Бағдарламаны әзірлемес бұрын педагог бағдарлаудың типтік алгоритімін ескеріп және білімділік бағдарламаның құрылымын білуі тиіс.
- Қандай мақсатта бағдарлама жасалуда (типтік бағдарламаның жоқтығы, педагог өз әдістемесімен оқу процессін ұйымдастыруда т.б.)?
- Педагог бағдарламаны қай тұрғыдан жасауда (типтік-балаларға қосымша білім беру мекемелеріндегі, үлгілі-мекемесіндегі немесе үлгісі жоқ өз іс тәжірибесінен, әдістемесінен және өзіндік ерекшелігімен жасауы)?
- Бағдарламаның ерекшелігі мен жаңалығы неде?
- Бағыты ұқсас басқа да білімділік бағдарламаларға қарағанда күтілетін нәтижесі (жаңашылдығымен, өзгешелігімен) қандай болмақ?
- Бағдарламаны жүзеге асыруда қандай қиындықтар болуы мүмкін және оларды шешу жолдары?
- Қандай оқыту құралдары әдіс-тәсілдер оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары және қандай жаңа педагогикалық технология пайдаланады?
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Авторлық және жаңартылған бағдарлама келесi құрылымдық элементтердi қамтуы қажет:
№
|
Оқу бағдарламасының құрылымы
| |
1
|
Мұқаба(титул беті)
|
1.Білім беру мекемесінің толық атауы; 2. Бағдарламаны бекітуге жауапты қызметкердің аты-жөні, қызметі; 3. Бағдарламаны бекіту мерзімі; 4. Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі; 5. Бағдарламаның қай жас ерекшелігіне есептелінген; 6. Бағдарлама авторының аты-жөні, қызметі;7. Қала, аудан атауы, жасақталған жылы.
|
2
|
Түсініктеме
|
Пәннің мәні, ерекшелігі; осы сатыдағы оқушыларды оқытудың білімділік мақсат,,міндеттерін орындауға үлесі. Мақсатқа жетудің әдістемелік жүйесі, құралы. Әр сатыға байланысты мақсаты. Бағдарламаның өзектілігі, курстың негізгі идеялары, концепциясы. Оқыту реті қандай логикаға негізделген. Оқу жоспарының тағы қай пәндерімен логикалық байланысы бар. Шартты белгілерді түсіндіру.
|
3
|
Оқыту пәнінің мақсат – міндеті
|
Білім, әрекет әдісі,тәжірибе. Осы бағдарламаны меңгергенде қандай жеке адам қабілеттері қалыптасады.Пән мақсаты дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, тәжірибелік/ практикалық/ болып берілуі де мүмкін.
|
4
|
Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
|
Курсты аяқтағаннан кейін білім, компетенттілік деңгейі. Білім кешені, икем – дағды тізімі, оқушы шеше алатындай мәселелер тізімі.
|
5
|
Тақырыптық жоспар
|
Курс тақырыбы, оқытылу реті, оқыту формасы, сағат саны./толық курс және жеке тақырып/ Таблица түрінде беруге де болады.
|
6
|
Оқу курсының тақырып мазмұны
|
Тақырып. Сағат. Негізгі сұрақтар. Тәжірибелік,сарамандық жұмыстар, экскурсия т.б. Пәнаралық байланысты көрсету. Бақылу түрі,сұрақтары.
|
7
|
Тәжірибелік бөлім
|
Икем,дағдыны бекіту. Тәжірибелік,сарамандық жұмыстар, экскурсия т.б.
|
8
|
Оқу деңгейін бақылау
|
Қорытынды,жартыжылдық,тоқсандық, тақырыптық.. Бақылау жұмысы, тесті, сынақ,емтихан.
|
9
|
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
1.Автор. Аты. – Баспа,жыл.-бет
2. –мақала: автор.Мақала аты.//Журнал.-жыл.-№. – бет..
|
10
|
Пәнді оқу - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету (апробацияның 1 жылы өткеннен кейін, АБББ-нің ӘК сыртқы рецензия алу үшін бағдарламаға қоса тақырыптық -күнтізбелік жоспар мен қолданылған материалдар қоса жолданады )
|
Оқыту - теориялық : оқулық, пособия, лекция.
Оқыту – практикалық: жаттығулар мен тапсырмалар, бақылау жұмысы, тесті, жинағы, тәжірибелік,сарамандық жұмыстар жинағы.
Оқыту - әдістемелік: курсты үйренуге әдістемелік ұсыныстар, бақылау жұмысын орындауға кеңес, реферат,зерттеу жұмысын суреттеу.Оқыту – анықтамалық: сөздік, анықтама. Оқыту – көрнекілік: альбом,атлас.
Оқыту – библиографиялық.
|
Достарыңызбен бөлісу: |