База экзаменационных тестовых заданий по дисциплине: «Основы дерматовенерологии, в т ч. детской в работе воп» курс обучения: 5 специальность: ом язык обучения: қазақ тілінде учебный год: 2019-2020



Дата15.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#112120
Байланысты:
Derma kaz^M
3 семинар тақырып., Derma kaz^M, Лекция 2 Ойлау, сөйлеу, интеллект бұзылыстарының, Анестзиология 100 тест



БАЗА ЭКЗАМЕНАЦИОННЫХ ТЕСТОВЫХ ЗАДАНИЙ

по дисциплине: «Основы дерматовенерологии, в т.ч. детской в работе ВОП»

курс обучения: 5

специальность: ОМ

язык обучения: қазақ тілінде

учебный год: 2019-2020

#1

*!! Бөртпенің біріншілік морфологиялық элементтін атаңыз :



* жарылу

* күлдіреуік+

* эрозия
* вегетация

* жара
#2

*! Бөртпенің екіншілік морфологиялық элементтін атаңыз :

* жарылу+


* дақ

* іріңдік


* күлдіреуік

* түйін
#3

*! Түйіншектің орнында түзіледі:

* тыртық
* пигменті дақ+


* тыртықты атрофия
* жара

* жарылу
#4

*! Инфильтративті морфологиялық бөртпеге жатады:

* көпіршік


* түйіншек
* іріңдік

* күлдіреуік+

* көпіршікше

#5

*! Дерматовенерологқа қабылдауға науқас кеуде қуысы, қол, мойын аймағында бөртпенің пайда болуына шағымданды. Тексеру кезінде бөртпе ашық қызғылт түсті, тері деңгейінен жоғары емес, элементтердің беті сәл қабыршақтанады. Бөртпе өлшемдері диаметрі 0,5-тен 1 см-ге дейін өзгереді. Басу кезінде бөртпе элементтері жоғалады, содан кейін сол жерде қайтадан пайда болады. Бастапқы морфологиялық элементтерге сипаттама тән:



*даққа+

*түйіншекке

*көпіршікке

*күлдіреуікке

*төмпешікке
#6

*! Келесі сипаттама қай біріншілік бөртпенің сипаты: қуыссыз, инфильтративті, теріден көтеріліп тұратын элемент, жазылғанда тыртық және атрофия қалдырмайды, табақшалар түзуі мүмкін:

*түйін

*төмпешік



*көпіршік

*түйіншек+

*күлдіреуік
#7

*! Келесі сипаттама қай біріншілік бөртпенің сипаты: теріден көтеріліп тұратын, мөлшері түйреуіш басынан бұршаққа дейін болатын, жалқықты немесе геморрагиялық сұйықтыққа толы қуысты түзіліс:

*түйін

*көпіршік



*түйіншек

*күлдіреуік

*көпіршікше+

#8

*!69 жасар ер адам ауыз қуысының шырышты қабатындағы бөртпеге, дене қызуының көтерілуіне шағымданды. Тексергенде: түсі өзгермеген теріде әр түрлі көлемдегі мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер. Ұрттың сәл ісінген шырышты қабатында диаметрі 0,5 см, мөлдір сұйықтығы бар, екі көпіршік анықталды. Қандай екіншілік бөртпеге айналуы мүмкін:



*эрозия+

*жарылу

*вегетация

*экскориация

*лихенифекация
#9

*!45 жасар ер адам желкесіндегі қатты қышу сезіміне шағымданды. Тексергенде сол жердің терісі тоқыраулы қызарған. Ошақтың жиегі анық шектелмеген, сипағанда дөрекі, тығыздалған. Қандай екіншілік бөртпеге айналуы мүмкін:

*жара

*жарылу


*вегетация+

*экскориация

*лихенифекация

#10


*! Пациенттің мұрын қанатында көпіршікшелер. Берілген бөртпе арықарай қандай морфологиялық өзгеріске ұшырайды:

*жара


*эрозия+

*атрофия


*вегетация

*лихенификация

#11 ?????

*! Дәрігерге 45 жасар әйел сол жақ балтырының алдыңғы бетіндегі жараға шағымданып қаралды. Тексергенде:сол жақ балтырының алдыңғы бетінде ашық қызыл түсті, дөңгелек пішінді, анық шектелген, диаметрі 3×4 см жара анықталды. Берілген біріншілік бөртпе қандай морфологиялық өзгеріске ұшырауы мүмкін:

*эрозия

*тыртық+


*жарылу

*вегетация

*лихенификация
#12

*!33 жасар ер адам қол терісіндегі теріден көтеріңкі, ашық қызыл түсті, шашыраңқы орналасқан бөртпеге шағымданды. Бөртпе бірнеше сағаттан кейін өз бетімен жоғалып кетеді және басқа жерде пайда болады. Қандай біріншілік бөртпе болуы мүмкін:

*түйін

*көпіршік



*түйіншек+

*күлдіреуік

* көпіршікше
#13

*!Пиодермияның атипті түріне жатады:

*сикоз

*езулік


*қатты шанкр

*Риттердің дерматиті

*пиогенді гранулема+

#14


*! Остеофаликуллиттегі біріншілік морфологиялык бөртпе: (пустула+)

*түйін


*қабық

*іріңдік+?

*түйіншек

*төмпешік


#15

*!Апокринді бездің қабынуы – бұл: (гидраденит+)

*итемшек+?

*эктима


*көршиқан

*сыздауық

*импетиго
#16

*!Стафилодермияның беткей түрі:

*езулік

*шиқан


*сыздауық

*фолликулит+

*жай теміреткі

#17


*!Псориаздың мүгедектікке әкелетін клиникалық түрі:

*қарапайым

*экссудативті

*интертригинозды

*артропатиалық+

*фолликулярлық


#18

*!Псориаздың тұрақты сатысына тән белгі:

*Уикхем торы

*Кебнер белгісі

*қабыршығы бар табақшалар +

*жаңадан түйіншектердің пайда болуы

*Никольский белгісі

#19


*!Псориаздың үдемелі сатысына тән белгі:

*Уикхем торы

*Бальцер сынамасы

*Кебнер белгісі+

*қабыршықтары бар табақшалар

*Никольский белгісі

#20

*!Псориазда біріншілік морфологиялық элемент:



*түйін

*төмпешік

*дақ

*күлдіреуік



*түйіншек+

#21


*!Дәрігер дерматологқа 18 жасар жасөспірім бет терісіне бөртпе шығуына байланысты қаралды. Тексергенде: көлемі үлкен емес, жарты шар тәрізді ортасынан түк шығып тұрған іріңдік, айналасы ашық-қызыл түсті қабыну жиегімен көмкерілген. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:

*шиқан

*сыздауық

*жай теміреткі

*остеофолликулит+

*стрептококты импетиго
#22

*!Дерматологтың қабылдауына 30 жасар ер адам ауру сезімі бар бөртпеге шағымданып қаралды. Ауырғанына 2 ай. Өз бетімен емделген: ихтиол майымен таңғыш қойған. Бөртпенің аузы ашылып, ірің аққан, бірақ жаңадан басқа жерлерде жаңа бөртпелер пайда болған. Тексергенде: арқасында көлемі 1,0 х 1,5 см, 7 инфильтрат бар. Кейбіреуінің бетіндегі тері ашық-қызыл түсті, ісінген, түйіндердің ортасында іріңдіктер бар. Кейбір жеке бөртпелердің түсі көкшіл-қызыл түсті, ортасында – болар-болмас жара, одан ірің бөлініп тұр. Сонымен қатар, көлемі 0,5 х 0,5 см көкшіл-қызыл түсті, жаңа тыртықтар бар. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:




*фурункулез+

*іріңдікті мерез

*қотыр эктимасы

*созылмалы жаралы пиодермия

*инфильтративті-іріңді трихофтития
#23

*!35 жасар әйел оң жақ қолтық аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып қаралды. Ауру жедел басталған. Тексергенде оң жақ қолтық шұңқырында көлемі үлкен бұршақтай бірнеше көтеріңкі, қою-қызыл түсті ауру сезімі бар түйіндер, дене қызуы 37,60 С. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:




*сыздауық

*көршиқан

*итемшек+

*лимфаденит

*остеофолликулит
#24

*!Дерматологтың қабылдауына 5 жасар қызымен әйел адам келді. 2 күн бұрын қызының бетінде тез кеуіп қабық түзуге бейім көпіршікшелер пайда болған. Сабынды ыстық сумен бетін жуғаннан кейін, бөртпелер тез өршіп кеткен. Объективті: ауыз бұрышында, мұрын ерін қатпарында қою – жасыл қабық және жеке аздаған айналасы жіңішке, ақшыл-қызғылт жиекпен қоршалған, қуысында лайлы сұйықтығы бар, босаң көпіршікшелер. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:




*эктима

*итемшек

*сыздауық

*импетиго+

*шанкр тәрізді пиодермия
#25

*!Дәрігерге 35 жасар ер адам аяқ-қолының сыртқы бетіне, басының, кеудесiнiң терiсiне пайда болған көптеген ұсақ ашық қызғылт түсті, ақ күміс түсті қабыршықтармен жабылған бөртпелерге шағымданды. Ауырғанына 3 жыл, ауру қыста қозады. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:




*псориаз+

*екіншілік мерез

*атопиалық дерматит

*қызыл жазық теміреткі

*Жибердің қызғылт теміреткісі

#26


*!Дерматологтың қабылдауына келген 20 жасар қыз бастың шашты бөлігіндегі қабыршықтану және қышынумен қабаттасқан бөртпелерге шағымданып келді Объективті: бастың шашты бөлігінде – сәл инфильтрация фонында қабық-қабыршық түріндегі табақшалар көрінеді. Ауырғанына 8 жыл. Рецидив қыста. Бұл аурумен әкесі ауырады. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:

*псориаз+

*себореялық дерматит

*майлы себорея

*микроспория

*трихофития


#27

*!27 жасар әйел созылмалы терi ауруымен аурады. 8 жылдан берi ауырады. Жылда күзде-қыста ауру қайта қозып отырады. Қарағанда аяқ-қолының жазылма бетiнде, әсiресе шынтағы мен тiзесiнде, қызғылт түстi, дөңгелек, бетiнде күмiстей аппақ қабыршақтары бар түйiншектер мен табақшалар орналасқан. Түйiншектердiң көлемi 0,2-см-ден 1,5-2,0 см аралығында. Бөртпелердi тырнағанда үш белгi-стеарин дағы, терминалдық қабықша, нүкте тәрiздi қан ( қан шығы) ағу байқалады. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*псориаз+

*қызыл жазық темiреткi

*Жибердiң қызғылт темiреткiсi

*дискоидтық қызыл жегi

*диффузды нейродермит


#28

*!49 жасар ер адамның терiсiндегі патологиялық үрдіс жайылмалы сипатта, көптеген қызғылт түстi, тарының дәнiнен тиынның көлемiндей, күмiстей аппақ қабыршақтары бар түйiншектер түрінде көрінеді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



* мерез


*псориаз+

* кебекті теміреткі

*қызыл жазық темiреткi

*диффузды нейродермит


#29

*!3 жасар баланың ауырғанына 3 күн. Иегі қызарып, содан кейін іріңді сұйықтығы бар босаң көпіршік пайда болған, біраз уақыттан кейін біркелкі емес ақшыл сары түсті қабыққа айналған. Анасы зақым ошағын «деперзолон» майымен өңдеген, нәтиже жоқ Бала балабақшаға барады. Топтағы екі баланың терісіндеде осыған ұқсас ұқсас бөртпелер бар. Тексергенде: иек аймағында эритема фонында бал-сары түсті қатпарлы қабықтар. Негізгі ошақтың айналасында бірен-саран ұсақ фликтеналар. Мұрынның оң жақ кіре берісінің терісінде сарғыш түсті қабық. Ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы орынды болып табылады:

*йод

*фукорцин+



*таза ихтиол

*цинк пастасы

*мази Вишневский майы
#30

*! 52 жасар ер адамды жарақаттан кейін пайда болған ауру, күйдіру сезімі бар жара пайда болды. Ауырғанына 5 ай. Қосымша ауруларынан ошақты өкпе туберкулезі, аяқтағы көк тамырларының тромбофлебиті бар екендігін айтты. Тексергенде: оң жақ сирағының латералды бөлігінен аяғының басына дейін, шеті иректелген, жиегі тығыздалған, қабынған, түбі тегіс емес, әлсіз, босаң, сұр түсті грануляциямен жабылған, айтарлықтай жалқықты іріңді бөліндісі бар жара. Ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы орынды болып табылады:

*анальгетиктер

*цитостатиктер

*антибиотиктер+

*безгекке қарсы

*стероидты гормондар
#31 *!75 жасар ер адамның ерін аймағында ауру сезімі. Тексергенде езу терісі ылғалды, ақжемделген, қызарған, тез алынатын ақшыл түсті өңезбен жабылған (өңезді алғанда беті тегіс қызыл түсті эрозия ашылады); төменгі ерінде кейбір қызарған аймақ үстінде ақ нүкте тәрізді түйіршікті өңез (өңезді алғанда асты ылғалды, жылтыр). Науқаста имплантантты тістер. Қандай емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:

*фукорцин,леворин майы+

*цитостатиктер, Видаль сүті

*дифлюкан, нистатин майы

*гормондық ем, этил спирті

*аевит, В тобының дәрумендері


32 *!50 жасар ер адамның мойынның артқы жағына қатты ауыратын инфильтрат пайда болып, біртіндеп өсіп бала алақанына дейін жеткен. Инфильтраттың бетіндегі тері қошқыл-қызыл, ортаңғы бөлігі көкшіл түсті және бірнеше жыланкөздері бар, одан қою, қан аралас, жасыл түсті іріңді некротикалық масса бөлініп тұр. Бас ауырып, денесі қалтырайды. Дене қызуы 38,50С. Қандай емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:

*ультродыбыстық ем

* сұйық азотпен күйдіру

*анилин бояуымен өңдеу

*магнито-сәулелі-лазерлік ем

*хирургиялық ем, антибиотик+

#33

*!32 жасар әйелдің аяқ-қолының сыртқы бетіне, басының, кеудесiнiң терiсiне көптеген iрi сiңбелi, қызыл-көкшiл түстi, шеттерi ирек-ирек, сау терiден анық шектелген, бетi қабыршақты табақшалар шығуына байланысты түсті. Зақым ошақтары аздап қышиды. Ауырғанына 7 жыл. Ауру көбiнесе қыста қозады. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы орынды болып табылады:



*күкірт майы

*цинк пастасы

*цинк майы

*салицил майы+

*ланолин кремі
#34

*!32 жасар ер адам терісіндегі бөртпеге, қышу сезіміне шағымданды. Ауырғанына бір ай. Қарап тексергенде: дене жабындысы толығымен қызарған, инфильтрацияланған, тері суреті айқындалған, ірі тілікті көп мөлшердегі қабыршықтану. Алақан, табан терісі қалыңдаған, жарылған. Қолтықасты, шап лимфа түйіндері кептер жұмыртқасының көлеміндей ұлғайған, консистенциясы тығызэластикалы. Бет терісінде бірен саран қызғылт түсті, күміс-ақ түсті қабыршықтары бар шетке қарай өсуге бейім түйіншектер. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы орынды болып табылады:

*антибиотиктер

*антиоксиданттар

*безгекке қарсы

*кортикостероидтар+

*сульфон тобының препаратары
#35

*!42 жасар ер адам 10 жыл бойы тері ауруымен ауырады. Бөртпе тұрақты, шынтақ, тізе және бастың шашты бөлігінде орналасқан. Қысты күні бөртпе денеге және аяққа таралады. Объективті:бастың шашты бөлігінде, денеде және аяқ-қолда көп мөлшерде ашық қызғылт түсті, дөңгелек және жиегі иректелген анық шектелген ақшыл-күміс түсті қабыршықтармен жабылған түйіншектер және табақшалар. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы орынды болып табылады:

*күкірт майы

*цинк пастасы

*цинк майы

*салицил майы+

*ланолин кремі
#36

*!50 жасар әйел бастың шашты бөлігіндегі қабыршықтану және қышынумен қабаттасқан бөртпелерге шағымданады. Объективті: бастың шашты бөлігінде – сәл инфильтрация фонында қабық-қабыршық түріндегі табақшалар көрінеді. Ауырғанына 8 жыл. Рецидив қыста. Бұл аурумен әкесі ауырады. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы орынды болып табылады:

* адвантан майы

*цинк пастасы

* Дорохов пастасы

*ланолин кремі

*күкірт-салицил майы+

#37


*!Кебекті теміреткіге тән клиникалық белгі:

*әр түрлі көлемді тығыз көпіршіктер

*бетінде қабыршағы бар түйіншек

*көлемі тары тәрізді іріңдіктер

*терідегі суланулы ошақтары

*теріде әр түрлі реңді дақтар+


#38
*!Бальцер сынамасы тән:

*эритразмаға

*кандидозға

*рубромикозға

*кебекті теміреткіге+

*қабыршықты эпидермофитияға
#39

*!Бастың шашты бөлігінің беткей трихофитиясына тән:

*ошақ анық шектелген

*шаштың түбінде ақ муфталар

*маңдайда, самайда шаштың сиреуі

*көптеген ұсақ ошақтар, шаш зақымданбаған

*қара нүктелері бар үлкен және ұсақ ошақтар+
#40

*!Зоофильді саңырауқұлақтармен шақырылады:

*кандидоз

*рубромикоз

*актиномикоз

*микроспория+

*түрлі түсті теміреткі
#41*! Дәрігер дерматологқа 44 жасар әйел қышу, ауру сезімі, тыртысумен байқалатын табанда орналасқан бөртпелерге шағымданды. Науқас жиі бассейнге барады. Тексергенде: табан күмбезінде және башпай аралықтарында ісінген эритема фонында топтасқан қақпағы тығыз, ақшыл түсті, лайлы сұйықтыққа толы, езілген күріш дәніне ұқсас, көпіршікшелер және көпіршіктер байқалады. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:

*табан рубромикозы

*дисгидротикалық экзема

*эпидермофития, қабыршықты түрі

*эпидермофития, интертригинозды түрі

*эпидермофития, дисгидротикалық түрі+

#42

*!Дәрігерге 39 жасар ер адам қаралды. Тексеру кезінде табан күмбезінде эритематозды – қабыршықты әлсіз қышу сезімі бар ошақ анықталды. Ер адам жүзу тренері болып жұмыс істейді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*табан сүйелі

*екіншілік мерез

*алақан – табан псориазы

*алақан-табан кератодермиясы

*табан эпидермофитиясы қабыршықты түрі+

#43

*!Ауруханаға 65 жасар ер адам башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданып түсті. Тексеру кезінде 5-ші және 4-ші, 4-ші және 3-ші башпай аралықтарында ісіну, ақжемделу, эрозия және жарылу анықталды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Моншада жұмыс істейді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*ихтиоз


*екіншілік мерез

*дисгидротикалық экзема

*алақан-табан кератодермиясы

*интертригинозды эпидермофития+


#44

*!48 жасар ер адамның табанында әсіресе тері жүлгелерінің бойында орналасқан ұн тәрізді қабыршықтану байқалады. Аяғындағы барлық тырнақ пластинкалары-сұрғылт-сарғыш түсті, қалыңдаған, жартылай бұзылған. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*табан сүйелі

*кәсіби экзема

*екіншілік мерез

*алақан-табан псориазы

*табан рубромикозы+


#45


*39 жасар әйел, дәрігерге табанындағы қышу сезіміне шағымданды. Ұзақ походтан кейін, тар аяқ-киімін шешкен соң, қышумен қабаттасқан, табанның башпай аралықтарында ақжемделу, ойылуды байқады. Көпшілік түсетін моншаға түседі, өзі майтабан. Объектив: ошақ табанның башпай аралықтарында, башпайдың ішкі бетінде эпидермистің мүйізді қабаты ісінген, сыдырылған эрозия көрінеді. Табан терісінде – ұсақ, суланатын эрозиялар, табан күмбезінде – топтасқан «күріш дәндері» тәрізді, көпіршікшелі бөртпе, айтарлықтай қабыршықтану. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:

*вирусқа қарсы

*безгекке қарсы

*антигистаминді

*паразиттерге қарсы

*саңырауқұлаққа қарсы+


#46

*!49 жасар ер адам қолтық астындағы, субъективті сезімі жоқ даққа шағымданып қаралды. Қолтық астының терісін қарағанда көлемі 8х10 см, анық шектелген, қоңыртым-қоңыр түсті, шеті иректелген, кебекті қабыршықтармен жабылған дақ анықталды. үшін Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:

*дәрумендер

*фунгицидты+

*антигистаминді

*вирусқа қарсы

*иммуномодуляторлар
#47

*!37 жасар ер адамның 5-ші және 4-ші, 4-ші және 3-ші башпай аралықтарында эритематозды–қабыршықты әлсіз қышу сезімі бар ошақ анықталды. Ер адам жүзу тренері болып жұмыс істейді. Қандай емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:

*физиоем

*электрокоагуляция

*фукорцинмен өңдеу

*сабын-сода ваннасы+

*сұйық азотпен күйдіру
#48

*!Дерматологтың қабылдауына 45 жасар ер адам қышу, құрғау, қабыршықтануға шағымданып қаралды. Объективті: барлық аяқ-басы башпай аралық қатпарлары зақымданған: қабыршықтану, жарылу, табан терісі инфилтративті, құрғақ, табан жүлгелері айқын көрініп тұр, оларда айқын ұн тәрізді қабыршықтану. Қандай жергілікті емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:

*ультродыбыстық ем

*диатермокоагуляция

*сұйық азотпен күйдіру

*сабын-сода ваннасы+

*магнито-сәулелі-лазерлік ем
#49

*!Жұқпалы моллюскіге тән ең ықтимал клиникалық белгі:

*абсцестелуші инфильтрат

*тығыз, емізікті өсінділері бар түйіншектер

*ортасында кратер тәрізді ойындысы бар түйіншек+

*гиперемияланған негізде орналасқан көпіршікшелер тобы

*топталған көпіршікшелер, жүйке бағанасы бойында орналасқан

#50


*!Сүйелдің клиникалық түрлері:

*жазық+


*жұқпалы

*себореялық

*қайталамалы

*қабыршақтанатын


#51

*!Терінің ұшықтық зақымдануында түзілетін біріншілік бөртпе: (везикула+)

*түйіндер

*түйіншек

*төмпешік

*күлдіреуік

*көпіршікше+?
#52

*!Вирусты аурулар тобына кіретін дерматоздар:

*псориаз

*жай теміреткі

*кебекті теміреткі

*белдеулі теміреткі+

*қызыл жазық теміреткі

#53


*!Дерматологтың қабылдауына 35 жасар ер адам жыныс мүшесінде орналасқан бөртпелерге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданып қаралды. Объективті: жыныс мүшесінің басында, қызарған фонда жалқықты сұйықтығы бар, топтасқан көпіршікшелер анықталды. Бөртпе бейтаныс әйелмен жыныстық қатынасқа түскеннен кейін пайда болған. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:

*хламидиоз

*гарднереллез

*жұмсақ шанкр

*біріншілік мерез

*гениталды ұшық+
#54

*!13 жасар жасөспірімнің қолбасының сыртқы бетінде көп мөлшерде, шектелген, тығыз, ауру сезімінсіз, тері бетінен көтеріңкі, жарты шар тәрізді, қабынусыз, кір-сұрғылт түсті, диаметрі 5 мм, беті кедір-бұдыр түйіншектер. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*ұшық


*экзема

*мерез


*псориаз

*сүйел+
#55

*!13 жасар баланың ЖРВИ-тан кейін бетінде пайда болған айқын гиперемия фонында пайда болған көпіршікшелерге, ауру сезімі, күйдіруге шағымданып қаралды. Ошақ айқын қызарған. Бөртпелер беттің жүйке-жүйесінің бойымен орналасқан. Бірнеше күн бұрын зақымдалған ошақта қоңыр түсті қабықтар пайда болды. Тыныштық жағдайда және қозғалған кезде қатты ауру сезімі мазалайды. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:

*жай теміреткі+

*белдеулі теміреткі

*вульгарлы пемфигус

*буллезді эпидермолиз

*герпетиформды Дюринг дерматозы
#56

*!7 жасар баланың бетінде түстері тері түсіндей, інжу тәрізді жылтыр, көлемдері 0,1-ден 0,5 см-ге дейін, жарты шар тәріздес, ортасында кратер тәрізді шұңғылы бар түйіншектер. Пинцетпен түйіншекті қысқан кезде ірімшік тәрізді қоймалжың бөлінеді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:




*фолликулиттер

*жазық сүйел

*тікенекті теміреткі

*жұқпалы моллюск+

*қызыл жазық теміреткі

#57


*!43 жасар әйел қызыл еріннің төменгі бөлігіндегі күйдіру сезімімен байқалатын, бөртпеге шағымданады. Бөртпе үшінші рет мазалап отыр. Рецидив аралығы 2-3 айды құрайды. Рецидив суықтану және суықтық аурулармен байланысты. Тексергенде: қызыл еріннің төменгі бөлігінд,е эритема фонында мөлдір сұйықтығы бар, топтасқан көпіршікшелер, жалқықты қабықтар. Ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы орынды болып табылады:

*дәрумендер

*антибиотиктер

*сульфаниламидтер

*безгекке қарсы дәрілер

*вирусқа қарсы дәрілер+

#58

*!13 жасар қыздың етеккір кезінде, оң жақ үлкен ернінде эритема фонында топтасқан, бір-біріне жақын орналасқан, бір-бірімен қосылмайтын, мөлдір сұйықтығы бар, көлемі 0,2 х 0,2 см, көпіршікшелер пайда болады.Қыздың дисменореясы бар Субъективті - қышу, күйдіру. Қандай ем тағайындау орынды болып табылады:



*седативті

*цитостатиктер

*антибиотиктер

*безгекке қарсы

*иммуномодуляторлар+

#59


*!Дерматологтың қабылдауында 4 жасар қыз. Тексергенде: баланың денесінің жоғарғы бөлігінде жиырмаға жуық түйіншектер орналасқан, түстері тері түсіндей, інжу тәрізді жылтыр, көлемдері 0,1-ден 0,5 см-ге дейін, жарты шар тәріздес, ортасында кратер тәрізді шұңғылы бар. Пинцетпен түйіншекті қысқан кезде ірімшік тәрізді қоймалжың бөлінеді. Қандай жергілікті емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:

*йодтық торша

*физиоем

*электрокоагуляция+

*фукорцинмен өңдеу

*сұйық азотпен күйдіру


#60

*!6 жасар ұлдың қолбасының сыртқы бетінде көп мөлшерде, шектелген, тығыз, ауру сезімінсіз, тері бетінен көтеріңкі, жарты шар тәрізді, қабынусыз, кір-сұрғылт түсті, диаметрі 5-8 мм, беті кедір-бұдыр түйіншектер. Қандай жергілікті емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:

*сулы таңба

*ультродыбыспен ем

*фукорцинмен күйдіру

*сұйық азотпен күйдіру+



*Вишневский майымен таңба



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет