Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің сыныптамасы
· Нақты еңбекті ұтымды пайдалану
· Өнімнің материалды қажетсінуін төмендету
· Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту
|
|
· Өндірістің техникалық деңгейін жақсарту
· Өндірісті жақсарту және еңбекті жақсарту
· Өндірілген өнімнің құрылымы мен көлемінің өзгеруі
· Тағы басқа факторлар
|
|
Өзіндік құнның өзгеру факторлары
|
|
Орында пайда болуы бойынша
|
|
Өзіндік құнды төмендету резервтері
|
|
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні – әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:
Материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамынан шегерілуі);
Еңбекақыға жұмсалған шығындар
Әлеуметтік сақтандыруға аударым;
Зейнетақы қорына аударым;
Амортизация
Басқа да шығындар.
Өндіріс шығындары төмендеудің негізгі бағыттары
Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында заллды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
Экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын- энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың негізінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде анқты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудыңшартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуын сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
өндірістің техникалық деңгейін көтеру
өндірістің материал, отын, энегрия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;
басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорлады пайдалануды жақсарту, т.б.
ІІІ. Қорытынды
Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын табысы өндірісіне шығындар тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім өндірісіне шығындар- ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді.
Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Кәсіпорын өнімді толық өзіндік құнмен сатады, өткізеді. Неғұрлым өзіндік құн төмен болса, соғұрлым өндіріс тиімділігі жоғары болады.
Кәсіпорынның өндіріетін әрбір өнімнің толық өзіндік құнын біле отырып, сатып алушыға осы өнімнің өткізілу бағасын немесе құнын анықтауға болады. Өзіндік құнды азайтудың ерекше мәні бар, ол пайданы молайтудың басты көзі.
Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.
IV. Қолданылған әдебиеттер
Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.
Грибов В.Д., Грузинов В.П. . Экономика предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.
Жалпы экономикалық теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004
Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.
Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие успеха/ В помощъ предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000
Сабырбаев Б. Экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995
Достарыңызбен бөлісу: |