Базальды қабат


Келесі клиникалық көріністері



бет89/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Келесі клиникалық көріністері анықталады:
· Екі жақты және жайылған бөртпеленуде таралған (генерализацияланған) құрсау теміреткісі (herpes zoster generalisatus, disseminatus)
· геморрагиялық теміреткі, күлбіреуік ішіндегі сұйықтық алғашында түссіз кейін іріңді, ал терең дерма қабатында жайылғанда геморрагиялық (herpes zoster haemorrhadicus) түрге айналады және кейін тыртықтар қалдырады.
· гангренозды форма, ең ауыр түрі, ол күлбіреуіктердің түбі мен терінің терең қабаттарында өлі еттенуімен сипатталады.
· жеңіл (абортивті) түрі.
· буллезді форма – үлкен күлбіреуіктердің пайда болуымен.
Жасырын кезеңнен кейін (7–8 күн) дерматоз топты көпіршік түрінде бір немесе бірнеше нервтік сегментерге сәйкес терінің қызарған аймақтарына жайыла дамиды. Бөртпелердің шығу алдында ұстама тәрізді ауырсынумен нерв бағанасының бойымен таралатын, зақымданған жердің қызаруы, әлсіздік, ашу, қызба, бас ауруы байқалады.
Пайда болған күлбіреуік диаметрі 1 см-дей және ішінде түссіз серозды сұйықтық болады. Күлбіреуіктер қосылғаннан кейін жиектерінде ұсақ оюлап салынған әшекей тәрізді ошақтар қалады. Элементтердің орналасуы бір жақты, науқастар неврологиялық типті қарқынды ауырсынуға шағымданады. Қарт адамдарда тері бөртпелері жойылғаннан кейін де ауырсынуы айлар мен жылдарға созылу мүмкін.
Орналасуы:Құрсау теміреткісі барлық тері аймағында барлық нервті зақымдай алады. Бас терісі, маңдай, көз айналасы, мойын, кеуде, іш, иық, жамбас, сан аймақтарында жиі кездеседі. Ауыздың кілегей қабығының оқшауланған зақымдалуы сирек кездеседі.
Құрсақ теміреткісі қарапайым теміреткіден айырмашылығы біржақтылығы. Қарапайым теміреткіден құрсау теміреткісінің ерекшелігі нерв сегменттері бойында бір тізбекті біріккен герпетикалық күлбіреуіктердің болуы.
Асқынуы: Процесстің көз аймағында (herpes zoster ophthalmicus) орналасуы өте қауіпті, себебі кейде мүйізгекті қабықтың ойық жаралануына және панофтальмияға алып келу мүмкін. Келесі ауыр асқынуларына үштік нервтің немесе бет нервінің салдануы, есту қабілетінің төмендеуі жатады. Дерт менингит, энцефалитпен (herpes zoster meningiticum) асқынуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет