Қбб институты «Психология және дефектология» кафедрасы



бет5/6
Дата22.04.2020
өлшемі79,5 Kb.
#63933
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
kur -m zhumbaevtyn-pedagogika-psihologijaly-kozqarasy-16
kur -m zhumbaevtyn-pedagogika-psihologijaly-kozqarasy-16
Қорытынды
Осыдан тұп-тура 80 жыл бұрын 19 жасында «Шолпан» атты тұңғышөлеңдер жинағы жарық көрген қазақтың ХХ ғасырдағы дүлдүл ақыны Мағжан Жұмабаевтың шын мәніндегі ұлттық педагогика ғылымының іргетасы болып табылатын «Педагогика» кітабының дүниеге келгеніне тұп-тура 70 жыл болды. Оның 1923ж. Ташкент қаласында «Түркістан. Басмасөз махкамасы» араб әрпінде шығарған 2-басылымнан қазіргі жазуымызға қотарылып, қалың оқырман назарына ұсынылып отырған бұл – 3-басылымы өзінің ұлы авторының туғанына 100 жыл толуымен тұспа-тұс қайта жарық көргелі отыр.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді халқымыз. Өмірдің жалғасы жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой бұл.

Кітіп ұрпақты жаны да, дені де сау, құлықты да парасатты, білімді де инабатты, ана тілінің уызына жарып, ұлтының рухымен қанаттанған халық перзенті етіп өсіруге арналған. Кітапқа иманың – компартияның идеологиясы болсын, оның жолында ештеңеден тартынба: әке-шешең, ұлтың-ұлысың, дінің, тілің болса да таптап от дейтін таптың насихаттың салқыны тимеген. Демек, мұның мектебіміз бен педагогикамызды (психологиямызды да) ұлттық болмысымыз бен болашақ үрдісімізге сай жаңартуымызға тигізер игі ықпалы орасан.

Туған халқының егеменді ел болып, дүниежүзілік өркениет жолына түсуі үшін «Жарты жаңқасы» қалғанша жан кешті еңбек еткен өзінің ардагер замандастары сияқты, Мағжан да елінің ертеңі жас ұрпақтың қалай өсіп, тәрбиеленуіне тікелей байланысты деп қарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет