Қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарында қарастырып қою қажет
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңыздылығын іске асырсақ осындай қауіп –қатерлердің алдын алатынымыз анық:
- Біліктілікті арттыру курстарынан өту, алған білімді іс-әрекетте қолдану
-Оқушыларға ,ата-аналарға жақсы көз-қарас қалыптастыру
-Ата-аналармен тығыз байланыста болу қажет
-Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін сабақта жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану
- Оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасын арттыру
- оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімін белгілеу
Қорытынды
Қорытындылай келе ,Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталған. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – ол білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз өзінің жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп отыр. Еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың жолында. Ал білімді ұрпақтың тірегі –жаңашыл білімді ұстаздардың қолында . Қазақта жақсы бір мақал бар «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы » деген ,сол атқа кір келтірмей тәртіпті де өнегелі, білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу біздің жұмысымыздың жемісі , Құрметті Ұстаздар сіздерге талмас қанат,қажымас қайрат тілеймін! Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы
«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», ІІ деңгей
«Мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық»
Достарыңызбен бөлісу: |