Баяндама Орындаған: Тексерген: Тақырыбы


Алдын алу үшін жасалатын шаралар



бет5/6
Дата24.12.2021
өлшемі32,31 Kb.
#104743
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Баяндама 2

Алдын алу үшін жасалатын шаралар:
- Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік
қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі,
көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі
бар. Біріншісі, тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, оған
шектеулер және жазалаулар жатады. Ата - аналары баланың уақытында сабақтан
келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап,
тексеруі жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші
түрі, көмекші қадағалау – бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата-
анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі
мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға
махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі,
жасөспірімдерге үміт артып,сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы
келмейді.
- Жасөспірімдердің көбі, зерттеу жүргізгенде жасалатын қылмыс үшін қандай
жазалар өтейтінін білмегендігін айтады. Сондықтан, жасөспірімдерге қылмыс
жазалары туралы семинарлар жүргізу керек.
- Жасөспірімдер сабақтан тыс өте көп уақыттары бар. Сондықтан қазіргі
кездегі “дворлық клубтарды” әрі қарай дамыту керек. Бос уақытын босқа
жібермей спортпен шұғылданып, пайдалы іс- әрекеттермен айналысу керек.
Қылмыс пен жаза

Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында белең алып отырған түрлі құқық
бұзушылыққа бару қоғам дертіне айналып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің
болашағы жастар десе, осы жастарымызға білім мен тәрбие беру бүгінгі күнде
ұстаздар қауымына жүктеліп отыр.
Десекте қоғамдағы қитұрқы оқиғалар, теледидардағы түрлі бейнетаспаларды
көрген мектеп оқушылары кез-келген уақытта құқық бұзып немесе өз-өзіне қол
жұмсауға дейін баруы мүмкін. Осыған орай орта мектеп-гимназиясында Қылмыс
және жаза атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық сабаққа қалалық
кәмелетке толмағандар ісі бөлімінің инспекторы Ж.Турлин, қалалық емхананың
педагог-валеологы С.Мадыбаева, мектеп әкімшілігі және бірнеше сынып
жетекшілері қатысты. Құқық пәнінің мұғалімі Н.Отарбаева өзінің жаңа
технологиялардың пайдалану арқылы өткізген сабағы қатысқан қонақтар мен
оқушыларға үлкен ой салып, пайдалы мағлұматтарға толы болды. Оқушылар
қазіргі кездегі жастар арасындағы өзін-өзіне қол жұмсау және бұзақалық,
нашақорлық туралы және олардан арылуы жайында өз ойларын ортаға салды. ХХІ
ғасырдың соңғы ақпараттық технологиясымен жабдықталған сынып кабинетіндегі
көрнекі құралдар да тақырыпқа сәйкес пайдаланылып сабақтың мәнін аша түсті.
Сонымен қатар, оқушылар көтерілген мәселелерге зейін қойып, өз ойларын ашық
әрі түсінікті айтуға тырысты. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі
болып отырған жасөспірімдер арасындағы қылмыс және оны болдырмау мен алдын
алу шаралары жайлы кеңінен мағлұматтар беріліп, оқушылардың заң, құқық,
қылмыс туралы білімдері жетілдірілді. Психологиялық кейбір жайттармен
ұштасқан сабақ барысы қызықты болып, екі сабақты құрады және оқушылар үшін
маңызды ақпарат көптеп әсерін тигізді толы болды десек артық айтқандық емес
болар. Құқықтық тәрбие беру ісі бүгінгі таңда жастарға білім беруде аса
маңызды мәселе болып отыр, сол үшін оқушылар арасында аянбай жұмыс
істеуімізге тура келеді. Редакциядан: ОМГ тәрбие ісінің орынбасары Х.Алимбекова “Қылмыс пен жаза” мақаласын орынды жазып отыр. Себебі, Тұздыбастаудағы оқиғадан соң ғана ішкі істер министрлігі “оқушылар ісін” анықтауға шындап кірісіпті. Алайда
әскердегі әлімжеттіктің оқушылар арасында дәндеп бара жатқаны ата-аналардың
барлығын алаңдатып отыр. енді ауыл тұрғындары блаларын әскер түгілі,
мектепке жіберуден жүрексінетін жағдайға жеткен сияқты. Қосқыршын Сержан
мен Абайдың қысқа өмірі елімізде қайталанбай-ақ қойсын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет