Баяндама Дайындаған: Алтынсарина А. Ж. Топ: Фил2-20-111-10 Тексерген: Исенов Ө. И. Саяси сала



бет1/3
Дата26.12.2021
өлшемі22,06 Kb.
#105777
  1   2   3
Байланысты:
Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері


Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Баяндама

Дайындаған: Алтынсарина А.Ж.

Топ: Фил2-20-111-10

Тексерген: Исенов Ө.И.



Саяси сала

1917 жылғы күзге қарай революциялық уақиғалар ұлттық аймақтарға, сонымен қатар Қазақстанға да келіп жетті. Өлкеде кеңес билігінің орнауы басталып, 1918 жылдың көктеміне қарай аяқталды. Қазақстанның ауылдары мен селоларының көп бөлігінде кеңес билігінің орнауы Азамат соғысы басталғанша жалғасты.

Қазан революциясын «Алаш» партиясының жетекшілері сақтықпен қабылдады, өйткені олар Ресей халқының ұлттық дамуындағы тиісті сұрақтардың кеңес үкіметі тарапынан орындалатынына күмәнданды. Сондықтан, Кезекті жиналыс Қазақстанның заң жүзінде егемендік алу мүмкіндігі болып табылады деп есептеді.

Қазақ даласындағы жалпы-саяси өміріндегі маңызды оқиға І және ІІ жалпықазақ съезі болды. 1917 жылы желтоқсанда Орынборда өткен ІІ съезде келесі сұрақтар қойылды: ұлттық кеңестік қазақ облыстарында өздерінің «Алаш» атымен білім беру, білім, халықтық сот, сауда мәселесі. Съезд маңызды екі шешім қабылдады: Алаш автономиясының білім беруі туралы және өзіндік ішкі қарулы күштерді құру. Сонымен қатар, қазақ милициясын құру жоспары құрастырылған болатын. Оның әрбір облысқа белгілі бір мөлшері, үйрету және уездер бойынша жабдықтау туралы қарастырылды.

Кеңес үкіметіне қарсыласу ошағы 1917 жылы қарашада Жетісуда болды, мұнда әскери кеңесті ығыстырып, өзінің билік режимін орнатты.

Кеңес үкіметіне қарсы ең үлкен соққы ретінде Чехословак әскери корпусы болды, ол 1918 жылы мамырда басталды. Олар үлкен территорияны Челябинскіден Владивостокқа дейінгі жерді басып алды.

Қазревкомның негізгі міндеті өлкені автономияға дайындығын қамтамасыз ету. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлар кеңесі (ХКК) «Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялы Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылдады. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы еңбекшілері құқықтарының декларациясын қабылдайды, ол декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қаз. АКСР құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы С. Меңдешовты және Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) басшысы В. Радус-Зеньковичті сайлады. Астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. 1925 жылы Қырғыз АССР аты РСФСР құрамындағы Қазақ АССР деп өзгертілді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет