29
Діни сенім бостандығы
атап айтуымыз керек. Әсіресе, бұл әйелдер мен балаларға қатысты.
Мысалы, 2019 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар-
баевтың тапсырысымен Сириядағы ұрыс алаңдарынан Қазақстан аза-
маттарын қайтару үшін төрт кезеңнен тұратын гуманитарлық «Жусан»
62
операциясы жүргізілді. Бұл іске арнаулы құрылымдардың қызметкер-
лері, әскерилер, дипломаттар және басқа да осыған қатысты құрылым-
дардың адамдары жұмылдырылды. Гуманитарлық акция АҚШ-тың логи-
стикалық және сириялық демократиялық күштердің қолдауымен жүзеге
асты.
63
2020 жылдың басында «Жусан» операциясының қорытынды-
ларды бойынша Ұлттық Кауіпсіздік Комитеті (ҰҚК) Youtube парақшасында
төмендегідей ақпарат берді: «2019 жылы ҰҚК-нің үйлестіруімен Сириядан
595 Қазақстан азаматы қайтарылды. Операцияның бірінші кезеңінде –
47 адам, онын алтауы еркек, 11 әйел, 30 бала. Екінші кезеңде 231 адам
эвакуацияланды: 16 еркек, 59 әйел, 156 бала (18 жетім). Үшінші кезеңде
Отанға 246 адам оралды. Оның сегізі еркек, 67 әйел және 171 бала (тоғыз
жетім). Төртінші кезеңде елге 71 адам қайтарылды: үшеуі еркек, 19 әйел,
49 бала (бес жетім). Сонымен, Сириядан 595 адам қайтарылды: 33 еркек,
156 әйел, 406 бала (32 жетім)».
ҰҚК-нің хабарлауы бойынша, елге оралған барлық әйелдер мен бала-
лар оңалту және бейімделу курстарынан өтті. Террористік ұйымдардың
істеріне қатысқандары үшін 31 еркек пен 12 әйел сотталды, тағы да 14
адам жауапқа тартылу үстінде.
64
Достарыңызбен бөлісу: