керек. Бұл семинарда негізгі мәселе қалыптастырушы бағалау бойынша оқушыларды сабақ барысында қызығушылықтарын оятып, белсенді оқуға тарту жолдарын, яғни ішкі уәждерін туғызу жолдарын қарастыратын боламыз.

Мұғалім көшбасшылығы жеке дамуға ғана бағытталған әрекет емес, оның негізгі міндеттерінің бірі - әріптестеріне жаңа ойларды сынақтан өткізіп, өздеріне басшы рөлдерін алуға ынталандыруға көмек көрсету болып табылады.

Мектепті жетілдіру мен өзгертудің тиімділігін арттырушы фактор ол - мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық екені анық. Желілік қоғамдастық жұмысына мониторинг жүргізудің мақсаты – осы аз уақыт ішінде орындалған жұмыстарға сараптама жасау. Осы қоғамдастық жоспар бойынша өткізген іс-шаралардың қаншалықты нәтижелі болғанын анықтау. Басты міндетіміз – мұғалімдердің кәсіби өсуіне және дамуына мүмкіндік беріп, қолдау көрсету. Таныстырылым арқылы атқарылған жұмыстардың мониторингін көрсетіп, қоғамдастықтың жұмысына үлесін қосқан қоғамдастық мүшелерін марапаттап, ынталандырып отыру – олардың жұмысына оң әсерін тигізеді.

Қорыта келе, мектептің даму жоспарын жетілдіру үшін желілік қоғамдастықтың маңызы зор. Желілік қоғамдастық арқылы мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасуы тиімді, себебі өз мектебіміздің ішінде ғана емес, басқа мектептер арасында да байланыс жүріп тұрады. Мұғалімдердің кәсіби қалыптасуына, шығармашылық деңгейінің өсуіне, жаңашылдыққа ұмтылуына қауымдастық септігін тигізеді. Қоғамдастық мүшелері жоспарланған жұмыстарды жүргізе отырып, көшбасшы, үйлестіруші және дамытушы ретінде мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне, мектептің дамуына өз үлестерін қосады деп ойлаймын.

 
 

Үлгі




(Мектептің толық атауы)

2017-2018 оқу жылына арналған қоғамдастық жоспары
Қоғамдастық атауы:

Зерттеу тақырыбы: (өз тақырыптары жазылады)

 Қоғамдастық мақсаттары:

- қауымдастық арқылы ой бөлісу, тәжірие алмасу, білім мен біліктілікті дамыту;

- мектептердің мұғалімдерінің арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру;

- кәсіби көмек беру, қолдау көрсету, ынталандыру;

Қоғамдастық міндеттері:

- қоғамдастық мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру;

- қауымдастық ішінде жағымды ахуал қалыптастыру;

- қауымдастық ережесін ұстану;



Күтілетін нәтиже:

- кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады;

- мектеп мұғалімдерінің профессионалдық деңгейі жоғарлайды;

- кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады;

- басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды;

- бірлескен тренингтер мен семинарлар ұйымдастырылады;

- мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады;

- инновациялық әдістер мен формалар зерттеледі және енгізіледі;



Қоғамдастық ережесі:

  - қоғамдастықтың әрбір мүшесі шынайы көзқараста болуы міндетті;

- әрбір мүше сенімді қарым-қатынас   жасауы керек:

- әрбір адамның пікірін бағалап, сыйластықпен қабылдау керек.

- тыңдау әдебін сақтау керек;   

- жағымды ахуалды бұзатын әрекеттер жасамауы тиіс;

- көзбе-көз қарым-қатынастарда, желілік байланыс кезінде жоғары мәдениетті сақтауы тиіс.

Жұмыс істеу қағидаттары: Сенімділік, ынтымақтастық, өзара қолдау. 




Кәсіби қоғамдастық мүшелері

Деңгейлік курстан өткен

Басқарушы

Үйлестіруші

Дамытушы

1
















  

 Қоғамдастықтың жұмысы жоспарланған уақыт аралығы:

Қыркүйек - мамыр 2017-2018 оқу жылы


Басшылық ету

Үйлестіруші топ

Дамытушы топ

Реформа жүргізу бағытында орындалатын жұмыстарды бағыттайды, басқарады және бақылайды. Жақсару жөнінде жоспар құрады, қоғамдастық қорларының бөлінуін және пайдаланылуын бақылайды әрі мүдделі адамдарды тартады.

Кәсіби қоғамдастықтың әртүрлі бөлімдері арасындағы қызметті реттейді. Мектептер арасындағы және кәсіби қоғамдастық ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды.

Оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының қабылдануына қолдау көрсету арқылы кәсіби қоғамдастықты дамытуға өз үлестерін қосады.



р/с

Іс-шара

Мерзімі

Күтілетін нәтиже

Бақылау/бағалау

Жауапты

1

Желілік қауымдастықтың

тобын бекіту. Қоғамдастық мүшелерінің міндеттерін бөліп беру. Қызығушылығы бар әріптестерді шақыру.




қазан

Қоғамдастық топ мүшелері бекітіледі.

Әркім өз міндеттерін анықтайды.









2

Коучиг-сессиялар

"Оқу барысында ішкі уәжді тудыру дағдылары"



Айына 1 рет


Оқушылардың сабаққа деген ынталары жоғарлайды.

Рефлексивті есеп

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер

3

"Оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың

ерекшеліктері" семинар



караша

Түсінік қалыптасады


Сұрақ-жауап

Басқарушы топ

4

Тәлімгерлік пен тәлім алушы үдерісі

аптасына 1 рет

Сенімділіктері артады.

Рефлексивті есеп

Басқарушы топ

5

"Жаңартылған бағдарлама бойынша орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру ерекшеліктері" мектепішілік семинар-сабақ

желтоқсан

Тиімді құрылған сабақ жоспары

Кері байланыс

Үйлестірушілер

6

Педагогикалық жинақтар:

- сабақ материалдарын жинақтау;

- оқу бағдарламаларының мұрағаты;

- сайттарға орналастыру.



Жылына 1 рет

БАҚ жарияланады

(пікір алмасады)



сертификаттау



Желілік қоғамдастықтың

барлық мүшелері



7

1. "Менің үздік сабағым"

2. "Менің зерттеу жұмысым" атты шағын жобалардың сайысы.

3. "Үздік коучинг" Желілік қоғамдастықта жеті модуль бойынша ең жақсы дидактикалық материалдарға конкурс жариялау.

Тренингтер топтамасын жинақтау.




Жылына 1-2 рет

Үздік жұмыстар марапатталып, сайттарға жіберіледі

Сарапшылар нәтижесі бойынша


Үйлестірушілер

8

Блоктарды, мұғалімдер форумдарын ұйымдастыру, беттерге коучинг сұхбаттары, тәлім алушылар фотогалерялары.. сұхбат-клубтарын, Lesson Study,

бірлескен семинарлар ұйымдастыру.



3 айда 1 рет

Ұйым мүшелері арасында байланыс орнайды

Ішкі хаттама,

сұхбат


Барлық қоғамдастық мүшелері

9

1) Өз желілік байланыстарымдағы білім жаңалықтары,

2) Құттықтаулар, құттықтау беттері мен күнтізбелер



үнемі

ЦПМ, білім сайттары

Жаңалықтар таспасы

Дамытушы топ

10

Бірігу шаралары

Кофе брейк

Кездесулер, бірлескен конференциялар,

онлайн сабақтар



Айына 1рет

Жаңа ойлар, жаңа идеялар

 

 



 

Білім сайттары.

Көмекшілер

11

Мониторинг

Тоқсан сайын

диаграмма




Басқарушы топ







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет