Базальды қабат


Мерез қайталамалы екінші кезеңі



бет36/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

40.Мерез қайталамалы екінші кезеңі.
Ағзаның қорғаныш процесстері әлсіреген жағдайда трепонемалар көбейіп, қайта рецидивке әкеледі (екіншілік қайталамалы мерез).
Екіншілік қайталамалы мерезде бөртпе элементтері ірілеу, аз мөлшерде, симметриялы емес, топтасуға бейім (фигура, гүлалқа, доға және т.б. түрінде), бозғылт түсті. Олар көбіне тітіркендірілетін аралықта, шап қатпарында, жыныс мүшелерінің кілегей қабатында, ауыз кілегей қабатында және т.б. орналасады. Егер екіншілік жаңа мерезде 55-60% науқаста мономорфты розеолезді бөртпе болса, екіншілік қайталамалы мерезде олар
сирек кездеседі (шамамен 25% науқаста), жиі (22% жағдайда) мономорфты папулезді бөртпелер болады.


41.Қотыр,клиникасы,диагностикасы,емдеуі,алдын алуы.
Қотыр Sarcoptes scabiei (Sarcoptes hominis) кенелерімен шақырылатын жұқпалы паразитарлы дерт.
Әсіресе жиі жеке гигиеналық ережелерін сақтамайтын, тығыз (тар) жағдайларда тұратын адамдар ауырады. Жұғу ауру адаммен қатынаста болғанда (тікелей жұғу жолы) немесе науқастың инфицияланған жеке құралдарын қолданғанда (тікелей емес жолы) жұғуы мүмкін.Қотырмен ауыратын науқастардың көбі – балалар және 29 жасқа дейінгі жастар.Клиникасы. Инкубациялық кезеңі орта есеппен 8–12 күнді құрайды. Кененің теріге енген жерінде кішкентай көпіршік пайда болады. Ең бастысы және жиі қотырдың бірінші белгісі қышудың күшеюі, әсіресе бірден кешке және түнде науқас төсегіне жатқаннан кейін пайда болуы есептеледі.Қотырдың орналасуы саусақаралық терінің қыртыстары, қол саусақтарының бүйір беткейі, кәріжілік-білезік буындарының бүгілу беткейі, білектің жазылу беткейі, шынтақ буыны, дененің

алдыңғы бүйір беткейлері, қолтықасты ойығы, сүт бездері (емізік айналасы), іш, әсіресе кіндік айналасы, жамбас, бөксе, балтыр және ер адамның сыртқы жыныс мүшесінің айналасы – терінің жұқа мүйізгекті қабатының аймағында орналасады.Қотырдың клиникалық түрлері:типті:типтік бөртпеленусіз (сонымен бірге, қотырлық қақпаларсыз), бірақ күшейген қышумен қотырдың жасырын формасы (scabies discreta. Қотырдың бұл формасы таза адамдарда немесе дұрыс ем жүргізбегенде


анықталады. Науқастарды тексергенде, және бұл жағдайларда бірен – сараң, жұп орналасқан папуло-везикулездар, түйіндер, ұсақ көпіршіктер, уртиктәрізді элементтер анықталады.Ерекше түрі ауыр жүйелі аурулармен (онкологиялық аурулар, жүйелі қызыл жегі және т.б.) ауыратын науқастарда және ұзақ цитостатиктер, глюкокортикоидтармен емделген адамдарда байқалатын норвегиялық қотыр болып табылады. Қотырдың бұл түрінде қышу болмауы немесе айқын емес болуы мүмкін, ал қабыну өзгерістерінде қотырлық кенелердің көп жинақталатын лас-сұр түсті қабаттанған қабықтармен жабылған, үлкен эритематозды беткейлердің пайда болуы ықтимал.«тазалардың қотыры» – клиникалық көрінісі өте аз болатын түрі; асқынған түрі – алапеспен ауратын науқастарда, қотырдың


клиникалықкөрінісін бетперделейтін пиодермиялардың қосарлануы; норвегиялық – қышу болмайды, үлкен қабыршақтар, папуланың, везикуланың,пустулалардың, эритродермияның(АИТ- инфекциясыжәнебасқалар) болуыменсипатталады.Қотырлықлимоплазия иммуноаллергиялық сипатты болады, қатты түйінмен білінеді. Жиі ұмада, жыныс мүшесінде, құйрықта, шынтақта орналасадыЕмі. Емінде мүйізгекті қабатты болбырлайтын, қотыр қақпасына енетін, кенелерді жоятын препараттар қолданады.Теріге бензилбензоат ерітіндісін (бензой қышқылының бензил эфирі) сылап сінірудің әсері тиімді. Ересектерге 20%, ал кішкентай балаларға 10% сулы-сабынды бензилбензоат эмульсиясы қолданылады.Қотырдың емі үшін аэрозоль формасында спрегаль тиімді болып табылады. Бірақ, препаратты анамнезінде бронхиальды астмасы бар пациенттерге, ауыр қауіп тобына және летальды бронхоспазмға байланысты тағайындауға болмайды. Спрегаль бір рет қолданады, егер 8–10 ішінде симптомдары сақталса, оны 2-ші рет жағады.Профилактикасы аурудың ерте диагностикасы және науқасты белсенді анықтаудан тұрады. Қатынаста болған адамдарды тексеруге, сонымен қатар прфилактикалық шара ошақты қорытынды дезинфекциялауға ерекше мән беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет