Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Жаратылыстану –математика факультеті
Жаратылыстану ғылымдарының кафедрасы
Баяндама
Тақырыбы: Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Орындаған: Исмагулова Айгерим
«Химия», 3 курс
Тексерген: Сатыбалдина Раушан Алимжановна
педагогикалық ғылымдарының магистрі, оқытушы
Қостанай 2020ж
Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі балалар, барлық оқушылар бірдей біліммен қамтасыз етіледі. Осыған орай: «Білім – таусылмайтын кен.» - дей келе әрбір бала білім алуға құқылы, сол себепті балалар арасында дискриминация туырмай, керісінше ортаға, қоғамға іліктеу ең маңызды іс болып табылады. Осыған орай сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу үлкен мәселе. Инклюзивті білім – бұл мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуына, яғни кедергілердің жойылуына және олардың саналы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі. Инклюзивті оқытудың басты мақсатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан алыстатпай, өздерін қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру, басқа да дені сау балалармен бірдей білім алуын қамтамасыз ету деп білемін. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген, зерде бұзылысы бар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту-түзету жұмыстарының қарқынды жүргізілуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Күннен күнге мүмкіншілігі шектеулі, зердесі бұзылған балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды мүгедек адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Бұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз-өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор. Зерде бұзылыстары бар балаларға білім беруде маңызды педагогикалық шарттардың бірі – олардың білім алуға деген қызығушылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру.
ХХІ ғасыр - ақпараттық ғасыр. Қазіргі кезде қоғамның барлық саласын ақпараттандырусыз, компьютерлендірусіз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологияларды қолдану оқу-тәрбие үрдісінің сапалы әрі қарқынды жүргізілуіне оң ықпалын тигізуде. Баланың жеке тұлғалық дамуында, сапалы білім алуында, танымдық қабілеттерінің артуында ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен интернеттің жаһандық желісі зерде бұзылысы бар балалардың білім алуында жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Компьютерлендіру немесе ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың бірнеше артықшылықтары бар. Атап айтар болсақ:
- Ақпараттың ойын түрінде компьютер экранында көрсетілуі балалар тарапынан қызығушылық тудырады;
- Қимыл, дыбыс, анимация түріндегі мультимедиялық оқу материалына баланың назары ауады;
- Баланың танымдық белсенділігін арттыруға көмектеседі;
- Компьютер алдында дербес әрекет ету арқылы баланың бойында өзіне деген сенімділік қалыптасады;
- Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде жеке оқыту түрі жүзеге асады;
- Оқу материалын меңгеру барысында есте сақтау жады жаттығып, сөздік қоры молаяды, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Бүгінгі таңдазерде бұзылыстары бар балаларды түзету, білім беру үрдісіне жаңа компьютерлік технологияларды енгізу қажеттігі - айқын мәселе. Түзете отырып оқыту арқылы ықпал етудің дәстүрлі әдістерімен үйлесімділікте ақпараттық технологияларды қолдану - баланың ақыл-ойының, моторикасының, көру және моторлық анализаторларының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бұндай балаларға білім беруде оқыту мен дамытуға арналған компьютерлік ойындар маңызды рөл атқарады. Зердесі бұзылған бала бойындағы дефектіні түзеу үшін тәжірибелі маман үшін бірнеше ай қажет десек, бұл дефектіден арылуға компьютермен жұмыс тез әрі оңай көмектеседі. Компьютердегі қарапайым түрінен күрделісіне дейінгі ойынды үйренуде баланың саусақпен қажет пернелерді баса алуы – ұсақ моториканы жетілдіруге көмектеседі. Қолдың қозғалысы баланың көзбен бақылап отырған экранында түрлі бейнелердің қозғалуын қамтамасыз етеді. Ойынның мақсатына жетуде дұрыс шешімнің табылуы - баланың тиісті пернені басып, экрандағы бейненің қажетті бағытта жылжуын қамтамасыз етуіне байланысты. Осылайша, арнайы қосымша сабақсыз-ақ, баланың көру-моторлық координациясы дамиды. Егер бала компьютермен жұмыс істеуде қиналатын болса, тиісті пернені басу үшін қандай іс-әрекетті орындау керектігі туралы қосымша мәлімет беретін арнайы ұяшықтар жасап қою қажет. Сонымен қатар экрандағы бейнелердің қимылын тездету немесе баяулату арқылы қозғалыстың бағытын балалардың тез түсінуін жеңілдетуге болады. Баланың қолының жазу-сызуға бейімделуі үшін түрлі кескінді суреттердің, бояудың, сурет салудың үлкен көмегі бар екенін білеміз. Осы мақсатта арнайы дамытуға арналған бояуға арналған компьютерлік бағдарламалар немесе кәдімгі «Paint» графикалық редакторын пайдалануға болады. Зердесі бұзылған, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы сайттарда балалардың зейінін шоғырландыру мен тұрақтандыруға қатысты түрлі ойындар беріледі. Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қойылымдардың маңызы мен мазмұны туралы баспасөз материалдарында да жарық көруде. Бала зейінінің өзге нәрсеге алаңдамай, тұрақтануында қолданылатын ойындардың бірінде экрандағы ойын алаңының жоғарғы жағында бірнеше секунд көлемінде аңдар пайда болады. Ойын алаңының ортасында пайда болатын сары түсті шаршы пішініндегі ұяшықтарды басу арқылы қанша аңның көрсетілгенін көрсету үшін бала көргенін есте сақтап қалуы керек. Зердесі бұзылған балаларды оқыту үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Баланың оқу материалын қабылдауының тиімділігін арттыру үшін кәдімгі «Power Point» компьютерлік бағдарламасының презентациясын пайдалануға болады. Үнемі жазу немесе көшіру зердесі бұзылған, ауытқушылығы бар балалардың бойында жазудағы қорқыныш,өзіне деген сенімсіздік, оқуға ынтаның төмен болуын қалыптастыратыны бәрімізге белгілі. Ал ақпараттандыру технологиясының көмегімен оқыту осы мәселелердің оңтайлы шешімін тауып, балаларды түзете отырып оқыту процесін жеңілдетеді. Компьютердегі жұмыстың түрлі-түсті, бейнелі болып келуі, жоғарыда айтқанымыздай, баланың бойында жағымды көңіл-күй қалыптастырады, ал бұл жайт- ұстаз үшін оқытудағы жетістіктің кепілі. Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектептер арнайы білім беруден мемлекеттік жүйесін құрайтын бөлігі. Соқырларға және нашар көретіндерге арналған мектептерде оқыту мен тәрбиелеу дамымай қалған функцияны компенсациялауға және қалыптастыруға бағытталған негізгі міндеттер мен принциптерді түзеді.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер мына қызметтерді атқаруы тиіс: оқыту-тәрбиелеу, түзетіп-дамыту, санитарлық-гигиеналық,емдеп-тәрбиелейтін, әлеуметтік-бейімдейтін.
Соқыр және нашар көретін балалардың психикалық дамуы, компенмсаторлық процестердің қалыптасуы біріншіден әлеуметтік жағдайға және біліміне тәуелді.
Елімізде көру бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде арнайы мектептің дамыған желісі бар. Кейбір жалпы біім беретін мектептерде көзді алдын-ала сақтау сыныбы болады.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер ( IIIжәне IV түрдегі арнайы мектептер) үш сатыдан тұрады.
I саты– бастауыш мектеп, II саты – негізгі мектеп және толық емес орта мектеп, III саты – орта мектеп. Мектеп сатылары бала дамуының негізгі үш этапына сәйкес келеді: балалық шақ, ересектік, жасөспірім.
I сатыдағы мектеп: баланың тұлға ретінде қалыптасуын оның потенциалдық мүмкіндіктерін толық дамытуды, емдеуді, көз гигиенасын сақтауды, оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруді қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепке көру арқылы қабылдау, есту, логопедиялық жаттығулар, кеңістікте бағдарлану жұмыстары жүргізіледі. Бастауыш мектеп оқушылары оқу іс-әрекет дағдысына, жазуға, санауға, түсінгенін айта білуге, гигиена талаптарын орындауға, өзін-өзі күте білуге үйренеді. Оқу арнайы жоспар бойынша, программамен, оқулықпен жүргізіледі.
II сатыдағы мектеп: жалпы білімдік және еңбекке дайындықтың негізгі фундаментін қалайды. Таным, қимыл-қозғалыс сферасының түзету жұмыстары жалғасын табады. Толық емес орта мектеп балалардың потенциалдық мүмкіндіктерін дамытады. Ғылыми көз-қарасын қалыптастырады, әр түрлі еңбек іс-әрекетінің түрлерін таңдай алу мүмкіндігін арттырады.
III сатыдағы мектеп: жалпы білім беру дайындығын және кәсіптік оқу курсын тамамдауды қамтамасыз етеді. Орта мектеп әлеуметтік-психологиялық бейімдеушілікке, олардың өмірінде еңбектің белсенді қатысуына жағдай жасалады. Осы мақсатпен оқу жоспарына баланың өзінің қалауы бойынша таңдалатын факультативтік сабақтар қосылған. Соқыр және нашар көретін балаларға арнлаған жалпы білім беру мекемесінің арнайы сыныптарының орыс тілі, математика, айналамен танысу, табиғаттану программалары жай мектептегі өтілген материалдың мазмұны мен көлемі жағынан аналогикалық программаға сәйкес келеді. Арнайы білім беру программалары көрмейтін және нашар көретін балалардың даму ерекшеліктері бойынша құрылған. Мұнда қабылдауды, көрнекілік-бейнелік ойлауды дамытуға арналған түзету – компенсаторлық жұмыстың керектігі ескерілген.
Осы программамен коррекциялау және компенсациялау әдістерін қолдану негізінде тифлорқұралдарын, релифтік-графикалық оқулықты (соқырларға), жалпақтаңбалы оқулықты (нашар көретіндерге) қолдану қарастырылған.
Ана тілін үйретудегі программаның ерекшелігі.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектептің бастауыш сыныбында өз ана-тіліне үйрету программасының ерекшелігі дайындық кезеңінің ұзақтығы болып табылады. Бұл жұмыстар ана тілін үйретудегі келесі этаптарда да жалғасады. Соқырларға арналған мектептің тілді үйрену программасының өзіндік ерекшелігі, онда тактилді қимыл-қолзғалыс сезімінің негізінде Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуға көп көңіл бөлетіндігі болып табылады. Математика сабақтарында көлемі, формасы, саны жағынан жақты білімнің қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Нашар көретін балаларға арналған мектептегі «Айналамен танысу және табиғаттану» программасында экскурсия мен практикалық сабақтар саны көбейтілген. Көшеде жүруі үшін арналған таяқшаны қалай қолдану керектігі жөнінде үйрететін арнайы сабақтар да бар. Орта мектептегі көру бұзылыстары бар балаларды оқыту программасы жалпы білім беретін мектептің программасымен сәйкес келеді, бірақ мұнда арнайы әдістер, тифлотехникалық құралдар қолданылады. Көру бұзылыстары бар балалар жалпы мектепте оқуға болады, бірақ оған арнайы білім беру жағдайы қарастырылуы керек. Арнайы тифлопедагогпен, тифлопсихологпен жұмыс жүргізу керек. Көру бұзылыстары бар балалармен арнайы түзету жұмыстары ритмика, емдік денешынықтыру, сөйлеу тілі бұзылуын түзету, көру арқылы қабылдауды дамыту және т.б. жұмыстар жүргізіледі. Көрмейтін және нашар көретін, бірақ интеллектуалдық бұзылыстары жоқ балалар, білімді негізгі орта немесе жалпы орта білімді немесе арнайы психологиялық–педагогикалық қолдау алу арқылы, қалыпты дамитын балалармен бірігіп оқу процесінде алады.
Соқырлар (көрмейтіндер) – көру бұзылыстары бар тұлғалардың бір категориясы олардың көру түйсіктері мүлдем жоқ, қалдықты көру немесе сәуле қабылдау түйсіктері бар (көзілдірік) түзетуімен жақсырақ көретін кезде - 0,04-ке дейін және прогредиентті аурулары мен көру шеңбері тар (10-15-ке дейін), көру өткірлігі 0,08-ге дейінгі тұлғалар.
Көру бұзылысының деңгейіне байланысты тұлғалар бөлінеді: абсолютті (тотальды) соқырларға (екі көзге де), көру қабылдауы жоқ және соқыр адамдар, олардың сәулені, түсті заттардың пішінін қабылдауға мүмкіндік беретін сәулені қабылдау түйсіктері сақталған.
Нашар көретіндер – көзілдіріктің көмегімен жақсырақ көретін көзді түзетуде 0,05-тен 0,2-ге дейін көру өткірлігі сақталған, көру бұзылыстары бар тұлғалардың бір категориясы. Көру өткірлігінің төмендеуімен қатар нашар көретіндердің көру қызметтерінің қалпында басқа да бұзылыстар болуы мүмкін (түсті және сәулені қабылдау түйсіктерінде және т.б.).
Нашар көретін оқушылар жалпыға білім беретін мектептің үлкен шрифтпен басылған және көру қабылдауына әсер ететін арнайы өзгертілген суреттері бар кітаптармен оқытылады. Көрмейтін балалар Брайль жазу жүйесінің көмегімен оқытылады. Нашар көретін балалар үшін сыныпта жағымды жағдай жасалуы керек – нашар көруге сәйкес анық сызылған сызықтары бар дәптерлер, көмек көрсетудің оптикалық және техникалық құралдары:
- офтальмолог ұсынған көруді түзету тәсілдері (көзілдірік, линзалар, лупалар, телескопиялық көзілдірік);
- табиғи жарықты реттеуге арналған құралдар;
- оқу, жазу, сурет салу, суреттерді қарау кездерінде дұрыс отыруды қамтитын арнайы бір орындық парталар;
- оқушыларға арналған арнайы құрал-жабдықтар (Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқу машиналары, Брайль шрифті орнатылған жазу машиналары, рельефті сурет салуға арналған «Оқушы» құралы, оптикалық құралдар - лупалар, линзалар, телескопиялық құралдар);
- тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электрондық құралдар).
Тәрбиелеу – білім беру процесі кемістіктің құрылымы, деңгейі және көру бұзылысының мінездемесін ескере отырып тифлотехникалық тәсілдер мен арнайы құрал-жабдықтарды міндетті түрде қолдану арқылы жүргізіледі. Соқырлар мүмкіндігінен кеш айырылған балаларға арналған құралдар сипап сезу мен көру-сипап сезу қабылдауды қолдануға негізделеді. Түзету жұмысында көру бұзылыстары бар балаларға оқу және басқа да мәліметтердің қолжетімдік шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беретін ерекше дидактикалық материалдар мен арнайы көрнекіліктер қолданылады.
Дамуында бұзылыстары бар балалардың ауытқушылықтарын түзету жұмысын топтық және жеке түзету сабақтары арқылы мұғалім-дефектолог (тифлопедагог) жүргізеді (көріп қабылдауын, сипап сезу және ұсақ моториканы, әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістікте бағдарлануын дамыту).
Көру мүмкіндігі шектеулі бала үшін мектепке кіре берістегі текпешектің соңғы баспалдақтарын анық түстермен сырлау керек, міндетті түрде ұстағыштары болуы тиіс, олардың биіктігі үлкен сыныптар үшін 70-90 см, ал бастауыш сыныптар үшін 50 см. Есік қанық түсті болуы қажет, егер есіктер әйнектен болса, онда оның ашылатын бөлігі қанық түсті болуы керек. Дәліздің периметрі бойынша ұстағыш жасалуы керек, бала оның көмегімен мектепте қозғалып, бағдарлана алуы тиіс. Әрбір бөлмеде еденнің қапталуы түрлі материалдардан болған жағдайда бала оңай қозғала алады. Киім шешетін бөлмеде көру бұзылысы бар балалар үшін ұстағыш, орындықтар, киім ілгіштер ыңғайлы жасалған кеңістік жабдықталуы керек. Баланы бұл орынға бірнеше рет ертіп алып бару керек, ол сонда өз орнын есінде сақтап алады. Сыныпта баланың бір орындық партасы рельефті материалмен немесе еденнің беті кілеммен қапталуы керек.
Қорыта келе, Ұлы педагог Ян Коменский: «Дидактиканың алтын ережесі - көрнекілік» деп орынды айтқан. Қазіргі кезде көрнекіліктің барлық түрін ақпараттық технологиялар беруде. Ақпараттық технология – балалардың қажетті білімді, дағдыны игеруіне таптырмас көмекші құрал. Зердесі бұзылған балаларды түзете отырып оқыту процесінің тиімділігін арттыру үшін ақапараттық технологиялар мүмкіндігін мейлінше мол қолдану – ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан әр педагогтің міндеті.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
Достарыңызбен бөлісу: |