Баяндама тақырыбы: 12 жылдық білім беруде психологиялық қызметті
ұйымдастыру жолдары
Дамуы сонау көне заман қойнауынан бастау алған жантану ғылымы күнделікті өмірге қарқындап еніп келеді. «Өзіңді – өзің тани біл» деген Сократ тұжырымының өзектілігі де артып барады. Психология ғылымымен жақсы таныс адам өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас ішкі болмысын танып білуге зор мүмкіндік алады.
Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті - психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Б.Ф. Ломов: «Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары» атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «бүгінгі күнде психология әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады» – деп жазады. Осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі – психиканың іс – әрекетте даму принципі болып табылады. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады.
Қазіргі педогогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құру, оны сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы басты мақсат мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл алты жасар балалардың бойында оқу қызметін меңгерту, олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыттарының бірі ретінде танылуда. Сонымен қатар 12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |