Инновациялық потенциалы бойынша авторлық бағдарламалардың келесі үлгілері анықталады:
- өнертапқыштық – қолданыстағы бағдарламаларды ішінара жетілдіру жолымен алынған бағдарлама;
- комбинаторлық – бірнеше бағдарламаны біріктіру жолымен алынған бағдарлама;
- толықтырылған – мазмұны бойынша мүлдем жаңа, қолданыстағы оқу бағдарламаларын толықтыратын бағдарлама;
- жаңашыл – парадигмалық негізі, ойы, ұсынылған оқыту технологиясының жаңашылдығымен ерекшеленетін бағдарлама.
Авторлық бағдарламаны табысты жүзеге асыру технологиялық қамтамасыз етуді талап етеді, яғни болашақ педагогикалық іс-әрекет жобасының (оқу сабақтары жүйесін тақырыптық жоспарлау), әдістемелік түсініктемесімен қоса тірек сабақтары сценарийлерінің, білім беру стандарттарына бағдарланған тексеру тапсырмалары мен диагностикалық материалдар кешенінің болуы.
Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс - әрекеттерді қамтиды:
- Рецензия алу. Ішкі,сыртқы рецензия. Ішкі рецензия - әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестікте талқылау. Сыртқы рецензия – ғылыми - әдістемелік ұйымдар, мамандардан алу.
- Апробация – эксперимент түрінде танысу. Апробация нәтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробация қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс. Мұғалім түзету енгізуге мүмкіндік алады.
- Рецензия беріліп, апробация жақсы нәтиже бергенде іске асады.
Авторлық деп танылған бағдарламаны қолдануға әдістемелік кеңес ұсынып, білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Авторлық деген мәртебені, ереже бойынша, білім беруді басқарудың жоғары органы тағайындайды.
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛГИЯСЫ
Авторың оқу бағдарламасын құрастыруға толық дайындықпен келмеуі көптеген кемшіліктерге апарады. Олардың негізгілері:
- мектептің мақсат,міндеттері есепке алынбайды;
- бағдарламаны құрастуры негіздемесі толық емес; мысалы: білім,икем,дағдыға қойылатын талаптар, курстың мақсат,міндеттері т.б
- ұсынылған бағдарламаны керекті оқу - әдістемелік кешенмен жабдықтау қарастырылмайды;
- білім аумағандағы өзге бағдарламалармен сабақтастық принципі сақталмайды;
Достарыңызбен бөлісу: |