36
Қазақстандағы
діни сенім бостандығы туралы
өлшемшарттары да бар. Кейбір жалпы заң ережелерінен басқа, тарихты,
заңнамаға, отбасына, денсаулығына көзқарасты көрсету қажет. Тіркеу
үшін мемлекеттік органға кез келген жүгіну үшін сараптама жүргізіледі.
Осы кезеңде сіз барлық өлшемшарттарға сәйкес болсаңыз да, пробле-
малар туындауы мүмкін. Мәселен, діни сараптама сіздің діни ұйым емес
екендігіңізді айтады. Мысалы, Саентология шіркеуіне қатысты осындай
жәйт орын алды, сараптама бірлестік діни емес және Саентологтар әлі
тіркелмеген деп мәлімдеді. Қысқасы, ұзақ күрделі рәсім, және бұл кей
жағдайда заңға да байланысты емес.
Томас Хельм: Қазір бір мезет осыған тоқталсақ, мен де осы туралы
сұрағым келіп отыр еді. Германияда Саентологияға қатысты мәселе әлі
де ашық. Мен мұны жіті тексеруім керек, өйткені мен діни бірлестіктер
туралы көп білетіндігіме сенімді емеспін, яғни саентологтар Германияда
тіркелген бе, жоқ па, өзім де білмеймін. Әрине, бізде діни сенім бостан-
дығы бар, мен олардың Германияда үлкен шіркеуі бар екенін, оның қай
жерде орналасқанын да білемін, бірақ ол мемлекеттің қатаң бақылауында,
яғни, жалпы алғанда, оларды толықтай заңды ұйым емес, тіпті қылмыс-
тық ұйым ретінде де қарастырады. Тіркеуге қатысты бізде ондай шектеу-
лер жоқ, бірақ тіркелу мәселесі бақылауда деп айта аламын, өйткені олар
мемлекет тарапынан белгілі бір алаңдаушылықтар тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: