Базальды қабат



бет57/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Түйінді глоссит тілде терең орналасады: тығыз эластикалық консистенциялы ауырсынбайтын түйін пайда болады.
Таралған интерстициальды глосситте тілдің гуммозды инфильтрациясы беткей орналасқанда, оның арқасында және қапталдарында орналасады.
Терең интерстициальды глоссит дәнекер тіннің кілігей асты қабатындағы және тілідң бұлшықет қабатының ішіндегі тамырлар айналасында гуммозды инфильтрация пайда болу салдарынан дамиды. Тіл мөлшері ұлғайып, ауызға симай кетеді.
Үшіншілік мерездің диагностикасында РИФ, РИБТ нәтижелері, сонымен қатар сынамалы емнің маңызы шешуші роль атқарады.
64.Атопиялық дерматит диагнозын белгілеу критерилері.
Атопиялық дерматит – терінің қабынулық қайталамалы созылмалы ауруы, ол анық лихенификациямен, папулезді бөртпелермен және қарқынды қышынумен көрініс береді.
Терісі зақымдалу ошақтарында гиперпигментацияланып, қатты қышынуға байланысты экскориациялар пайда болады.
Құрғақтық пайда болып, кей жерлерде ұсақ пластинкалы түлеу дамиды. Қатты қышымамен білінетін терінің зақымдалуы, невротикалық бұзылыстар, ақ дермографизм, терінің сұрғыл түстенуі, құрғақтық және пиломоторлы рефлекстер атопиялық дерматиттің типті клиникалық көрінісі болып табылады. Атопиялық дерматит жиі ихтиозбен қосарланады, бұл науқас жағдайын нашарлатады. 
Атопиялық дерматиттің диагностикасында лихенизация ошағына қосылатын аздаған қабыну белгілері бар түйіндерді, ақ дермографизмді анықтау маңызды. Атопиялық дерматитте болатын лихенизация ошақтары, терісінің анық құрғақтығы, бозғылттығы, лихенизация аймағында гиперпигментациялар оны пруриго-дан ажыратады.
65.Псориаз. Клиникалық ерекшеліктері.
Псориаз (қабыршақты теміреткіpsoriasis vulgaris) – әр түрлі мүшелер мен жүйелердегі өзгерістермен, дермадағы қабыну процессі мен кератинизация процессінің бұзылысымен, эпидермальды клеткалардың гиперпролиферациясымен жүретін созылмалы қайталамалы дерматоз.
Мономорфты папулезді псориаздық бөртпелер көптеген науқастарда аяқ-қолдың жазғыш бетінде симметриялы орналасады. Біріншілік элемент ретінде қызғылт түсті эпидермодермальды папулалар​қарастырылады (Пильнов симптомы). Олардың қарқындылығы әр түрлі – жақында пайда болғаны ашық түсті(қызылға
дейін), ертерек пайда болғаны –

түссіздеу келеді. Папулалар жалпақ,


беті тегіс емес, ақшыл-күміс (күміс түс-ауалы көпіршіктерге байланысты) бұршақ тәрізді немесе ұсақ пластинкалы оңай сыдырылатын қабыршақтармен қапталған.
Жаңа пайда болған папулаларда қабыршақ оның ортаңғы бөлігінде орналасады, шеттерінде тек жіңішке сызық түрінде болады. Артынша қабыршақтану күшейіп, элементтің түгел бетін алады. Алғашында псориазда папулалар дұрыс дөңгелек пішінді және диаметрі 1-2 мм болады. Процесс өршіген сайын псориаздық папулалар шетке қарай таралып, қабыршақтар түзіледі, олар үлкен мөлшерлі және әр қилы пішінді болады. Жиі бір науқаста әр түрлі пішінді псориаздық папулалар мен қабыршақтар табылуы мүмкін.
Псориаздың диагностикасында белгілер тізбегі маңызды, оған псориаздық триада мен изоморфты реакцияны, немесе Кёбнер белгісін жатқызады. Псориатикалық папуланы тырнаған кезде алғашында көп мөлшердегі ақшыл-күміс түсті қабыршақтану көрінеді («стеаринді дақ» феномені), қабыршақты алып тастағаннан кейін жылтыр беті ылғалды болып қалады (терминальді немесе псориаздық пленка феномені), әрі қарай тырнаған жағдайда тамшылап қан ағады – тамшылап қан ағу феномені (Auspitz) немесе «қанды шық» (А.Г. Полотебнов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет