Қбб институты «Психология және дефектология» кафедрасы



бет1/6
Дата22.04.2020
өлшемі79,5 Kb.
#63933
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
kur -m zhumbaevtyn-pedagogika-psihologijaly-kozqarasy-16


Ф.4.7-006-01
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

ҚББ институты
«Психология және дефектология» кафедрасы
«Психология тарихы» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: М.Жұмбаевтың педагогика-психологиялы көзқарасы

Орындаған: Ахметова Ж.

Тобы: ЗФК – 04 – 3к1

Қабылдаған: Ахметова А.К.


Шымкент 2009

МАЗМҰНЫ





І. Кіріспе ................................................................................................

3













ІІ. Негізгі бөлім







1. М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі .......................................

5




2. Педагогикалық және психологиялық көзқарастары .....................

6




3. «Педагогика» еңбегінің құндылығы ...............................................

13













ІІІ. Қорытынды ...................................................................................

15




Пайдаланылған әдебиеттер ...............................................................

16












Кіріспе
Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский облысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Молодежный совхозы) дүниеге келген.

Ол 4 жасында ауыл мұғалімінен оқып, хат танып, сауат ашады. 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) Мұқаметжан Бегалиев ашқан медресеге оқуға түседі. Бұл медресені 1910 жылы үздік оқып бітіріп, Урадағы «Ғалия» медресесіне оқуға түсіп, башқұрт жазушысы Сәйфи Құдаш, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимов, жерлесі, көрнекті қазақ жазушысы Бейімбет Майлинмен бірге оқиды.

Мағжан 1912 жылы Омбы қаласына келіп мұғалімдер семинариясына түсіп оқиды. Семинарияда ол ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады. Осы жылы ақын өзінің «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағын Қазан қаласынан бастырып шығарды. 1912-1915 жылдары Омбыда семинарияда оқып жүрген кезде «Қазақ» газетінің ректоры, белгілі тюрколы, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновпен танысады. Шығыс, Батыс мәдениетінің білгірі, дарын иесі жазушы Міржақып Дулатовтан дәріс алады.

М.Жұмабаев 1917-1918 жылдары қазақ даласында Алаш партиясын құрады. Ал Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ақмолада шығатын губерниялық «Бостандық туы» газетінде қызмет істейді. 1920-1923 жылдары Мағжан Ташкент қаласында шығатын «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет етіп, көптеген өлең-поэмалар жазады.

1923-1927 Мағжан Мәскеудегі Жоғары әдебиет-көркем өнер институтында оқиды. Бұл жылдары ол орыс, батыс әдебиеттерін терең зерттеп, көрнекті ақын-жазушы, мәдениет қайраткерлерімен достық қарым-қатынаста болды. 1929 жылы М.Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен 10 жылға сотталды. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен ақтолып, 1937 жылы ол қайта тұтқынға алынды. Ақыры 1938 жылы ақынның ғұмыры мәңгілікке үзіледі.

Ол 1922 жылы тұңғыш «Педагогика» атты оқулық жазып, бала тәрбиесінің проблемаларымен айналысушы мұғалімдер қауымына үлкен көмек көрсетті. Сонымен бірге педагогика, психология ғылымдарының қазақ тіліндегі терминдерін жасауға белсене ат салысады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет