Базальды қабат


Жүктілік кезінде мерездің әсерінің ағымы



бет81/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

87.Жүктілік кезінде мерездің әсерінің ағымы.
Мерезбен ауыратын әйелде жүктілігі кеш түсікпен, алдын-ала босанумен, аурудың кеш және ерте көріністерімен немесе жасырын инфекциямен науқас баланың дүниеге келуі мүмкін. Жүктіліктің ақыры мерездің әр түрлі даму сатысына байланысты, себебі ұрықтың инфициялануы инфекцияның активтілігіне байланысты болып келеді.
Әйелдер кеңестік емханасында барлық мерезбен ауыратын әйелдер және сауыққан әйелдер туралы мәліметтер болу керек. Мерезбен ауыратын жүкті әйелге арнамалы ем жүргізгеннен соң және аурудың жұқпалы көріністерін жойғаннан кейін, түсік жасауға рұқсат беріледі. Егер мерезбен ауыратын әйел босанамын деп шешсе, оны перзентхананың белгілі бір бөлімшесіне жолдап, бұрын жасалмаған клиникалық және серологиялық тексерістерді жүргізеді. Егер күмәнданған серологиялық реакциялар болған жағдайда ретроплацентарлы қанды қайта тексереді. Бұл жағдайда олар арнамалы оң болады. Алайда, босануға дейін және босанғаннан соң 10–20 күнде серологиялық реакциялар жалған оң болуы мүкін, сондықтан әйелдер консультациясында осы мерзім аяқталғанша әйелді тексеру керектігін есте сақтау қажет.
Екіншілік мерез спирохетемиямен жүргендіктен, мұндай екіншілік мерезбен ауыратын әйелдерде дені сау емес баланың тууына қауіп-қатер төнеді. Сонымен бірге, мерездің балаларға берілуі, анасының жұқтырғаннан кейін бірінші жылдар бойына берілуінің қаупі жоғары, ал кейінгі жылдары мерездің балаларға берілуінің қасиеті төмендеу. Туа пайда болған мерезбен ауыратын әйелден нәрестелердің мерезбен туылуы екінші, үшінші ұрпақтарында кездесуі мүмкін, бірақ ол сирек байқалады.
88. Мерезбен ауыратын науқастарды емдеуде пенициллиннің ертіндінің дайындалуы
Сифилисті емдеу қағидалары мен әдістері
Сифилистің емі хаттамаларға сәйкес жүргізіледі. Пайдаланылады:
1. дюрантты препараттар: бензатин бензилпенициллин:
экстенциллин, ретарпен және бициллин-1;
2. орташа дюрантты препараттар: прокаин пенициллин және
пенициллин новокаин тұзы, бициллин-5;
3. бензилпенициллиннің натрий тұзы.
Дюрантты препараттарды (үшіншілік сифилистен
басқасында) бұлшықетке аптасына 1 рет 2 млн 400 мың бірліктен (1 реттік дозасы) енгізеді. Инъекция саны – 2 немесе 3 (сифилистің түріне байланысты); бициллин-1 – 5 күнде 1 рет; егу саны – 3-6.
Орташа дюрантты препараттар: прокаин пенициллин G бұлшықетке 1 млн 200 мың ХБ мөлшерінде тәулігіне 1 рет; Пенициллиннің новкаин тұзын 600 мың бірліктен тәулігіне 2 рет енгізеді. Емдеудің ұзақтығы сифилистің түріне байланысты (10 немесе 20 күн). Бициллин-5 аптасына 2 рет 1 млн 500 мың бірлік мөлшерінде бұлшықетке енгізеді. Курсқа (сифилистің түріне байланысты) 5 немесе 10 инъекция.
Бензилпенициллиннің натрий тұзы: 1 млн бірліктен тәулігіне 4 рет бұлшықетке 10 немесе 20 күн бойына (сифилистің түріне байланысты).
Анамнезінде жоғарыда көрсетілген препараттарға аллергиялық реакциялар байқалса, цефтриаксон, доксициллин, татрациклин, эритромицин, азитриомицин, оксациллин, ампициллин қолдануға болады.
Арнайы емнен басқа сифилисте превентивті және профилактикалық ем жүргізіледі.
Профилактикалық ем жүкті әйелдерге және клиникалық және серологиялық дәлелденбеген, сифилис байқалатын, толық емделмеген немесе РМП оң мәнді аналардан туылған балаларға тағайындалады.

Превентивті ем сифилистің жұқпалы түрі байқалатын науқастармен отбасылық немесе жыныстық қатынаста 2 айдан артық емес болған адамдарға тағайындалады. Осы мақсатта бензилпенициллин бензатинді 2 млн 400 мың бірілік мөлшерде енгізу тиімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет