Базальды қабат



бет83/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

90.Кәсіби тері аурулары.
90.Кәсіби тері аурулары.
Кәсіби дерматоз – тері ауруларының үлкен тобы, өндірістік қызметке қатысты.. Бұл дерматит болуы мүмкін, экзема, витилиго, васкулит, порфирия, лишай, кератоздар да болуы мүмкін. Ең алдымен, кәсіби патологияларды машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары алады (21%), химиялық заттар (19%) және ағаш өңдеу (9%) өнеркәсіп, құрылыс бизнесі (9%).
Патогенезі. Кәсіптік патологияны дамуы Экзогендік факторлар әсер еткеннен кейін жауап ретінде антиген-антиденелер реакциясы пайда болады. Т лимфоциттердің бір бөлігі белсендірілген, сонымен қатар, медиаторлар мен простагландиндердің белсенді өндіріледі.
Клиникасы: алғашқы морфологиялық белгілер бөртпе, дақ түрінде байқалады. Ол қоздырғыш әсер еткеннен кейін бірден немесе сәл уақыттан кейін пайда болады. Қоздырғыш әсер еткен тері аймағында шекарасы айқын, диффузды зақымдалған бөртпелер білінеді. Қоздырғышты жойғаннан кейін ізсіз жойылып, қайта әсер етсе қайта шығады. Кейбір жоғары концентрациялы химиялық ертінділер некроздалған, ойық жара қалыптастыруы да мүмкін, кейін олардың бетінде түсіп қалатын қабыршақтар п.б.
Диагностикасы: анамнез алу, тері сынамаларын жүргізу.
Емі: ең алдымен қоздырғыштың көзін жою,сыртқа қолдануға қабынуға қарсы жақпамайларды, аллергиялық белгілер болса антигистаминдік препараттарды тағайындайды. Ең маңыздысы науқасты емделіп шыққанннан кейін жұмысында басқа бөлімге ауыстыру керек.
91.Мерезді ерте диагностикалау әдістері.
Сифилисті диагностикалау клиникалық және лабароториялық белгілерге сүйеніп қойылады. Сифилис диагнозы тек лабараториялық дәлелдеуден кейін бәрәншілік екіншілік сифилисте қатты шанкрде, эрозифті папуладан бозғылт трепонеманы табу және серологиялық зерттеу нәтижелерінен кейін қойылады.
Серологиялық реакция ең тиімді,бағалы әдіс.
Серологиялық реакциялар қолданылатын антигенге байланысты трепонемалы және трепонемалы емес деп екіге бөлінеді. Трепонемалы емес тесттер антидене-реагиндерін анықтауға негізделген. Бұл реакцияларда антиген ретінде кардиолипинді антиген, жануарлар тектес жоғары деңгейде тазартылған липоидты компоненттерден тұратын қоспа: 0,03% кардиолипин; 0,27% лецитин, 10% холинохлорид ерітіндісіндегі 0,9% холестерин. Трепонемалы емес тесттерге кардиолипинді антигендерімен комплемент байланыстыру реакциясы, кардиолипинді антигендерімен микропреципитация реакциясы, плазмадағы реагиндерді тез анықтау реакциясы, реакция VDRL және т.б. қолданылады. Трепонемалы емес тесттерде бозғылт трепонеманың клеткалық қабырғасының кардиолипинді компоненттеріне қарсы бағытталған антидене реагиндерін анықтайды. Реагинді антиденелер қан сарысуында немесе қан плазмасында тек қана сифилисте болып қоймайды, сонымен қатар дәнекер тіндер ауруларында (коллагеноздар), паренхиматозды органдардағы қабыну және деструктивті процесстерде (гепатиттер, бүйрек аурулары, онкологиялық процесстер), физиологиялық (менустрация, жүктілік) және патологиялық (тиреотоксикоз) жағдайларда болуы мүмкін. Трепонемалық тесттер культуральды трепонемаға немесе патогенді бозғылт трепонемаға қатысты антигендерді қамтиды: трепонемалы антигенмен комплемент (РСКтреп) байланыстыру реакциясы, РИФабс-те бейарнамалы антиденелер сорбциялау үшін, бозғылт трепонемаларды иммобилизациялау реакциясы және барлық тікелей емес иммунофлюоресценцияның модификацияланған реакциялары. Бозғылт трепонеманың рекомбинантты генді инженерлі жолмен алынған антигенін пассивті гемагглютинация реакциясында (ПГАР), полистиролды планшеттің ұясының түбінде сорып жинақтау үшін (сорбция жасау үшін) иммуноферментті анализде (иммуноблоттингте) немесе иммунохроматографиялық анализде (қарапайым тез тесттер) қолданады. Трепонемалы тесттер организмнің сұйық ортасында трепонемарнамалы антиденелерді анықтауға көмектеседі, сондықтан оларды скрининг арқылы анықталған науқастарда диагнозы дәлелдеу үшін қолданады. Трепанемарнамалы антидене сифилиспен ауыратын және сәйкес ем алушыларда көп уақыт бойына бөлінеді, сондықтан трепанарнамалы тесттер емнің нәтижесін бақылауға қолданылмайды. Скринингтік тест ретінде стандартты антигенмен кардиолипин, холестерин, лецитин құрамды преципитация микрореакциясы қолданылады. Venereal Disease Research Laboratory (VDRL), жасаған реакция инактивтелген қан сарысуымен немесе жұлын сұйықтығымен жасалады. RPR (rapid plasma reagin) – көмірдің ұсақ дисперсиялы бөліктерін қосу арқылы преципитация реакциясын айқындылау қылатын VDRL антиген негізінде плазма реагиніне тез тест. Әдіс науқастың сарысуына немесе плазмаға қосқанда преципитаттың пайда болуына негізделген. Бақылау үшін алдын ала оң немесе теріс сарысулар алынады. Әдістің сезімталдығы 95%-ға жететін болса да, скрининг ретінде қолданылады да арнаулылығы артығырақ трепонемді реакциялармен дәлелдеуді қажет етеді: РИБТ (бозғылт трепонемнің иммобилизациялану реакциясы), РИФ (иммунофлюоресценция реакциясы), РПГА (гемагглютинация реакциясы). Жазылғандығын бағалау үшін реагинді антиденелерді анықтаудың жартылай сапалы анықтаудың нәтижелерін пайдаланады: РМП-да антиденелердің титрінің төмендеуі, RPR немесе VDRL емделгеннен кейін жыл бойына 4 еседен артық төмендеуі ем тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші болып есептеледі. БТИР (бозғылт трепонемалар иммобилизациялану реакциясы) сифилиспен ауыратын адамның сарысуында болатын иммобилизиндер типтес антиденелермен бозғылт тропенамалар дың қозғалмай қалуы феноменде негізделген. БТИР үшін антигенретінде сифилистік орхит белгілері байқалатын сифилис, жұқтырылған көжектердің аналық без тіндерінен алынған бозғылт тропенемалар жүзгіндер пайдалынылады. Бозғылт трепонемалар (антиген) науқастың қан сарысуымен қатынасқа түскенде (антидене) қимылдамай қалады, яғни олардың иммобилизациялануы байқалады. Реакция нәтижесін пайызбен бағалайды: БТИР бозғылт трепонемалар иммобилизациясы 51-ден 100%-ге дейін болғанда оң, 31 ден 50%-ге дейін әлсіз (шамалы) оң, 21-30% деңгейінде күмәнді, 0-20% болса теріс деп есептелінеді. Науқас адамның сарысуында иммобилизиндер, басқа антиденелерге қарағанда кештеу пайда болатындықтан, БТИР РИФ – қарағанда кеш оң болады. Оның негізгі мақсаты – VDRL жалған оң нәтижелерін анықтау болып келеді. Бұл әсіресе, сифилис сыртқы көріністерсіз, тек ішкі мүшелер мен нерв жүйесін зақымдағанда маңызды болады. Жүкті әйелдерде жалған оң нәтижелерді анықтауда БТИР-дің маңызы ерекше. БТИР-дің арнайы емес оң нәтижелері саркоидозбен, қызыл жегімен, туберкулезбен, бауыр циррозымен және т.б. ауыратын науқастарда да байқалуы мүмкін. Дегенмен бұл ауруларда БТИР әлсіз (шамалы) оң болады және 100% ешқашан жетпейді. Антибиотикпен емделгенде БТИР нәтижесі теріс болады, сондықтан БТИР суда еритін антибиотиктермен емдеп болғаннан кейін 7 күн соң және дюрантты антибиотиктермен емдегеннен соң 25 күннен кейін жасалады. ИФР (иммунофлюоресценция реакциясы) – сезімталдау реакция, сифилистің алғашқы серонегативті кезеңіндегі аурулардың 80%-да оң болады. Арнаулы көрсеткіштері бойынша ИФР сезімталдығы БТИР сезімталдығынан төмен, сондықтан оны техникасы айтарлықтай қарапайым болса да, БТИР-мен алмастыруға болмайды. Реакцияны бірнеше модификацияда қояды: ИФР-10, ИФР-200 және ИФР-абс. (абсорбцияланған). ИФР-10 сезімталдау, ал ИФР-200 и ИФР-абс. арнаулылыға артық келеді. Реакцияның ұстанымы спецификалық антигеннің (бозғылт трепонемалар) науқастың қан сарысуымен (антидене) және антитүрлік флюоресцирлеуші сарысумен (адам глобулиніне қарсы, ультракүлгін сәулелерде жылтырайтын – флюоресцеин затымен көжек сарысуы) қосылуын қамтиды. Оң реакцияда люминсцентті микроскопта, бозғылт трепонемалар флюоресцирлеуші антиденелердің қоршауында қалатын болғандықтан, бозғылт трепонмалардың сары-жасыл сәуленулерін көруге болады. Сәуленулерді КСР-дағы сияқты плюстармен бағалайды. Оң реакцияны екі, үш немесе төрт плюспен белгілейді. 1+ плюс және сәулелену реакциясы теріс (-) болғанда реакцияны теріс деп есептейді. Екіншілік сифилисте РИФ барлық жағдайда оң болып келеді. Ол жасырын сифилисте әруақытта(99-100%), үштік және туа біткен сифилисте 95-100% жағдайда оң болады. Сифилисті анықтау үшін иммуноферментті анализді (ИФА) микропреципитация (РПМ) реакциясын немесе пассивті гемагглютинация реакциясымен (ПГАР) қолдануға болады. Арнай емнен кейін клиникалық-серологиялық бақылау үшін (ем тиімділігін анықтау үшін) РМП-ны сандық зерттеу ( реакцияның титрін динамикада зерттеу) жасауға болады. Иммуноферментті анализ (ИФА, Elisa). Реакцияның ұстанымы қатты фазалы тасымалдаушының беткейіне сорылған зерттелетін қан сарысуының антигенімен қосылуын және ферментпен белгілен антитүрлік иммундық сарысу көмегімен арнайы антиген-антидене куешенін анықтауды қамтитды. ИФА-ның сезімталдығы мен арнайлылығы РИФ ұқсас. Гемагглютинацияның пассивті реакциясы (ГАПР). Бұл реакцияның макромодификацисын ТРНА, микромодификациясын – МНА-ТР, автоматизияланған вариантын – АМНА-ТР деп атайды. ЦНИКВИ қызметкерлері Г.Ф. Тимченко, Н.Н. Басова, В.Н. Беднова ГАПР үшін патогенді және культуральды бозғылт трепонемдерден отандық диагностикум жасап шығарды. ГАПРдың жоғары сезімталдығы және арнайыллығы, әсіресе сифилистің кеш түрлерінде, анықталған. Қарапайымдылығы, бағасының төмен және сезімталдығының жоғары болуы, оны сифилисте таңдаулы реакция ретінде қолдануға мүмкіндік береді. ГАПР-ды сапалық және сандық варианттарында қоя береді, макро- және микромодификациялары бар. Әдістің ұстанымы арнайы эритроциттермен, бозғылт трепонемдермен сенсибилизацияланған антидене бар қан сарысуымен әсерлескенде, олардың агглютинацияға ұшырауын қамтиды. Эритроциттер бозғылт трепонемалардың патогендік және културальдық штаммдарымен сенсибилизациялануы мүмкін. ГАПР сифилистің барлық сатыларында, әсіресе сифилистің кеш түрлерінде сезімталдығы өте ерекше, маңызды диагностикалық тест болып келеді. IgM-серология. Сифилиспен ауыратын науқастардың организмінде антидене түзілуін зерттегенде алғашқы болып жұқтырғаннан кейін 2 аптадан соң анықталатын, қандағы концентрациясының деңгейінің ең жоғары көрсеткіштеріне 6-9- апталықта жететін арнайы IgM түзілетіні көрсетілген. Ем аяқталғаннан кейін 6 айдан соң олар анықталмайды. Инфекцияланғаннан кейін 4 аптадан соң организм арнайы IgG түзіле бастайды. Иммуноглобулиндердің бұл түрлері жұқтырғаннан кейін 1-2 жылда ең көп мөлшері анықталады. Арнайы IgM түзілуі организмнен антигендер жойылғанда тоқтайды, ал IgG-дің түзілуі жады жасушалар клондарында жалғаса береді. Сонымен қатар, IgM-нің ірі молекулалары плацента арқылы өте алмайтындықтан, оның баланың қанында анықталған жағдайда балалардың бозғылт трепонемамен инфекцияланғаны туралы сөз болады. Арнайы IgM қандағы концентрациясы уақыт өте заңды түрде төмендейді, сондықтан бұл антиденелердің тирінің артуы аурудың қайталануының немесе реинфекцияның қосымша белгілері ретінде қолданылады. 1977 жылы г. была 19S IgM-ТА-абс. ұсынылды, содан соң 19 IgM-ТРНА пайда болады. Бұл тестілер негізінде 19S IgM және 7S IgG сынақталатын қан сарысуын гель-фильтрация көмегімен бөлу және иммунофлюоресценциялық әдіс және тест гемагглюцинация көмегімен оларды (19S IgM және 7S IgG) анықтау жатады. 1980 жылы В. Шмидт ИФА мен РПГА элементтерін біріктіретін, IgMSРНА қатты фазалы тасымалдаушыдағы гемадсорбцияны суреттеді, ал 1983 г. Е. Линдешмидт IgM-ТР-АБS-Elisa ұсынды. А. Люгер (1981) ОНЖ спецификалық процесстің активтілігін анықтауда 19S IgM-SРНА жолымен IgM анықтаудың маңызды екенін анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет