Базальды қабат



бет78/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

83. Мерездің жалпы ағымы.
Мерездің ағымы. Мерезде белсенді және жасырын көріністер кезектесіп отырады. Сифилидологтардың бақылауынша кейбір адамдарда ауру жұққаннан соң ұзақ уақытқа симптомсыз жасырын кезеңі өтетіні анықталған. Ауру күтпеген жерден оң серологиялық реакциялар немесе кенеттен болатын ішкі мүшелердің немесе нерв жүйесінің зақымдалуы болғанда анықталады. Мерездің бұндай ағымы «беймәлім» (lues ignorata) деп аталады, себебі науқас та, дәрігер де жұққан кезді анықтай алмайды.
Мерездің мынадай кезеңдерін ажыратады: инкубациялық; біріншілік; екіншілік; үшіншілік. Серологиялық реакциялар мерездің кезеңдерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңді серонегативті және серопозитивті, екіншілікті – жаңа, жасырын немесе қайталамалы, үшіншілікті – белсенді және жасырын деп бөледі.
Инкубациялық кезең – аурудың жұққан кезінен бастап алғашқы клиникалық белгілердің – қатты шаңкрдің (біріншілік сифилома) байқалғанына дейінгі мерзім. Инкубациялық кезеңнің орташа ұзақтығын ұзақ уақыт 3 апта деп санаған. Дегенмен кейбір ғалымдар аурулар кезінде (ОРВИ, баспа, пневмония, гонорея және т.б.) салыстырмалы аз дозады антибиотиктерді қолданғанда, оның 1,5–2 айға дейін ұзаруы мүмкін екенің айтады. Демек, жедел гонореямен ауыратын науқастар аурудың көзі анықталмаған жағдайда оларға ұзақ уақытқа диспансерлік бақылау мүмкін болмағандықтан, мерезге қарсы емді бастау қажет.
Сирек туберкулезбен, алкоголизммен әлсіреген адамдарда инкубациялық кезең (15-18 күн) қысқарады.
Биполярлы шанкрлар (тері мен кілегейлерде бір уақытта бірнеше шанкрлардың пайда болуы) инкубациялық кезеңді қысқартады. Ағзаға түскен бозғылт трепонемалардың саны да инкубациялық кезеңнің ұзақтығына әсер етсе керек.
84. Кеш туа біткен мерездің сенімді белгілері.
Кеш туа болған мерездің нақтылы (шартсыз) белгілеріне Гетчинсон триадасын – интерстициальды (паренхиматозды) диффузды кератит, мерездік лабиринтитті және Гетчинсон тістерін жатқызады.
Паренхиматозды кератит осы инфекцияның формасының патогномиялық белгісі болып саналады. Ол әдетте, көздің мүйізді қабығының бұлдырланып, жарықтан қорқу сезімімен, жас ағуымен, блефароспазммен сипатталады. Әсіресе, ортасында қарқындылау, кейде диффузды емес, бөлек аймақтарда көздің мүйізді қабығының бұлдырлануы болады. Инфильтрациядан кейін көздің мүйізді қабығының терең қабаттарына жаңадан қан тамырлары пайда болады. Әдетте, алдымен бір көз, кейін екінші көз ауырады. Процесс ұзақ уақытқа созылып, жазылуы баяу болады. Сирек мерездік кератит ирит, иридоциклит, хориоретинитпен сипатталады.
Мерездік лабиринтит немесе лабиринтті құлақ естімеушілік қолайлы фонда пайда болып, естудің төмендеуімен және құлағының шулауымен сипатталады. Процесс лабиринттің инфильтративті қабынуымен және есту нервтерінің екі жақты дегенерациясымен сипатталады. Бала даму барысында лабиринтитте дыбыстарды айту қиындайды немесе саңырау болады. Арнамалы лабиринтит жиі 4-5 жастан бастап 15 жасқа дейінге қыздарда кездеседі. Егер құлақтың естімеуі 4 жасқа дейін пайда болса, мылқаулыққа дейін баратын сөйлеудің қиындауы байқалады. Сүйекті өткізгіштік бұзылады. Осы көріністерде бозғылт трепонемалар анықталмағандықтан, паренхиматозды кератит және мерездік лабиринтит инфекциялық генезді аллергиялық реакциясымен түсіндіріледі. Бұл процесстерде глюкокортикоидты терапия көмектесетіндіктен, бұл гипотеза жеткілікті болып келеді.
Тіс патологиясы (Гетчинсон тістері) Дж. Гетчинсон (1985) алғаш рет жоғарғы орталық тұрақты күрек тістердің дистрофиясын және шайнау беткейінің гипоплазиясын суреттеді. Тістердің шайнау қыры бойында жарты ай тәрізді ойықтар түзіліп, соның нәтижесінде күрек тістердің шайнайтын беттері жұқарып, тіс мойны жуандап, тістер бөшке немесе бұрауыш формалы болып келеді. Мойнының ені және шайнау бетінің айырмашылығы 2 мм-ден артық болмау керек, егер болса, бұл белгіні нақтылы деп санамау керек. Шайнау қырындағы эмаль жиі жоқ болады. Тістердің шайнау қыры бойында жарты ай тәрізді ойықтарды рентгенография жолымен ерте балалық шақта анықтауға болады. Жүктіліктің соңғы айларында немесе баланың өмірінің алғашқы 3 айында ем жүргізілсе, тістердің дистрофиясының алдын алуға болады.
Барлық аталған Гетчинсон үштігінің (триадасының) патогномоникалық белгілері сирек, жиі осылардың біреуі ғана кездеседі. Кейбір авторлар тура белгілерге арнамалы гониттерді жатқызып, Гетчинсон триадасын тетрада деп атауға ұсыныс жасады. Арнамалы гонит – тізе буындарының шеміршек және сүйек эпифиздерін зақымдамайтын созылмалы синовит болып табылады, созылмалы түрде буын қызметін бұзбай, дене температурасының көтерілмей және ауырсыну сезімінсіз өтеді. Буын көлемі ұлғайып, аздап ісініп, қозғалғыштығы шектелмейді. Процесс симметриялы болып келеді. Жиі тобықбуын және шынтақ буындары зақымдалады.
Кеш туа пайда болған мерездің ең негізгі көрінісі – сүйек жүйесінің зақымдалуы, әсіресе, үлкен жіліншіктің симметриялы – қылыш тәрізді – өзгеруі байқалады. Шын және жалған қылыш тәрізді балтырды ажыратады. Шын қылыш тәрізді балтыр емшек жасында ауырған остеохондрит болып саналады. Үлкен жіліншік сүйегінің орақ тәрізді иілуі алдыға қарай бағытталады. Жалған қылыш тәрізді балтыр сонымен бірге, жүре пайда болған мерезде кездеседі. Үлкен жіліншік сүйегінің алдыңғы бетінде массивті остеопериостальды бірігулер, бірнеше рет қайталанған остеопериоститтер нәтижесінде пайда болады. Қылыш тәрізді балтырлар «қылыш» тәрізді қолдар сияқты кеш туа пайда болған мерездің белгілері болып саналып, кейбір ортопедиялық ауруларда, әсіресе Педжет ауруы кезінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет