92. Мерезді емдеу критерилері.
Сифилисті емдеу қағидалары мен әдістері Сифилистің емі хаттамаларға сәйкес жүргізіледі. Пайдаланылады: 1. дюрантты препараттар: бензатин бензилпенициллин: экстенциллин, ретарпен және бициллин-1; 2. орташа дюрантты препараттар: прокаин пенициллин және пенициллин новокаин тұзы, бициллин-5; 3. бензилпенициллиннің натрий тұзы. Дюрантты препараттарды (үшіншілік сифилистен басқасында) бұлшықетке аптасына 1 рет 2 млн 400 мың бірліктен (1 реттік дозасы) енгізеді. Инъекция саны – 2 немесе 3 (сифилистің түріне байланысты); бициллин-1 – 5 күнде 1 рет; егу саны – 3-6. Орташа дюрантты препараттар: прокаин пенициллин G бұлшықетке 1 млн 200 мың ХБ мөлшерінде тәулігіне 1 рет; Пенициллиннің новкаин тұзын 600 мың бірліктен тәулігіне 2 рет енгізеді. Емдеудің ұзақтығы сифилистің түріне байланысты (10 немесе 20 күн). Бициллин-5 аптасына 2 рет 1 млн 500 мың бірлік мөлшерінде бұлшықетке енгізеді. Курсқа (сифилистің түріне байланысты) 5 немесе 10 инъекция. Бензилпенициллиннің натрий тұзы: 1 млн бірліктен тәулігіне 4 рет бұлшықетке 10 немесе 20 күн бойына (сифилистің түріне байланысты). Анамнезінде жоғарыда көрсетілген препараттарға аллергиялық реакциялар байқалса, цефтриаксон, доксициллин, татрациклин, эритромицин, азитриомицин, оксациллин, ампициллин қолдануға болады. Арнайы емнен басқа сифилисте превентивті және профилактикалық ем жүргізіледі. Профилактикалық ем жүкті әйелдерге және клиникалық және серологиялық дәлелденбеген, сифилис байқалатын, толық емделмеген немесе РМП оң мәнді аналардан туылған балаларға тағайындалады. Превентивті ем сифилистің жұқпалы түрі байқалатын науқастармен отбасылық немесе жыныстық қатынаста 2 айдан артық емес болған адамдарға тағайындалады. Осы мақсатта бензилпенициллин бензатинді 2 млн 400 мың бірілік мөлшерде енгізу тиімді
93.Дермато – венерологияда деонтология сұрақтары.
94.Токсидермия.(уланудан болған тері ауруы)
ТОКСИДЕРМИЯЛАР Токсидермия немесе токсико-аллергиялық дерматит – тері жамылғыларының, кейде кілегей қабаттарының, тіркендіргіштердің тыныс жолдары, асқазан-ішек трактісі арқылы, дәрілік препараттарды көктамырға, бұлшық етке, тері астына, қынапқа енгізгенде дамитын жедел қабыну. Көпшілік жағдайда дәрілік токсидермия кездеседі. Бұл терминді, бұл дерматоздар табиғат көпшілік жағдайда токсикалық емес, аллергиялық болып келетіндіктен, 1905 жылы Ядассон енгізген. Этиологиясы. Токсидермияның себебі әртүрлі, бірақ жиі олар дәрілік препараттардың жағымсыз әсері ретінде дамиды. Тағамдық токсидермия сирек кездеседі, кейбір мәліметтер бойынша олардың түрінің 12%-ақ құрайды. Кейде токсидермия тағамдық өнімде қабылдағаннан кейін дамиды (мысалы, ет), шынында ол жануарларға берген антибиотикке реакция болып табылады. Кейбір жағдайларда шынай этиологиялық фактор болып, сперма табылады, терілік сынамалардың оң нәтижесімен дәлелденген. Басқаларынан жиірек аллергиялық реакциялардың себебі антибиотиктер болады, сосын пиразолон өнімдері (анальгин, амидоперин, бутадион), сульфаниламидтік препараттар, барбитураттар, сиректеу B1, B6, B12 витаминдері, фолий қышқылы табылады. Сенсибилизацияның кезкелген дәрілік затқа, соның ішінде кортикостероидтар мен антигистаминді препараттарға да дамуы мүмкін, сонымен қатар, препараттардың иммундық жауапты индуцирлеу қабілеті препарат құрамының молекулярлық массасының ұлғаюына байланысты. Патогенезі. Көпшілік жағдайда токсидермияның себебі болып келетін химиялық заттар, организм ақуызымен конъюгат пайда болғаннан кейін ғана аллергиялық реакция шақыруға қабілетті болатын, толық емес антигендер (гаптендер) деп аталады. Құрамында бензол сақинасы, хлор немесе фтор атомы, аминотоптар немесе бос радикалдары бар химиялық заттар нәруыздармен жеңіл байланысады. Сонымен қатар, дәрілік токсидермияның қалыптасуы үшін 3 саты қажет: - препараттардың нәруыздармен байланысқа түсе алатын түріне ауысуы - гаптеннің нәруызбен конъюгациясы нәтижесінде толық құнды антигеннің қалыптасуы. - организмнің, бөгде зат болып қалыптасқан бұл кешенге иммундық реакциясы. Аллергиялық реакцияның әр түрлі клиникалық көрінісінің негізінде патогенетикалық механизмнің 4 негізгі типін ажыратуға болады. Аллергиялық реакция болу мүмкін: • Кенеттен, IgE арқылы, жедел (бірнеше секундтан кейін) есекжем, шок, бронхоспазм, тамырлық ісіну түрінде дамиды. • Жеделдетілген IgE арқылы (2-48 сағат) есекжем түрінде дамиды. • Баяуланған (қатынастық дерматит түрінде 14-21 күннен кейін) • Сарысулық ауру түрінде (иммундық кешендер) (аллерген енгізілгеннен кейін 8-10 күннен соң) Фармакологиялық заттарға реакцияның пайда болу уақыты 1 күнен 21 күнді құрайды, және осы препараттармен бұрынғы қатынастарынан тәуелді болып келеді (немесе қарама қарсы аллергияда химиялық құрамы ұқсас препараттармен). Ерте реакция емді бастағаннан соң 1-3 тәуліктен кейін, ал кеш реакция жиі сенсибилизацияланбаған науқастарда 9-шы тәулікте дамиды. Пенициллинге реакция кейде оны енгізуді тоқтатқаннан кейін 2 апта одан да көп уақыттан кейін дамиды. Дәрілік аллергияның клиникалық көрінісі әртүрлі және барлық мономорфты морфологиялық элементтермен: дақты, папулезді, везикулезді, буллезді, фрустелезді, түйінді, сипатталады. Бұл ауруда дақты-папулезді, дақты-везикулярлы, везикуло-булезді және басқа да түрлері жиі кездеседі. Дақты токсидермия эритематозды, пигментті немесе геморрагиялық элемент түрінде басқаларына қарағанда жиі байқалады және әдетте, денеде, бетте, аяқ-қолдарда жиірек орналасады (93-сурет). Көлемді тері қыртыстарында (қолтықасты, сүт безі, шапта) бөрітпелер бір-бірімен қосылады. Бөрітпелер ашық-қызыл, сан жағынан азды-көпті нүкте тәріздес немесе одан үлкендеу, бір-біріне қосылып эритродермияға дейін жетеді. Беті тегіс немесе түлеп тұрады. Кейде өсіп келе жатқан дақтың ортасы шетіне қарағанда бозғылт болады, онда сақина тәрізді түрге ауысады. Жиі әртүрлі қарқынды қышу байқалады. Бөртпемен бірге склера инъекциясын, жас ағуын, асқазан-ішек жолының бұзылысын және салыстырмалы түрде қызбаны анықтауға болады. Дақты токсидермия дәрі қабылдағаннан кейін бірнеше сағаттан соң, кейде, осы фармакологиялық затқа бұрын гиперсезімталдық кейін, дамыған болса, өте қысқа мерзімде пайда болады. Бөрітпе тез немесе ақырындап 2-3 күнге дейін пайда болып, бірнеше күннен ешқандай із қалдырмай, жазылып кетеді. Табан мен алақан зақымдалғанда мүйізді қабаттың сыдырылып түсіп қалуы мүмкін. Дақтың эритематозды және геморрагиялық түрлері жәншауға ұқсас болады. Бұл процесс ұзаққа созылады. Бөрітпенің бұл түрінің пайда болуының жиі себебі ампициллин, амоксициллин, пенициллин, цефалоспориндер болып келеді. Пигментті токсидермия эритематозды шамалы білінетін дақтың, мойынның, аяқ-қолдың жазғыш беттерінің терісінде пайда болуынан басталады. Эритема фонында кебек тәрізді түлеу, торлы пигментация және фолликулярлы кератоз пайда болады. Дақтар қанық түсті, клиникалық тұрғыдан Риль меланозын еске түсіреді. Бұндай дақтар көбіне пенициллин, сульфаниламид, аспирин, антипирин, левамизол, метотрексат, жүктілікке қарсы препараттар қолданғаннан кейін пайда болады. Бекітілген (фиксирленген) эритема бір немесе бірнеше көлемді алқызыл, диаметрі 10 см дақ түрінде білінеді (94-сурет). Инволюция процессі барысында дақ көкшіл-қошқыл түсті болады және табақша мен көпіршік қалыптасуы мүмкін, ал қабыну процессі басылғаннан кейін гиперпигментация, аспидті және күлгін түсті дақ қалады. Дақ немесе нүкте осы күйінде ұзаққа сақталады, біртіндеп бозғылттанады, бірақ аллергиялық реакцияны шақырған дәріні қабылдағаннан кейін, элементтер бұрынғы орнында қайталап шығуы мүмкін. Ең жиі орналасатын жері – жыныс мүшелері (95- сурет) мен ауыз қуысының кілегей қабаты. Бекітілген (фиксирленген) эритеманың негізгі даму себептері сульфаниламидтер, тетрациклин, метронидазол, барбитураттар, антигистаминдік препараттар, анальгин, амидопирин, хинин, йод болды. 9-шы күн эритемасы атауын дәрілік препараттарды пайдала бастағаннан 9-шы күні пайда болуы, бірақ ол шынында 2-ші күннен бастап, 20 күнге дейін көрінуі мүмкін. Көлемді эритематозды дақ пайда болып, дімкестік, дене қызуының көтерілуі, буындардың және бастың ауруы сияқты жалпы құбылыстар байқалады. Геморрагиялық-пурпурозды дақ түріндегі аллергиялық васкулит типтес токсикодермия (96-сурет). Бұл дақтың пайда болу механизмі айналымдағы иммундық кешендермен байланысты тамыр өткізгіштігінің жоғарлауына байланысты. Бөртпелер бір уақытта немесе бірнеше күндер ішінде өзгермеген немесе ісінген теріде, көбіне аяқтарда, бірақ тері жамылғысының басқа аймақтарында да байқалуы мүмкін. Антипирин, салицилат, белладонна, хинин, эрготамин қолданғаннан кейін де бөрітпелердің пайда болуы суреттелген.
Ажырату диагностикасы дәрілік бөртпелердің полиморфты болуына байланысты көптеген дерматоздармен және көптеген инфекциялық аурулармен (қызылша, жаншау, қызамық, желшешек) жүргізіледі. Емін патологиялық процесстің мүмкін болатын себебін, яғни дәрілік затты беруді тоқтатудан бастайды. Науқасқа аяушылық ететін емдәм, көп мөлшерде сұйықтық, энтеросорбенттер (энтеросорбент СКН-ді күніне 10 г-нан 3 рет немесе карболонг күніне 5-10 г-нан 3 рет тамақ ішу аралығында; полифепан гранула немесе жақпамай түрінде күніне 1 ас қасықтан 3-4 рет) тағайындалады. Қан қысымы қалыпты болса, гидрохлортиазид немесе фуросемид аллергиялық реакцияның себебі емес екеніне немесе олардың аллергиялық реакция шақыруы мүмкін еместігіне сенім болса, зәр жүргізетін диуретиктер тағайындалады. Атигистаминді препараттар ішкізеді, 10% кальций глюконатын 10 мл-ден күнде бұлшықетке немесе 30% натрий тиосульфатымен алмастырып көктамырға, жібереді. Көктамырға реополиглюкин жіберу пайдалы деп есептеледі. Жалпы көріністерде (дене қызуының көтерілуі, артралгиялар, тыныс алудың қиындауы) кортикоидтарды ішкізеді немесе парентеральды жібереді. Дозасы клиникалық көрінісінің ауырлық дәрежесіне байланысты, бірақ преднизолонға есептегенде 30-35 мг/ тәулк. кем болмауы керек. Анафилактикалық шоктың алғашқы белгілері байқалғанда терістына немесе бұлшықетке 0,3-0,5 мл 0,1% адреналин ертіндісі жіберіледі (адреналин бар шприц дайын болу керек). Ауыр жағдайларда адреналин глюкозаның немесе натрий хлоридінің изотониялық ертіндісінде жайлап көктамырға жібереді. Эуфиллиннің 2,4% ертіндісі 5-10 мл мөлшерде (0,24-0,48 г) 10-20 мл 20-40% глюкозада 4-6 минут немесе 500 мл 5% глюкоза 2 сағат ішінде тамшылатып жіберіледі. Аллергиялық реакция болу мүмкіндігіне күмән туғанда дәрілерді парентеральды, әсіресе көктамрыға, жіберіден қашық болған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |