Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
«Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Баяндама:
«Жаңа технологиялар негізінде оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту»
Дайындаған бастауыш сынып мұғалімі:
Сомкина Жазира Серикпаевна
1 слайд
Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар!
Бүгін тағы бір жаңа оқу жылының басталар шағында кездесіп отырмыз.
Сондықтан, ең алдымен, баршаңызды келе жатқан Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
2 слайд
Баяндама тақырыбым:
"Жаңа технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту"
Баяндамамдым Л. С. Выготскийдің мына сөзімен бастағым келіп тұр.
«Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы»деген екен.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,- деп Міржақып Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді: Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.
Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.
3 слайд
Сондықтан, оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудағы алға қойған мінттетерім:
-Оқушыларды мұғалім тәуелділігінен арылтып , шығармашылық жұмыстарға аралыстыру;
-Ұжымдық қарым – қатынас негізінде ортақ шешім табуға баулу;
-Дарынды тұлға ретінде «мен» деген пікірді қалыптыру.
4 слайд
Ұстаздар қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады.
Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Мынанда технология түрлері бар.
(технологияларды атап кету)
Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, эссе, ой қозғау, шығу парағы, кластер, іші , синквин, т.б. СТО бағдарламасын қазақ тілі және әдебиеттік оқу сабығында осы жүйемен өтілген сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа , елге,айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көсбасшылық қабілеттері қалыптаса бастады.
5 слайд
Достарыңызбен бөлісу: |