Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі кешірмесі белгілейді.
АДамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады.
Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.
Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады.
Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.
Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. (Қазақтың "көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді" деген мақалында айтылғандай, өзі ұмытып қалған "өз сырын" білген соң адам психикалық ауытқудан айыға бастайды екен).
Психоанализдік емдеу амалы таласты тақырып болса да, кейбіреулер жағынан соқыр сенім деп бағаланса да, бірақ оның рухани ауруларды емдеуді көздейтін психиатрия ғылымына өте-мөте ықпалы зор болды. Сондай-ақ Фрейдтің бұл жасампаз идеялары заң саласында, әдебиетте, философияда, психология ғылымында кең көлемде әсер пайда қылып, еуропа және АҚШ елдерінде психологиялық ізденістің жаңа дүмпуін туғызды.
Фрейд адам психикасын Өз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен (Superego) сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді. Астынсана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It (өзі, нәрсеге қаратылатын ол мағынасында, "Өз" деген сөз жақын келеді) деп атап, «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп бағалайды. Адамның саналы Мені — Өз бен (Астынсана) қоршаған дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл құрылым «шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның астынсанасына қызмет көрсету. Адам Мені Өзді өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы көрсетеді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін.
Астынсанада белгілі бір жағдайда сана аймағынан ауытқып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен арулану (сублимация) арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған ЛИБИДО (жыныстық қуат) импульстары мәдени шығармашылықтың қайнар көзі мен құпиясы есептеледі. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді.
Фрейд адамның психологиялық өмірі туған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фрейд психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады.
Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау.
Кейінгі еңбектерінде Фрейд екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, енді бірі тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды.
Психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді.
Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары астынсананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.
Достарыңызбен бөлісу: |