Ббцт тапсырді: Жұмахан Бекзат



бет3/5
Дата08.03.2022
өлшемі1,05 Mb.
#134623
1   2   3   4   5
Байланысты:
ББЦТ-Бекзат
экз вопросы Кровь (1), 2. К гірт т сті – карбогемоглобин Та урай т сті немесе ызыл к

Әскери психология — әртүрлі әскери іс-әрекеттердің психологиялық мәселелерін, оның әлеуметтік тарихи жағдайларға сәйкес даму деңгейлерін, жауынтерлердің жеке басының даярлығын, әскери ұжымдардың жауынгерлік қабілетін, саяси қырағылығы мен әзірліктерін зерттейтін психология ғылымының арнаулы саласы. Кеңес үкіметі тұсында әскери психология Кеңестік армия құрылуымен қатар пайда болып, мемлекеттің қарулы күиггерін және Отан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дамып келді. Әскери психологияның ғылыми астары оның теориясы мсн практикасын жетілдіру, әскери қызметтегілерді оқыту, тәрбиелеу, оларға ақыл-кеңес беріп, солдаттардың жауынгерлік рухын көтерудің психологиялық аспектілерін зерттеуге арналады. Әскери психологияның негізгі мәселелері: әлеумет, еңбек, инженерлік және педагогикалық психологиямен байланысты. Әскери психология: әскери-әлеуметтік, әскери-авиациялық, әскери-теңіз психологиясы салаларына бөлінеді. Бұл салалар ерекше жағдайлардағы (экстремалдық) әскери құрамалардың тыныс-тіршілігінде туындап отыратын құбылыстар мен зандылықтарды зерттейді. Әскери психология дербес ғылым ретінде бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында дүниеге келді. Онда ірі әскери құрамаларға басшылық ету, ұрыс даласында жеңісті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан жағдайында әскери қызметтің сан саласында әскери психологияның іргесін қалаушы Бауыржан Момышұлы болды. Ол қазақ, орыс тілдерінде "Соғыс психологиясы" еңбегін жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет