Эканомикалық сала
1917 жылғы күзге қарай Ресейде бұрын болмаған қиыншылық және мемлекет қорының таусылуы басталды. Өндірістік сектордың өнімі 1916 жылмен салыстырғанда 36,5 пайыз азайды. Әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа, сонымен қатар саяси дағдарыс – Бірінші дүниежүзілік соғыс қосылды.
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді. 1925 жылдың аяғына қарай өндірістік өнімді өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті және соғыстың алдындағы деңгейге 2/3 жуық мәнге ие болды. 1921 жылғы 17% өндіріс мекемесіне қарсы 60%-дан астамы іске қосылды. Республиканың ауыл шаруашылығының дамуының жағымды жақтары біліне бастады. Егін егу алқабы 3 млн га-ға жетті, астық жинаудың соғыс кезіне дейінгі деңгейі қалпына келтірілді. Мал өсіру саласы дағдарыстан шыға бастады. 1922 жылмен салыстырғанда мал басының саны 1925 жылы екі есе көбейді. Теміржол магистралінің жұмысы қалыпқа келді. Қайтадан теміржол тармақтары іске қосылды: Петропавл-Көкшетау, Славгород-Павлодар және басқалары. Өзен транспорты қалпына келтірілді.
Индустрияландырумен қатар жоғары мамандандырылған инженер-техник жұмысшыларының кадрын дайындау үрдісі жүрді. Егер 1926 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшылардың саны 10,7%, 1939 жылы олардың саны 33,8% болды.
Соғыс жылдарында Қазақстанның басты қалаларында орналасқан өндірістер қысқартылды. Қысқартылғандармен қоса 1941-1945 жылдары 465 өнеркәсіп салынды. Қазақстан одақтық көлемнің 85% қорғасын, 70% жартылай металды руда, 65% висмут металын, 50% қорғасын рудасын, 30% қара қорғасын, 20% вольфрам, 60% молибденін өндірді. Қарағанды шахтерлері соғыс алдында 34 млн т көмір өндірді және мұнайдың өндірілуін 39% -ке өсірді.
Майданға ересек адамдарды мобилизациялау ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің қатарын қысқартты. Соғыс аяғына қарай көптеген колхозда жұмыс істеп жүргендердің 86% әйелдер құрды.
Қиындықтарды жеңу арқылы ауыл еңбеккерлері соғыс жылдары майданға 30,8 млн пұт нан, 15,8 мың центнер ет, 14,4 мың картошка мен көкөністер, 176 мың центнер жүн берді. Бұл соғыс алдындағы 5 жылдағы өсімінен жоғары болды.
1976-1980 жылдары салынған және іске қосылған ірі өндірістік орындар саны 117-ге, 1981-1985 жыл аралығында 60 қа тең болды. 1970 жыл басынан реформалар қабілетсіздігі көріне бастады.
Қазақстан экономикасында шикізаттың бағытталуы 70-80 жылдардағы өнеркәсіптік өндіріс пен кәсіпорындардың халыққа қажетті тауарды өндіруі өте төмен дәрежеде болды. 60% халыққа қажетті тауарлар кеңестік Республиканың басқа елдерінен келді. Олар негізінен Қазақстан шикізатынан жасалатын болды.
Экономиканы бір орталықтан басқару әдісі болды. Қазақстанның 50% жуық өндірісі, республика қызығына көңіл аудармау, әлеуметтік ортаның дамуы табиғи ортаның қорғау кеңестік министерстволардың бақылауында болды. Қайғы қасірет әкелген 8372 шаршы шақырымды алған Семей ядросының полигоны болды. 40 жыл ішінде (1949 ж. бастан) Семей және басқа полигондарда барлығы 470 тей (715-і Кеңес одағында жүргізілді) ядролық қарулар жарылысы болды: 26-сы жер бетінде, 87-і әуеде, 354-і жер астында. 17 жер асты ядролық қарулар жарылысы Азғыр және Каспий өңірінде, және 21 жарылыс республиканың басқа аймақтарында болды. Қазақстанда 100 мекен ядролық жарылыстарының қалдығымен анықталды. Радиоактивті техникалық ластану 35 шаршы шақырым жерді алды. Ядролық ақпарат құрылымы көлемді аумақты радиоактивті ластады және көптеген аурулардың пайда болуына әкелді.
Көптеген мәселелердің нәтижесінде 1981-85 жылдар аралығында Қазақстанда совхоздар мен колхоздардың 53% жойылды, ал шығын көлемі млрд теңгені құрады. Қалдық көрсеткіштерге жету мақсаттарында төменгі тұқымды, яғни аз өнім беретін қара малының санының өсуіне әкелді. 1981-85 жж. мал басының өсуі тоқтатылды, қой етін өндіру 1970-85 жж. 19% қысқартылды және семізділігі де төмендеді.
Достарыңызбен бөлісу: |