Базальды қабат



бет20/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

21.Екіншілік элементтер- Оларға пигментті дақтар, сыздауық, қабыршақ, беткей және терең жарылулар, жырылу, эрозия, жара, тыртық, лихенизация мен вегетация. Қабыршақ-Болбырланған, байланыстарын жойған мүйізді жасушалар
Қабық-Кеуіп қалған көпіршіктердің, іріңдіктердің
немесе эрозияның немесе жаралардың ішіндегі сұйықтық.
Сызат, немесе экскориация – қасынудан немесе басқа да түрлі механикалық жарақаттанудың нәтижесінде дамитын терінің бұзылысы. Эрозия (erosio) – тері бүтіндігінің эпидермис деңгейіндегі беткей бұзылуы. Ойық жара (ulcus) – эпидермис, дерма, кейде терең жатқан тіндерді де зақымдаумен жүретін терінің ақауы.Тыртық (cicatrix)терінің терең бұзылысының орнын талшықты дәнекер тіні басуынан пайда болатын жаңа тін.Лихенификация (lichenificatio) (14-сурет) тері өрнегінің қалыптан тыс анық көрінуімен жүретін терінің қалыңдауы мен тығыздалуы, ұсақ кебекті қабыршақтармен жабылуы.Вегетация (vegetatio) ұзақ жүрген қабыну процесінің аймағында тері емізіктерінің қалыптан тыс өсіп кетуі, кейде ағаш бұтақтарына ұқсап кетеді, әдетте, бұл жағдайда эпидермистің тікенекті қабығы қалыңдайды, әсіресе, емізікаралық өсінділері ұзарады.
22. Бастың шашты бөлігінің микроспориясы.
Микроспория. Дерматофитиялар арасында микроспория жайылған ауру болып саналады, оның қоздырғышы вируленттілігімен және өсімдіктерде, жануарларда, топырақта кең тараған болып келеді.
Этиологиясы. Микроспорияны шақыратын саңырауқұлақтар антропофильді және зооантропофильді түрлеріне жатады. Осыған байланысты екі клиникалық түрге – беткей және инфильтративті- іріңді микроспория болып бөлінеді.
Антропофильді саңырауқұлақтарға адамның терісі және оның қосалқыларын паразиттейтін, беткей микроспорияны түзетін Microsporum ferrugineum (тоттанған микроспорум) және Microsporum Audonii (Одуэн микроспорумы) жатады. Біздің елімізде өте кең тараған инфильтративті іріңді түрін шақыратын зоофильді саңырауқұлақтар (99%) – M. canis (ит микроспорумы) және M. folineum (мысық микроспорумы).
Антропофильді микроспорумдармен зақымдалу аурулармен қатынаста болған кезде немесе саңырауқұлақтармен инфицияланған заттар мен құралдар арқылы жұғады. Тоттанған микроспорум барлық белгілі патогенді саңырауқұлақтардың ішінде ең контагиоздысы болып саналады. Балалар ұжымында ауру бала болған жағдайда, көптеген балалар инфициялануы және аурудың лап ете түсуі болады, қарқынды организациялық және эпидемияға қарсы шараларды қажет етеді.
Зооантропофильді микроспорум 80-85% жағдайда ауру мысық пен иттерден жұғады. Саңырауқұлақпен инфицияланған заттар, құралдар (ойыншықтар, жастық қапшықтарынан, бас киімдерден және т.б.) арқылы жұғады. Соңғы кездері мысықтардан микотасымалдаушылық мүмкіндігі анықталды. Микроспория қоздырғышы сыртқы орта факторларына тұрақты: жануарлардан
тыс қоздырғыш қабыршақтарда 7 жылға дейін, ал жануарлар жүнінде 10 жылға дейін сақталады.
Микроспориямен негізі балалар ауырады. Жыныстық жетілу жасында аурудан өздігінен жазылу мүмкін. Ересектер ауырғанда тегіс терінің зақымдалуы байқалады. Микроспорумдер тырнақ пластинкаларын зақымдамайды. Соңғы жылдары балалардың саңырауқұлақты флорамен зақымдалуы жағдайлары анықталды. Жасырын кезең 2-3 аптадан 2-3 айға дейін созылады.
Балалардың микроспориямен ауруы иммунитеттің гуморальды-клеткалық факторларының дисбалансымен, қан сарысуында бактерицидті компоненттердің концентрациясының жетіспеушілігімен және 14-15 жасқа дейінгі шаш фолликулаларының фунгистазының деңгейінің төмендеуімен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет