Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Диктанттың белгіленген нормасы төмендегідей:
5-сыныпта-50 сөз;
6-сыныпта-60 сөз;
7-сыныпта-70 сөз;
8-сыныпта-80 сөз;
9-сыныпта-90 сөз;
10-сыныпта- 100 сөз;
11-сыныпта-110 сөз.
5-сынып
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру, сауатты жазу дағдыларын бақылау.
Абайдың Әзімбайдан естіген соңғы суық хабарын, қазір Оспан «қат-қабат қуаныштың» бірі есепті ұсынып отыр. Абай біледі, Базаралыға өштікте, ожар томырық Оспан, Тәкежаннан кем түспеген болу керек. Анау арамдағы болмаса да, өр кеуделікте бұның да зілі көп. «Ұстаған жерде қолы, тістеген жерде тісі кетеді» деп, қақпайлап, теріске әкететін Майбасарлар аз емес. (М.Әуезов, 50 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |