Базальды қабат



бет77/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

82. Нейродерматоздар.
2.7.1. ТЕРІНІҢ ҚЫШУЫ
Бұл, біріншілік морфологиялық элементтер болмаса да қасу рефлексін шақыратын, субъективті сезім. Қышудың айқындылығына байланысты теріде қасығаннан кейін тырнақтың ізі қалуы мүмкін (экскориациялар). Жайылған (генерализацияланған) және шектелген (жергіліктенген) терінің қышуы болып бөлінеді.
Жайылған терінің қышуының этиологиясы мен патогенезі Жиі жалпы аурулардың фонында пайда болады: қан сарысуындағы қант мөлшерінің жоғарғы көрсеткішінің немесе қант диабетінің, тиреотоксикоздың, ер және әйел адамдардың дисгармониялық бұзылыстарының, ішек-қарын жолдарының (ахилия, созылмалы колит, ішек дисбиозы) бауыр (гепатиттер және олардың салдары – цирроз) патологияларының, гельминтоздардың, бүйрек ауруларының, простатиттің, жатыр фибромиомасының, атеросклероздың, қан ауруларының, кезкелген жерде орналасқан қатерлі ісіктердің болуы маңызды болып келеді.
Физикалық факторларды да есепке алу керек:
• жоғарыға көтерілгенде байқалатын (6-10 мың метрден жоғары, барометриялық қысымның төмендуіне байланысты);
• мауысымдық қышу:
- салқындық, жылылық;
- терінің үлкен аймақтары сәулелендірілгенде байқалатын күндік (жарықтық) қышу. Бұнда терінінің күн көзінің қысқа толқынды да (ультракүлгін), ұзынтолқынды да сәулелеріне сезімталдығы жоғарлайды.
Терінің қышуының пайда болуында нервтік-психикалық және вегетативтік бұзылыстар (теріс эмоциялар, күрделі саналық жұмыс және т.б.) маңызды орын алады. Жақында терінің паразитарлық ауруларымен ауырған немесе сондай науқастарды көрген адамдарда психогенді қышу – мнимодермия, акарофобия – болуы мүмкін.
Қышу кейбір тамақтарды қабылдағанда байқалуы мүмкін: циртусар, шоколадтар, кофе және т.б., егде адамдарда (қарттардың қышуы).
Терінің шектелген қышуының этиологиясы мен патогенезі. Жиі көтеншек, ұма, вульваның аймақтарында байқалады. Терінің анальды қышуы спастикалық немесе жаралы колитке, сигмоидитке, проктитке, парапроктитке, геморройға, созылмалы простатитке, гельминтоздарға байланысты байқалады. Көрсетілген себептер ұманың қышуына да ықпалын тигізеді. Вульваның қышуы жиі зәр-жыныс мүшелерінің созылмалы қабынулы ауруларына, урогенитальды трихомониазға, кандидозға, бактериальды вагинозға байланысты болады.
Клиникалық көрінісі. Тері өзгермеген, жиі құрғақ немесе экскориациялар (қасу орындары). Организмнің жағдайына байланысты қасылған жерлерде пиококкты инфекция дамуы мүмкін. Қышу айқын болса тырнақ пластинкалары жылтырап тұрады (тегістелген).
Таралған тері қышуы басында терінің бір аймағында, пайда болып, кейін тез оның барлық бетіне тарап кетеді.
Науқастар тұрақты сұққылау (шаншу), «құрт-құмырсқаның денеде жүру», содан соң қышу пароксизмі және науқастар тағы қасып, оның орынын қалдырады, кейде қан шығып тұрады да, ауырсыну, күю сезімі байқалады, сөйтіп қышу ұстамасы жойылып кетеді.
Осы сияқты сезімдер жергіліктеген түрінде де, сол орналасқан жерінде байқалады.
Қышу ұзақ уақыт байқалса, тері сұр түс тартады, гиперпигментация аймақтары, сызық тәріздес жылтырақ тыртықтар байқалады.
Диагноз, біріншілік морфологиялық элементтер болмаса да, анамнез негізінде қойылады.
Ажырату диагнозы қотырмен, педикулезбен, нейродермитпен, қышымамен жүргізіледі. Науқасты себептік факторды анықтау бағытында жүргізу қажет.
Емі. Ең алдымен тері қышуының себебі болған негізгі ауруды емдеу қажет. Микроциркуляцияны жақсартатын, тыныштандыратын дәрілерді тағайындау көрсетілген. Тері құрғақ болса жұмсартатын дәрілер (дардия препараттары, топик-крем, фореталь және басқалар) қолданылады. Киімі мақатадан тігілген, кең (қыспайтын) болуы керек.
Кеңес беру. Науқасқа терінің қышуы уақытша болуы немесе ұзаққа созылуы мүмкін екенін түсіндіру қажет. Соңғы жағдайда оның себебі, тез емдеуді талап ететін, ауыр ішкі аурулар болады.
Тірінің қышуының себебін анықтау жағымсыз ішкі және сыртқы факторларды анықтап, оларды жоюға мүмкіндік беріп, науқастың сауығуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет