«Соғыс психологиясы» - атақты қолбасшы Б.Момышұлының әскери қайраткер ретіндегі ұрпаққа ұлағат етіп қалдырған әскери-теориялық және рухани ұлағаттық еңбегі
«Соғыс психологиясы» - атақты қолбасшы Б.Момышұлының әскери қайраткер ретіндегі ұрпаққа ұлағат етіп қалдырған әскери-теориялық және рухани ұлағаттық еңбегі.
Оның әскери тактикалық, жеке құрамды тәрбиелеу және оқыту, командалық кадрларды дайындау саласындағы зерттеулері терең кешенді талдау және әскери іс-тәжірибесінде кең түрде қолдануды талап етеді. Халық батыры өзінің әскери-теориялық көзкарастарын осы «Соғыс психологиясы» атты еңбегінде жан-жақтылы талдаған. Бұл - батырдың 1944 жылы, демалысқа келгенде, КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімінде, Алматыдағы ғалымдар Үйінде, Қазақ ҒА төрағасы академиясы Қ.И.Сәтбаев, академик-жазушы М.О.Әуезов бастатқан қазақ ғылымы, әдебиеті мен өнер өкілдері алдында оқыған дәрістері мен әңгімелерінің хроникалық жинақ-кітабы. Онда Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі бай әскери тәжірибеге баса мән берілген, көпшілігі бүтінгі таңда әлі де өзінің мәнін жоймаған кейбір әскери өнер мәселелері қарапайым және түсінікті тілде баяндалады. Тыңдаушылар соғыс қаһарманының баяндауынан Ұлы Отан тарихынан көптеген эпизоттарға, нақтылы И.В. Панфилов атындағы 8- гвардиялық дивизияның қан майдандағы ерлігі жайлы деректерге қанық болады. Бұл оқиғалар, панфиловшылардың қаһармандыққа толы өнегелері, ол кезде де, қазір де маңызды.
Лекцияның мақсаты, автордың айтуынша, майданда қаза тапқан, қасірет көрген, ер де турашыл, соғыс алапатының барлық жойқын ауыртпалықтарын мойнымен көтеріп жүрген қарапайым соғыс сарбаздарының ерліктерін қағазда қалдыру, әділет жолында олардың рухының алдында тағзым ету. Кітапта автор оперативтік соғыс өнері және тактикасының рөлі мен орны, ұрыстың қорғаныс және шабуыл ерекшеліктері, әскери айла қолдану, әскери тәртіп, патриоттық тәрбие, сарбаздар мен офицерлерді оқытып- үйрету мәселелері зерделенеді. «Соғыс психологиясы» соғыста корғаныс және шабуыл кезінде қолданған тактикалық тәсілдері, «Бауыржан спиралі» Қазақстанда және Куба, Никарагуа, Израиль, Польша, Венгрия, Чехия мен Славакия сияқты бірқатар шетелдердің әскери оқу орында тактика пәнінің оқулық, жас сарбаздармен жұмыс жүргізуде тәрбие құралы есебінде пайдаланылады. Израиль әскери училищеде «Соғыс психологиясы» әскери-теориялық мұра ретінде арнайы пән бар, офицер лауазымын алардан бұрын курсанттар сол пән бойынша сынақ және емтихан тапсырады. «Соғыс психологиясы» жастарға арналған. Соғыс куәгерінің әңгімесі патриоттық pyx, қайтпас жігер, табандылық пен ерлік, аға ұрпақтың батырлық өнегесіне тәрбиелейді, соның лайықты жалғастырушысы болып, қасиетті әскери дәстүрді арттыра түсуге жетелейді.[